Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет31/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

20-сурет. Инфузория туфелька - Paramaecium caudatum: 1 - кірпікшелер, 2 - ас қорыту 
вакуолі, 3 - микронуклеус, 4 - ауыз тесігі, 5 - жұтқыншақ (цитофаринкс), 6 - қылаулатқыш, 
7 - жиырылғыш вакуолі, 8 - макронуклеус, 9 - трихоцисталар
перистомы болады. Перистомның түп жағында ауыз тесігі - немесе цитостом 
орналасқан, ол "жұтқыншақка - цитофаринкске жалғасады. Жұтқыншақ 
цитоплазмаға ашылады. Инфузориялар ұсақ организмдермен қоректенеді 
(бактериялармен, көк-жасыл балдырлармен, ұсақ қарапайымдылармен).
Перистом айналасындағы кірпікшелердің қозғалуы нәтижесінде 
қоректік заттар сумен бірге ауыз тесігіне және жұтқыншаққа түсіп жатады. 
Жұтқыншақтың түбінде ас қорыту вакуольдері қоректік затқа толып, 
цитоплазмаға ауысады. Ас қорыту вакуольдері дененің ас қорыту циклозы 
(айналымы) жолымен қозғалады, ферменттер арқылы асты қорытып
плазмаға өткізіп тұрады. Сіңбеген қалдықтарды арнайы тесігі арқылы 
(қылаулатқыш) шығарып тастайды. Ac қорыту вакуольдердің құрылуы 
сыртқы температураға байланысты. Қоршаған ортасы неғұрлым жылы болса 
вакуольдің түзілуі де тез болады, инфузорияның қоректенуі де жиілейді.
Барлық инфузориялардың жиырылғыш вакуольдері эктоплазма және 
эндоплазманың арасында орналасқан. Олардың қызметі амеба мен 
талшықтылардың жиырылғыш вакуольдері сияқты үнемі жиырылып, осмос 
қысымын реттейді, зәр шығарады және тыныс алады. Бірақ инфузория 
вакуольдерінің құрылысы күрделі. Оларды вакуольдің өзі немесе орталық 
резервуар және оны қоршап жатқан жұлдыз тәрізді қосымша вакуольдер 
құрайды. Орталық резервуар қосымша вакуольдермен түтіктер арқылы және 
қоршаған ортамен арнайы зәр шығаратын тесік арқылы жалғасады.
Цитоплазмадағы артық сұйық заттар қосымша вакуольдеріне жиналып, 
түтікшелер арқылы орталық вакуольге немесе резервуарға құйылады. 
Резервуар жиырылып сұйықтарды арнайы тесікпен сыртқа шығарады. 
Туфельканың алдыңғы және артқы жағындағы орналасқан вакуольдері 
кезектесіп жиырылады.
Цитоплазмада екі ядро орналасқан. Үлкен - макронуклеус және кіші - 
микронуклеус. Макронуклеус хроматинге бай, үрме бұршақ дәні тәрізді, 
көбеюден басқа денедегі барлық қызметті реттейді, сондықтан да 
макронуклеус вегетативті ядро деп аталады. Макронуклеустің ойыс жағында 
кішкене микронуклеус орналасқан, ол тек қана көбею қызметін атқарады, 
сондықтан ол - генеративті ядро. Парамеция барлық инфузориялар сияқты 
жыныссыз жолмен көлденең бөлініп, көбейеді.


Жыныссыз жолмен бірнеше рет бөлінген инфузория, енді жынысты 
жолмен көбеюге көшеді. Жынысты көбею жолы конъюгация деп аталады. 
Коньюгацияның копуляциядан айырмашылығы - екі ядроның қосылуы.
Конъюгация кезеңі екі инфузорияның бауыр жағымен бірігуінен 
басталады. Бүлардың пелликулалары аздап ісінеді, сондықтан инфузориялар 
бір-біріне тығыз жанасып тұрады. Бұндай инфузорияларды коньюганттар деп 
атайды (21-сурет). Пелликулаларының жанасқан жері еріп, сол жерде 
цитоплазмалық көпіршік пайда болады. Макронуклеус ядролары да еріп 
кетеді. Инфузорияның екеуінің де микронуклеусі екі рет бөлінеді, сөйтіп 
әрқайсысында төрт ядро пайда болады. Олардың үшеуі еріп кетеді, ал қалған 
төртінші ядро тағы да 2-ге бөлінеді - біреуі үлкен, екіншісі кішкентай. 
Бұларды пронуклеус деп атайды. Үлкен пронуклеус аналық ядро, 
жылжымайтын стационарлық, ядро, кіші пронуклеус қозғалуға қабілетті, 
кезбе - аталық жыныс ядро. Бұдан кейін екі ифузорияның аталық, кезбе 
ядролары цитоплазмалық, көпіршік арқылы бір-бірімен алмасады, сөйтіп


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет