Зәр шығару жүйесі жеке жүйе ретінде кірпікшелі құрттарда тұңғыш
рет пайда болған. Ол сыртқа ашылатын екі немесе үш түтіктен құралған.
Үлкен түтіктерден дененің ішіне қарай жіңішке түтікшелерді беретін
көптеген қосымша түтікшелер тарайды. Жүйенің ең шеткі түтікшелерінің бос
ұшы ерекше жұлдыз тәрізді клеткалармен аяқталады. Бұл клеткаларды -
терминальды деп атайды. Мұндай клеткалардың ішкі жағына кірпікшелер
будасы шығады. Кірпікшелер әрқашан жалын алауы тәрізді толқындалып
тұрғандықтан, оны толқынды жалын тәрізді клетка деп те атайды.
Кірпікшелердің үздіксіз жұмыс істеуінің нәтижесінде несеп заттар жіңішке
зәр шығару түтікшелері арқылы сыртқа шығарылады.
Ұштарында жұлдыз тәрізді клеткалары бар тарамдалған түтіктер
түріндегі зәр шығару жүйесі протонефридия деп аталады (53-сурет).
Электрондық микроскоптың
53-сурет. Кірпікшелі құрттардың зәр шығару жүйесі: А - жалпы көрінісі; Б -
протонефридияның бір бөлігі; 1 - үзына бойы орналасқан негізгі зәр шығару түтігі, 2 -
тарамдалған қосымша түтікшелер, 3 - терминальды клетка, 4 - кірпікшелер шоғыры, 5 -
зәр шығару тесігі; В - терминальды клетка; 1 - терминальды клетканың жұлдызды бөлімі,
2 - цитоплазмалық тәжі, 3 - түтік (ішінде толқынды кірпікшелердің шоғыры орналасқан)
көмегімен бұл құрылымдардың ультраструктурасы да анықталды (53,В-
сурет). Клетканың жұлдызды бөлімі түтікке айналған және оның ішінде
толқынды кірпікшелердің шоғыры орналасқан. Түтіктің бастапқы бөлігі
клетканың цитоплазмалық жіңішке байланыстарынан (тәжінен) құралып,
олардың арасындағы жіңішке саңылаулары кілегейлі жұқа қабықпен
тартылған. Протонефрңцияның осы клетка бөлімінде паренхимадан несеп
сұйықтықты сорып алу процесі жүреді. Протонефридиялар - эктодермальды.
Олар организмге қажетсіз зат алмасу өнімдерін шығарумен қатар, осмос
қысымын реттеу қызметін де орындайды. Тұщы су турбелляриялардың
протонефридиясының ерекше жақсы дамуы осымен түсіндіріледі. Олардың
дене клеткалары мен сыртқы ортаның осмос қысымының әр түрлілігінен
жануардың денесіне үздіксіз су кіріп тұрады, ал артық су протонефридиялар
арқылы сыртқа шығарылады.
Теңіз турбелляриінде ерекше зәр шығару мүшесі жоқ, оларда кажетсіз
зат алмасу өнімдерін сыртқа шығару қызметін паренхимадағы қозғалғыш
клеткалар - амебоциттер атқарады.