клеткалардан - склеробластардан дамиды.
Спикула дамыған кезінде
склеробластың цитоплазмасында кішкене дән пайда болып, ол өсе келе
ұзарып (склеробласт клеткасыда ұзарып),
өсу деңгейіне жеткеннен кейін,
клетка жойылып, спикула (ине) мезоглеяда бос орналасады. Спикулалар бір
осьті, үш, төрт және көп осьті болып келеді (28-сурет). Бір осьті спикула - тік
немесе иілген таяқша тәрізді, үш осъті - үш сттикула тік бұрыш жасап бір
нүктеде қосылуынан пайда болады. Төрт осьті - төрт спикулалар бір-бірімен
қиылысып, екі көрші спикуланың арасындағы бұрышы 120° болады. Көп
осьті - шар немесе майда жұлдызшалар тәрізді. Спикулалар бір-біріне
байланыссыз
орналасып немесе өзара бірігіп, тіркесіп тор тәрізді немесе
бірыңғай қаңқаны құрады.
Органикалық
қаңқа ұсақ қаңқа түзуші
клеткалардан -
спонгиобластардан дамиды. Бұлар минералды қаңкаға қарағанда басқаша
түзіледі. Қаңқаның өсуші талшығын спонгиобласт
клеткалары сырттай
қоршап, қаптама жасайды да, қаңқаның мүйізді талшықтары бірыңғай
клеткаларының ішінде емес, клеткалардың аралығында түзіледі (30-сурет).
Мүйізді немесе спонгинді
органикалық каңқа тор тәрізді, сарғыш түсті,
химиялық құрамы жағынан жібек жібіне ұқсас, құрамында йодтың болуы
спонгинге тән қасиет. Қаңқаның құрамы
мен құрылым ерекшеліктері -
губканың негізгі систематикалық белгілері болып табылады.
30-сурет. Спонгинді каңқа А - спонгин қаңқасын құрастырушы спонгиобласт
клеткалары; Б - бос жатқан спонгин жіпшесі; В - спонгин қаңқасының бір бөлігі
Достарыңызбен бөлісу: