Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет77/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

Ac қорыту жүйесі алдыңғы және тұйық бітетін ортаңғы ішектен 
тұрады. Ауызы тек қана қоректі жұту емес, сонымен қатар қорытылмаған 
қатты қалдықтарды шығарудың жолы. Турбелляриялар әр түрлі ұсақ 
жәндіктерді қорек ететін жыртқыштар. Ауызы дененің құрсақ бөлігінде 
орналасқан: ол дененің алдыңғы бөліміне жақынырақ, құрсақ бөлімінің 
ортасында немесе артқы бөлімінде орналасуы да мүмкін.
Ауыз қуысы эктодермальды жұтқыншақпен, ал ол ортаңғы ішекпен 
байланысады. Кейбір турбеллярилердің (Tricladida және Polycladida 
отрядтарында) ауыз қуысы жұтқыншаққа емес, сыртқы жамылғыларының 
иілуінен түзілген жұтқыншақтық қалтаға ашылады, ал оның түбінен 
бұлшықетті жұтқыншақ басталады. Ол түтік тәрізді, қоректі алу үшін ауыз 
арқылы сыртқа созылып шыға алады.
Турбеллярия класында энтодермалық ортаңғы ішек әр түрлі 
формаларында әр түрлі құрылған. Ұсақ турбелляриде (Rhabdocoela, 
Macrostomida отрядтарында) ол қапшық немесе бітелген түтік пішіндес. Ірі 
формаларында ішек тарамдалған. Көп тарамдыларда жұтқыншақ қарынға, 
одан дененің жан-жағына тұйық тармақтармен аяқталатын ортаңғы ішекке 
жалғасады (Polycladida отряды). Үш тарамдыларда (Tricladida отряды) 
жұтқыншақтан ішектің бірден үш негізгі тарамдары басталады: біреуі алға
екеуі иіліп артқа қарай бағытталады. Бұл тармақтардың әрбіреуінен тағы да 
бірнеше қатарлы тұйықталған тармақшалар шығады (52, Б-сурет). Аналь 
тесігі болмағандықтан қалдық заттар ауызы арқылы сыртқа шығарылады. 
Ұзындығы бірнеше миллиметрден аспайтын ұсақ турбелляридің борпылдақ 
дәнекер тканьдері арқылы қорытылған ас денеге тарайды. Ішексіз 
турбеллярилерде (Асоеіа отряды) ортаңғы ішегі жоқ. Олардың жұтқыншағы 
паренхималық клеткаларымен ұштасқан (ас қорыту клеткалар тобымен). 


Солардың ішінде ас қорытылып, бойына сіңеді де, қорытылмаған зат ауызы 
арқылы сыртқа шығарылады.
52-сурет. Сүт түсті планарияның (Dendrocoelum lacteum) көлденең кесілген бір бөлшегі 
(А): 1 - эпителий, 2 - сақина тәрізді бұлшықет талшықтары, 3 - қиғаш бұлшықеттер, 4 - 
дорзовентральды бүлшықет талшықтары, 5 - паренхима клеткасы, 6 - рабдиттерді 
жасаушы клетка, 7 - эпителиальды клетканың ішіндегі рабдит, 8 - бір клеткалық тері безі, 
9 - ұзына бойы бұлшықет талшығының кесілген ұшы; сүт түсті планарияның 
(Dendrocoelum lacteum) ішкі құрылысы (Б): 1 - ауыз тесігі, 2 - жұтқыншақ, 3 - ішектің 
алдыңғы саласы, 4 - ішектің артқы оң, жақ саласы, 5 - жұмыртқа безі, 6 - жұмыртқа жолы, 
7 - сарыуыз без, 8 - жыныс клоакасы, 9 - жыныс тесігі, 10 - аталық бездері, 11 - аталық 
жол, 12 - шағылыс мүшесі, 13 - тұқым қапшығы, 14 - нерв түйіні, 15 - бүйір нерв бағанасы, 
16 - көлденең нерв ко-миссуралары, 17 - көзі, 18 - қармалағыш


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет