Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


Жақты сүліктер отряды - Gnathobdellida



Pdf көрінісі
бет152/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

Жақты сүліктер отряды - Gnathobdellida
Ауыз қуысындағы үш хитинді тістері арқылы тісті ара сияқты жақты 
құрайды. Еркін тіршілік ететін және паразитті формалар. Негізгі 
тұқымдастары: Gnathobdellidae, Heфobdellidae.
Жақты сүліктер (Gnathobdellidae) тұқымдасының негізгі өкілі 
медициналық сүлік - Hirudo medicinalis. Қоғалы көлдерде, өзен 
қайырларында, тоспаларда, ағын суларда, Сырдария бойларында, Кавказ 
суларында өте көп. Ұзындығы 120-150 мм, алдыңғы және артқы сорғыштары 
жақсы жетілген (98, А-сурет). 
Омыртқалы жануарлардың
қанымен 
қоректенеді.
Медицинада кейбір ауруды сүлік салып емдеу әдісі ертеден бар. Мұны 
бделлотерапия дейді. Сүліктің 15-ке жуық түрі емге пайдаланылады.
Медициналық сүлікгі гипертония, склероз, инсульт, көз, тері 


ауруларын емдеуге қолданады. Сүліктің гирудин затынан дәрі-дәрмек 
жасайды.
Адамға және малға қауіпті сүліктердің бірі - жылқы сүлігі (Limnatis 
nilotica). Ол сумен бірге жұтылып жұтқыншаққа, кеңірдекке жабысып
қанның тоқталмай ағуына себепкер болады. Ашхабадта, Самарқандыда, 
Бұқарада кездеседі.
Қан сормайтын сүліктердің ішінде жалған жылқы сүлігі - (Haemopis 
sanguisuga) барлық тұщы суларда кең тараған. Олар моллюскалармен
құрттармен, насекомдардың личинкаларымен қоректенетін жыртқыштар.
Haemadispa туысының өкілдері құрлықта тіршілік етіп, адамның және 
сүтқоректілердің қанын сорады.
Жұтқыншакты сүліктер (Herpobdellidae) тұқымдасының өкілдері 
жыртқыштар - ұсақ құрттармен, насекомдардың личинкаларымен 
қоректенеді. Үлкен, ұшқырлы жұтқыншағы болады. Артқы сорғышы 
дамымаған. Тұщы суларда жиі кездеседі. Қара теңіз, Каспий жағалауларында 
да мекендейді.
Буылтық құрттар (Annelida) типіне қосымша кластар 
ЭХИУРИДГЕР КЛАСЫ - ECHIURIDA
Теңіздерде су түбін қазып өмір сүретін құрт тәрізді жануарлар. Денесі 
және целом қуысы сегменттерге бөлінбеген, полихеттерге (Polychaeta) тән 
трохофора личинкасы бар. 150 түрі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   148   149   150   151   152   153   154   155   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет