теңіз апельсині -Tethya; қомақты, ашық түсті пробкалы губкалар - Suberites;
бұрғылаушы губкалар - Cliona.
Кремнилі мүйізді губкалар отряды - Cornacuspongida
Қаңқасы мүйізді спонгин жіпшелерінен, кремнилі, бір осьті инелерінен
(ұсақ - микросклера, ірі - макросклералардан)
немесе екеуінен аралас
түзіледі. Бір осьті кремнилі инелері өзара спонгинмен желімделіп бір буда
немесе тор тәрізді қаңқаны құрайды. Негізінде колониялы формалар, те-
ңіздерде және тұщы суларда тіршілік етеді. Жиі кездесетін түрлері: туалет
губкасы (Spongiidae түқымдасынан), тұщы су губкасы - бадяга (Spongillidae
тұқымдасынан), байкал губкасы (Lubomirskiidae тұқымдасынан).
34-сурет, Шынылы губканың (Euplectella aspergillum) дене қабырғасының кесіндісі: 1 -
сыртқы (дермальды) қабат, 2 - дермальды
синцитиялық қосқыш құрылғы, 3 - талшықты
камералары, 4 - атриальды синцитиялық қосқыш құрылғы, 5 - гастральды мембранасы, 6 -
ірі инелері (макросклера), 7 - ұсақ инелері (микросклера)
Достарыңызбен бөлісу: