Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет150/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Сүліктердің денесінің алдыңғы сегменттері аралығында белдеуше 
аймағы болады (медициналық сүлікте 9-10-сегментінде). Белдеушенің 
сілекей тері бездері ісініп шырышты пілләні шығарып тұрады. Медициналық 
сүліктің ұзындығы 2 см-ге дейін жететін пілләнің ішінде 20-ға жуық 
жұмыртқалары болады. Пілләлар су түбінде немесе су жағалауларында 
кездеседі. Helobdella stagnalis, Pratoclepsis tessellata-ның пілләсі құрсағына 
жабысқан.
Жұмыртқаларының бөлшектенуі олигохеттердікіне өте ұқсас 
спиральды детерминативті жолмен өтеді. Ұрықтарының даму сатысында 
кірпікшелерінің, целом қуысының болуы байқалады, кейін олар жойылып 
кетеді. Ересек формасының қалыптасуына D бластомераның ұрпағы 
маңызды қызмет атқарады. Осылардың 5 жұп ірі телобласт клеткаларынан 10 
ұзын алқап клеткалары шығады кейін екеуінен мезодермальдық алқап, 
екеуінен құрсақ нерв тізбегі, қалған алтауынан эктодерма қабаты пайда 
болады.
Жалпы құрылысымен сүліктер азқылтанды құрттарға ұқсас. Екеуінде 
де тұқым бездері тұқым қапшығының ішінде орналасады, жұмыртқаларын 
пілләнін ішіне салады, дамуы личинкасыз. Ерекшелігі: жұмыртқаның 
ұрықтануы олигохеттерде сырттай (пілләнін ішінде), ал сүліктерде іштей 
өтеді.
Классификациясы. Сүліктер класы екі класс тармағына бөлінеді: 
ежелгі немесе ертедегі сүліктер - Archihirudinea және нағыз сүліктер - 
Euhirudinea.
ЕЖЕЛГІ СҮЛІКТЕР КЛАСС ТАРМАҒЫ - ARCHIHIRUDINEA
Денесінің алдыңғы сегменттерінде қылтандары бар. Целом метамерлі 
бөлшектерге бөлінген, қан айналу жүйесінің қан тамырлары жақсы жетілген. 
Бұған бір отряд жатады - қылтанды сүліктер - Acanthobdellida.
Қылтанды сүліктер отряды - Acanthobdellida
Албырт (лосось) балықтарының сыртқы паразиттері, солтүстік өлке 
көлдерінде, Сібір және Камчаткада кездеседі. Бір ғана тұқымдасы 
(Acanthobdellidae) бар. Денесі 30 сегментті, ұзындығы 30 мм, жуандығы 3 мм. 
Негізгі түрлері: Acanthobdella peledina және Acanthobdella livanovi.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет