ішекке шығады да, қан арқылы өзінің паразиттік тіршілік ететін мүшелеріне
жетеді. Сол жерде амебатәрізді ұрықтың екі ядросы қосылып, содан кейін
бөлініп көп ядролы плазмодияға немесе цистаға айналады. Одан қайтадан
генеративті клеткалар түзіліп споралар қалыптасады.
Миксоспоридиялардың барлық ядролары (вегетативті және
генеративті) диплоидты, тек спора қалыптасқан кезде ядроның бөлінуі мейоз
жолымен жүреді, соның нәтижесінде спора түзетін ядролар гаплоидты болып
келеді. Спорадан шыққан екі ядролы, амебатәрізді ұрықтың екі ядросы
қосылып қайтадан диплоидты түрге айналады. Жыныстық процестің
осыңдай түрін автогамия деп атайды. Сөйтіп книдоспоридиялардың барлық
тіршілік кезеңдерінде ядролары диплоидты болып келеді, тек қана спораның
ішіндегі амеба тәрізді ұрықтың екі ядросы гаплоидты. Книдоспоридиялардың
споралылардан ерекшелігі осында.
Миксоспоридиялар балықтарды түрлі ауруларға ұшыратады. Өте
қауіпті Myxobolis және Lentospora туыстарының түрлері. Олар балықтың
"ісік ауруы" және "айналшақ" деген ауруды қоздырушылар.
Достарыңызбен бөлісу: