Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал


ПОЛИХИМЕНОФОРА ОТРЯД ҮСТІ - POLYHYMENOPHORA



Pdf көрінісі
бет35/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

ПОЛИХИМЕНОФОРА ОТРЯД ҮСТІ - POLYHYMENOPHORA
Инфузориялардың денесін кірпікшелер қаптаған және ауыз 
айналасында спираль түрінде дөңгеленген, оңға қарай бірнеше қатар бұралып 
жатққан мембранеллалары бар. Бұларға көптеген отрядтар жатады, солардың 
ішінен үшеуін қарастырамыз:
Әр түрлі кірпікшелілер отряды - Heterotricha
Тұщы суларда кең тараған, ірі инфузориялар. Ауыз айналасындағы 
мембранеллалары ірі кірпікшелерден құралған, ал дененің қалған бетін майда 
біркелкі кірпікшелер жапқан. Негізгі өкілдері - Stentor polymorphus, 
Spirostomum ambiguum, Bursaoria truncatella, Balantidium coli.
Stentor polymorphus-тың ұзындығы 1-2 мм, воронка тәрізді, су түбінде 
бекініп тіршілік етеді.
Spirostomum ambiguum-ның ұзындығы 2 мм-ге дейін жетеді, денесі 
ұзын, соған сәйкес ұзынша келген макронуклеус және бірнеше майда 
микронуклеустер болады. Жиырылғыш вакуолі дененің артқы жағында 
орналасқан.
Balantidium coli - адамның тоқішегінде тіршілік ететін өте қауіпті 
паразит. Ұзындығы 50-80 мкм, жалпақтығы 40-60 мкм. Балантидия циста 
күйінде ішектен сыртқа шығады. Цистаны жұту арқылы адам балантидиоз 
деген ауруға шалдығады.
Бауыр кірпікшелілер отряды - Hypotricha
Тұщы суларда және теңіздерде кең тараған. Негізгі өкілінің стилонихия 
- Stylonichia mytilus-тың кірпікшелері көп жағдайда қылтандарға және 
цирраларға айналған. Цирра тобы бауыр жағында орналасқан, осылар 
арқылы инфузория судың түбінде жылжып жүреді. Мембранеллалары 
денесінің алдыңғы және бауыр жағында орналасқан (24-сурет).
24-сурет. Бауыр кірпікшелілер (Hypotricha): A - Stylonichia mytilus - бауыр жағынан; Б - 
сол түрі бүйір жағынан; 1 - алдыңғы цирралар, 2 - ауыз мембранелла, 3 - перистом, 4 - арт-
қы цирралар, 5 - ас қорыту вакуолі, 6 - макронуклеус, 7 - микронуклеус, 8 - арқа 
қылтандары, 9 - жиырылғыш вакуолі
Аз кірпікшелілер отряды - Oligotricha


Тұщы суларда және теңіздерде кең тараған. Денесінде кірпікшелері 
жоғалған, тек ауыз айналасында оң жаққа бұралған мембранелласы бар. 
Тинтиноидтер - Tintinnoidae тұқымдастарының денесі жұқа қоймалжың 
қабыршақтың ішінде орналасқан, өкілдері теңіздерде планктон қабатында 
қалқып жүзіп жүреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет