Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет41/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

26-сурет. Трихоплакс: A - Trichoplax adhaerens. Дене пішінінің әрбір 10 минуттан кейінгі 
өзгерістерінің көрінісі; Б - Trichoplax sp. Денесінің көлденең кесіндісі; В - 
жұмыртқасының бөлшектенуі; 1 - арқа эпителиі, 2 - құрсақ эпителиі, 3 - аралық 
қабатының мезенхима клеткалары, 4 - мезенхима клеткасының ас қорыту вакуолі, 5 - 
жылтыр шар
Төменгі "құрсақ" қабаты бір-біріне тығыз жанасқан талшығы бар, 
цилиндр, колба тәрізді биік клеткапардан құралған. Талшықтарының бір 
бағытта қозғалуы нәтижесінде трихоплакс субстратта сырғып жылжиды.
"Арқа" және "құрсақ" қабаттарының аралығында амеба тәрізді және 
ұршық тәрізді клеткалар орналасқан. Үршық тәрізді клеткалардың өсінділері 
бір-бірімен және арқа, құрсақ клеткаларымен ұштасып байланысады. Осы 
клеткалардың жиырылуы нәтижесінде трихоплакс дене формасын өзгертіп 
жылжиды.
Трихоплакстың қоректенуі фагоцитоз және қорегін денеден тыс қорыту 
жолымен өтеді. Бұған аралық қуыстағы амеба тәрізді және құрсақ эпителий 


клеткалары қатысады. Олар тұрақсыз дифференциацияланған және біріне-
бірі оңай айнала алады. Мысалы, құрсақ эпителий клеткалары қоректі қармап 
алып, талшығын жойып, ішке қарай еніп амеба тәрізді клеткаларға айналады. 
Фагоцитоз әдісінен басқа трихоплакс қоректік бөлшектер жинағын (бір 
клеткалы балдырлар, қарапайымдылар) денесімен орап алып, құрсақ 
эпителий қабатының арнайы без клеткалары ас қорыту сөлдерін шығарып
клеткадан тыс асты қорытып сіңіреді.
Трихоплакс жыныссыз және жынысты жолмен көбейеді. Жыныссыз 
көбеюі денесінің екіге бөлінуі немесе бүршіктену арқылы өтеді. Бүршіктер 
эллипс пішіндес, денеден үзіліп талшықтары арқылы жылжып кеңістікке 
таралады, бұларды кезеген бүршіктер деп атайды.
Жынысты көбею кезінде құрсақ эпителий клеткасы өсіп, ішкі аралық 
қуысына еніп, сарыуызға бай гоноцит немесе ооцит деген жұмыртқа 
клеткасына айналады. Сперматозоидтары анықталмаған.
Грельдің (1974) зерттеуі нәтижесінде трихоплакстың аралық қуысында 
айырықша s-клеткалары табылған, бұларды аталық гаметалар бояуы мүмкін 
деп жорамалдаған.
Жұмыртқаның бөлшектенуі толық және бірқалыпты сипатта жүреді де, 
бластомерлер көлемі жағынан бір-бірімен шамалас болады (26,В-сурет). 
Трихоплакстың эмбриондык кезеңі толық зерттелмеген.
Трихоплакстар ертеден қалған көне дәуірге тән жәндіктер. Дене 
құрылысы жағынан И. И. Мечниковтың фагоцителласына өте жақын
сондықтан такталылар (Placozoa) типінің тегі "фагоцителла" деп айтуға 
болады. Белгілі зоолог А. В. Иванов (1968) көп клеткалы жануарлардың 
шығу тегі жөнінде И. И. Мечниковтың "фагоцителла" концепциясын 
мойындау керек деген пікір айтты. Трихоплакстың ашылуы И. И. 
Мечниковтың "фагоцителла" теориясына дәлел бола алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет