бірігіп бойлай созылып орналасады, олар жиырылғанда гидраның денесі
тартылып қысқарады. Ал клеткалардың негізгі цилиндрлік бөлігі бір қабатты
жабынды эпителиді құрайды. Сонымен эпителиальды-бұлшықет (мускул)
клеткалары жабынды эпителидің және жиырылу қызметін атқарады.
Эпителиальды-бұлшықет клеткалардың арасында ұсақ аралық немесе
интерстициальды клеткалар орналасқан, олардан жыныс және атқыш
клеткалар пайда болады.
Атқыш немесе қалақай клеткалары алмұрт тәрізді,
ішінде қатты
қабықты сопақша атпа капсуласы орналасқан. Капсула улы затқа толы және
оның ішінде қабықшасының өзгеруінен пайда болған, іші қуыс спираль
тәрізді оралған жіпше жатады. Атқыш клетканың сыртында қылтанақ тәрізді
- книдоциль деп аталатын сезгіш талшығы болады, оны ұсақ түктер айнала
қоршаған. Егер сезгіш талшыққа бір организм тиіп кетсе, онда ол ауыткып,
клетканы коздырады да, капсула ішіндегі спираль тәрізді жіпше атылып
денеге шаншылады. Жіпшемен бірге капсуланың ішіндегі күйдіргіш немесе
улы сұйық затта қоса бүркіледі.
Құрылысы мен атқаратын қызметіне байланысты капсуланың бірнеше
түрі кездеседі. Пенетранттар - капсуласы ірі,
атқыш жіпшесін жауының
немесе қорегінің денесіне сұғып жіберіп, улы заттарымен оны
жансыздандырады. Вольвенттер - капсуласы ұсақ, атқыш жіпшесі қысқалау,
қорегін жіпшемен шырмап алады. Глютинанттар - капсуласы созылыңқы,
атқыш жіпшесі ұзын, жабысқак, өз қорегіне кілегейленіп қалады. Осындай
құрылысты атқыш клеткалар қорғаныс және қорегін аулау қызметін
атқарады. Атқыш клеткалар көбінесе қармалауыштарда және ауыз тесігінің
айналасында шоғырланып орналасады.
Жыныс клеткалары
аралық (интерстициальды) клеткалардан
қалыптасып, аталық клеткалары -
сперматозоидтары ауыз полюсіне, ал
аналық - жұмыртқалары табанына жақын орналасады. Гидралар дара және
кос (гермафродиттер) жыныстылар.
Гидраның эпителиальды - бұлшықет клеткаларының астында жұлдыз
пішінді нерв клеткалары (нейрондар) жатады. Олар өздерінің тармақ ұштары
арқылы бір-бірімен сабақтасып нерв торын түзеді. Осындай құрылысты
жүйені диффузия типті нерв жүйесі деп атайды. Гидраларда екі нерв
шоғырын байқауға болады, олар ауыз аймағында және табанында. Гидраны
тітіркендірсе денесі түгелімен жиырылады.
Гидраның энтодерма клеткалары ауыз шетінен бастап гастральды
қуысын түгел іштей астарлап жатады. Энтодерманың негізін үш түрлі
клеткалар түзейді, олар эпителиальды-бұлшықет, талшықты және без
клеткалары. Эпителиальды-бұлшықет клеткаларының құрылысы эктодерма
қабатындағы эпителиальды-бүлшықет
клеткаларына ұқсас, тек олардың
жиырылғыш өскіншелері сақина тәрізді көлденең орналасқан, олар
жиырылғанда гидраның денесі жіңішкеріп созылады. Эпителиальды-
бұлшықет клеткаларының призмалық немесе цилиндрлік бөлігі гастральды
қуысына бағытталып, жалған аяқтарының немесе 2-3 талшығының
жәрдемімен гастраль қуысына түскен ұсақ жәндіктерді ұстап,
клетканың
ішінде қорытады.
Гастральдық қуысқа түскен ірі қоректер (дафния, циклоп, балықтардың
шабағы) энтодерманың безді клеткаларынан бөлініп шыққан ас қорыту
сөлдерінің әсерімен қорытылып, қорытылмаған қалдықтар ауыз тесігі
арқылы сыртқа шығарылып отырады. Сонымен гидраның ас қорытуы клетка
ішілік және клеткадан тыс немесе қуыс ішілік болып келеді. Осыған
байланысты гидраның ішкі қуысы гастраль немесе ішек қуысы деп аталады.
Эктодерма және энтодерма қабатында орналасқан эпителиальды-
бұлшықет өскіншелерінің жиырылуына байланысты гидра бір қалыпты
қадам басу немесе тоңқалаң асу жолымен қозғалады.
Губкаларда сияқты, гидраларда да регенерациялық қабілеттілігі күшті
дамыған.
Достарыңызбен бөлісу: