Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет30/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

19-сурет. Микроспоридия: А - спораның құрылысы; Б - ішектің ішіндегі шизонттар және 
споралар; 1 - ядро, 2 - жіпше
КІРПІКШЕЛІЛЕР НЕМЕСЕ ИНФУЗОРИЯЛАР ТИПІ - CILIOPHORA
Бұл типке көп ұсақ кірпікшелері бар қарапайым жәндіктер жатады, 
7000-нан астам түрі белгілі. Бұлардың ерекшелігі - денесінде екі түрлі 
ядросының болуы - үлкен вегетативті ядро макронуклеус және кішкене 
генеративті - микронуклеус.
Инфузориялар типі екі класқа бөлінеді. Кірпікшелі инфузориялар - 
Ciliata және сорғыш инфузориялар - Suctoria. Кірпікшелі инфузориялардың 
кірпікшелері тіршілік циклының барлық кезендерінде болады, ал сорғыш 
инфузориялардың даму циклының алғашқы кезеңінде ғана кірпікшелері 
болады да, содан кейін жойылады.
КІРПІКШЕЛІ ИНФУЗОРИЯЛАР КЛАСЫ - CILIATA
Кірпікшелі инфузориялар тұщы суларда, теңіздерде, планктонды, су 
түбінде, су өсімдіктерінде немесе теңіз жағасындағы құмның арасында 
(псаммофильді түрлері) тіршілік етеді.
Паразит инфузориялар да кездеседі. Денелерінің ұзындығы 30 - 40 
мкм-нан 1 мм-ге дейін.
Кірпікшелі инфузориялардың денесін (өмір бойы) кірпікшелер қаптап 
тұрады. Кірпікшенің құрылысы талшықтың құрылысына өте ұқсас. 
Кірпікшенің ортасында қалың орталық 2 фибрилла, ал қалған 9 фибриллалар 
екеуінің айналасында орналасқан.
Фибрилдер кинетосомаға жалғасады. Кірпікшелілер жыныссыз және 
жынысты - конъюгация жолымен көбейеді.
Инфузориялардың көп таралған белгілі түрлерінің біреуі - инфузория 
туфелька немесе парамеция - Paramaecium caudatum (20-сурет). Ұзынша 
сопақтау болып келген, тұщы суларда өздігімен қозғалып жүретін күрделі 
құрылысты қарапайым жәндік.
Денесін кірпікшелер біртегіс жауып тұрады, тек артқы жағында 
кірпікшелері ұзындау болады. Кірпікшелері қозғалу қызметімен бірге асты 
ауыз тесігіне жеткізу қызметін де атқарады.
Ауыз ойықтың айналасында толқын тәрізді әрдайым қозғалып тұратын 
мембранелла орналасқан. Цитоплазмасы эктоплазма және эндоплазмаға 
бөлінген. Эктоплазма қабаты сыртынан мықты майысқақ пелликуламен 
қапталынған. Пелликула екі сыртқы және екі ішкі мембранадан құралған. 


Пелликуланың сыртын алты бұрышты, қатар орналасқан құрылым жауып 
тұрады, соған байланысты парамеция денесінің пішіні өзгермейтін тұрақты 
болып келеді.
Пелликуланын, астында бір-бірімен ұштасып жатқан фибрилл торы 
болады - олар тірек қызметін атқарады. Эктоплазма қабатында қорғаныш 
қызметін атқаратын қысқа таяқшалар - трихоцисталар орналасқан. Олар 
тітіркенген кезде ұзын, серпінді жіпше түрінде сыртқа атылады.
Инфузория денесінің алдыңғы жағында ауыз ойығы немесе


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет