Оқулық университеттер мен педагогикалық, медициналық мал



Pdf көрінісі
бет76/218
Дата22.09.2022
өлшемі1,28 Mb.
#39809
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   218
Байланысты:
Омыртқасыздар зоологиясы. 1-кітап (Дәуітбаева К.Ә.) (z-lib.org)

51-суретКірпікшелі құрттар - Turbellaria: A - Polycelis cornuta; Б - Mesosforna ehrenbergi 
(жапырақ бетінде); В - Dendrocoelum lacteum; Г - Euplanaria gonocephala; Д - Polycelis 
nigra; Е,Ж - Mesostoma қорегін ұстап алған кезі және өздері су бетінде "ермекші" жібі 
арқылы ілініп тұр
Турбелляридің тері қабаттарында көптеген тері бездері байланыса 
орналасқан. Олар дененің барлық беткі қабаттарына шашырап орналасқан 
немесе комплексті жинақталған бокал, алмұрт тәрізді без клеткалары. Бұл 
бездер эпителиде де, дененің тереңірек жерінде де орналасады. Тері 
бездерінің бірі болып рабдитті клеткалар да жатады. Олардың құрамында 
жылтырауық, жарық бағытын өзгертетін таяқшалар - рабдиттер болады. Олар 
дене бетіне перпендикуляр жатады. Жануарды қатты қоздырғанда олар 
эпителиден сыртқа атылып шығады да, суда ісініп дене бетінде кілегейдің 
шоғырын түзіп қорғаныш қызметін атқарады.
Эпителидің астында базальды мембранасы бар. Оның қызметі - денеге 
белгілі пішінді беру және бұлшықеттерді бекіту. Базальды мембрананың 
астында күрделі құрылысты бұлшықеттер орналасқан, ол бұлшықет 
талшықтарының бірнеше қабатынан құралған. Ең жоғарғы беттерінде сақина 
тәріздес бұлшықеттер қабаты орналасқан, одан ішкері ұзына бойы және 
диагональды бұлшықеттері орын алады (52, А-сурет).


Бұлшықетгердің эпителимен бірігуінен тері-бұлшықет қапшығы 
түзіледі. Бұдан басқа, турбелляриялардың бәрінде оларға тән 
дорзовентральды немесе арқа-құрсақ бұлшықеттері бар. Бұл талшықтардың 
будалары арқа бөлімінен құрсаққа карай созылып және дененің екі жағыңда 
орналасқан базальды мембранаға бекінеді, соның арқасында жәндіктер 
денесін арқа-құрсақ жағынан қысыңкы күйге келтіре алады.
Турбеллярияның қозғалысы бір жағынан - сыртқы эпителий 
кірпікшелерінің соғуы, екінші жағынан - тері-бұлшықет қапшығының 
қысқаруы арқылы жүреді. Tuibellaria жүзе де, жорғалай да алады. Ұсақ 
формалары кірпікшелер арқылы жүзеді. Ірі түрлері денесін созып-қысқарту 
арқылы жорғалайды.
Тері-бұлшықет қапшығының астындағы ішкі мүшелер аралығы 
паренхимамен толтырылған. Паренхима - көп өсінді борпылдақ дәнекер 
тканьді клеткалардан түзілген. Бұл клеткалар түрлі бағытта айқаса және 
ұштарымен жабыса бос орналасады. Олардың арасын клетка аралық 
сұйықтық толтырған, сол себептен паренхима ас қорыту өнімдерін ішектен 
ішкі мүшелерге тасымалдауын қамтамасыз етеді. Бір жағынан зәр шығару 
қызметі де атқарылады. Содан басқа, көптеген фибрилды құрамалардың 
болуы, паренхиманы тірек ткані ретінде қарастыруға да ықпал етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   218




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет