Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады



бет16/31
Дата21.09.2023
өлшемі0,54 Mb.
#109529
түріОқулық
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
Глава 1новый

Педагогиканың философиямен байланысы. Қазіргі күні философияның педагогикада әдіснамалық қызмет атқаратыны күдік тудырмайды, алайда, осы заманғы жағдайда педагогиканың пәнаралық байланысы жаңаша даму үстінде. Бұл үрдістің ХХ ғ. ортасында басталуы ойлау қызметінің бөліп қарауға, оқытуға және дамытуға мүмкін ортақ үлгісі болатындығын Мәскеу әдіснамалық үйірмесі жұмысының нәтижелері дәлелдеді. Осы көзқарасқа сәйкес әдіснама қызметі ойлау және ойлау қызметі рәсімдерін ұйымдастырумен байланысты туындайды.
Ғылымда философия мен педагогиканың ара салмағы туралы мәселе даулы күйінде қалып отыр. Ғылыми-педагогикалық білімді дамытудың диалектикалық сипаты мойындалады. Жаңа ғылыми-педагогикалық білім диалектиканы құру және дамытудың негізі, яғни философияны педагогикада пайдалану, сонымен бірге, философияның өзінің де дамуының салдары болып саналады. Педагогика ғылымының материалын философияны дамыту мақсатында пайдалану күрделі рәсім болмақ, өйткені, мәселе философияның осы заманғы педагогика ғылымының толығатыны турасында емес, педагогикалық ғылымды дамыту деңгейі осы заманғы философияның зерттеу қырларына сәйкестігі белгіленуі тиіс. Философия педагогикалық болмысты гуманитарлық және әлеуметтік білімде бейнелейтін болмыстай талдамайды. Ол педагогикалық ғылымдағыдан басқаша педагогикалық тәжірибеге емес, сондықтан, педагогикалық тәжірибе объектісін емес, осы объектінің «мағынасына» мән береді. Философия осы тұрғыда жаңа педагогикалық білім бермейді, жаңа білім ретінде нақтылы ғылымды тудырады. Ол қолда бар педагогикалық білімді жаңа қырынан көруге мүмкіндік береді, басқаша айтқанда, жаңа материал берместен жаңаша көзқарас енгізеді. Тап осы тұста педагогикалық әдіснама мен философияның педагогиканы дамытудағы әдіснамалық рөлінің айырмашылықтары білінеді.
Педагогика ғылымын дамытудағы басты (беталыс) үдеріс – объективті түрде жаңа педагогикалық білімді іздеу. Философияда да мұндай үдеріс бар және оның мәнісі – осы білімді және оның басқа ғылыми білімдер арасындағы орнын іздеу болып табылады. Осылайша, философия ғылымда бар әдістер «жұмыс істемегенде», әдіснама ретінде қажет болмақ. Философия ғылымды іздену бағытымен қамтамасыз етеді, өзіндік әдіснамасын жасауға көмектеседі. Осымен философияның міндеті аяқталады. Нақтылы ғылыми зерттеулермен ол айналыспайды. Бұл философия ілімінің өз сипатына байланысты. Оның категориялары мен қағидаларының тұтастық шегі оған нақтылы педагогикалық зерттеулермен айналысуға мүмкіндік бермейді.
Осылайша, философияның қазіргі заманғы педагогиканың дамуындағы рөлі айқын емес. Философия педагогтарға, ең бастысы: ғылым неге педагогиканың мәселелеріне жауап бере алмайды? –деген сауалдарына жауап іздегенде қажет болмақ.
Философтың назарын кез келген қайшылықтар, соның ішінде, педагогиканың қайшылықтары да аударатыны белгілі. Философ үшін, әсіресе, педагогикалық тосын пікірлер қызғылықты. Философиялық білім табиғатының қызметін мойындау философияның педагогикадағы әдіснамалық қызметін атқару мүмкіндігін түсіндіреді, бірақ, философияның философиялық білім ықпалының ерекше сипатын білдіретін педагогикадығы жаңа әдіснамалық серпіліісін қамтамасыз ететіндігі туралы ештеңе айтпайды. Педагогикалық ізденісте философия, философиялық сынның ықпалымен өзгеретін қолданыстағы жалпы ғылыми және жекеше ғылыми әдістер турасында сыни қызметін атқарады. Бұл жағдайда философия сындарлы міндетін орындайды.
Философия педагогика ғылымын дүниетанымдық деңгейде де талдайды. Зерттеудің бұл саласы педагогика ғылымының философиясы, білім беру философиясы немесе тәрбие философиясы деп аталады. Педагогтардың ғылыми қызметін философиядан бөліп алу мүмкіндігі, жекелей алғанда, онда сциентизм мен технократизмнің, кейде тіпті гуманистік және гуманитарлық негіздерге залалын тигізе отырып, төрелік етуіне алып келеді.
Педагогикадағы пайда болған жаңа әдіснамалық бағдарлар ғылыми танылған соң педагогтардың танымдық және тәжірибелік қызметінің логикасына әсер етеді, яғни әзір қайта қарауға жатпайтын шүбәсіз білімге айналады. Екінші мыңжылдықтың соңындағы оқиғалар тап қазір осындай сәт туғанын көрсетеді.
Философтар ғылымның әдіснамасының іргелі мәселелерін және жеке ғылым салаларының әдіснамалық пайымдауларын зерттеуде: диалектиканың, логиканың және таным теориясының бірлігі (Ж.М. Әбділдин, Б.М. Кедров, П.В. Копнин жэне баскалар); материалистік диалектиканың категориялар жүйесін (А. Н. Нысанбаев, А.П. Шептулин, Ф.И. Георгиев, А.Е. Фурман және баскалар); қарама-қайшылықтың бірлігі мен күресі заңы (С. П. Дудель, В.П. Тугаринов, Ф.Ф. Вяккеров және т, б.); тарихилық пен логикалықтың өзара қарым-қатынасы (А. Г. Спиркин, М.Н. Алексеев, С. Добриянов); теориялық жүйені құру ұстанымдары (А. И. Ракитов, П.В. Йолон, В.Н. Голованов, М.Ш. Хасанов); жаратылыстану ғылымы саласындағы диалектиканың мәселелері (М. С. Сабитов, В.А. Фох, М.Э. Омельяиовский, А.Д. Александров, П.К. Анохин, Н.П. Дубинин және басқалар), қоғамдық ғылымдардағы диалектикалық мәселелер (П. Н. Федосеев,Ф.В. Константинов, А.М. Румянцев және т. б.). Бұл талдаудан жеке ғылымдардың әдіснамалық мәселелері мен танымның жалпы әдіснамасы жасалуының өзара шартты байланысты екендігі көрініп-ақ тұр. Сонымен, ғылым әдіснамасы — ғылыми білімнің құрылымын, негіздеу және даму әдістерін, ғылыми танымның әдістері мен құралдарын зерттейтін ғылымтанудың бөлімі.
Қазақстанның өзіндік философиялық мектебі (негізгі теориялық бағыттар): адам және қоғам философиясы (әлеуметтік философия және мәдениет философиясы; философиялық және әлеуметтік антропология; білім беру философиясы; тарих, саясат және құқық фиолсофиясы), онтология, гносеология және эпистемология (онтология; диалектика, диалектикалық логика және теория), әлемдік және ұлттық философиялық ойдың тарихы (әлемдік философия тарихы; фарабитану; түрік және қазақ философиясы тарихы). Философия бүкіл адамзат ой тарихын бойына сіңіретін әмбебап категориялық аппаратқа сүйенеді, шындықты теориялық игерудің формасы ретінде көрініс табады.
Қазіргі заманғы қазақ философиясы туралы сөз айтқанда, кеңестік-қазақстандық диалектикалық логика мектебін атап өту керек. Отандық философия тарихында логика және таным теориясы тұрғысындағы диалектиканың майталмандары Ж. Әбділдин, Қ. Әбішев, А. Хамидов, А. Қасымжанов, А. Келбұғанов және т.б. елеулі із қалдырды. Бұлардың арасында Жабайхан Әбділдин – әлемдік деңгейдегі философ. Ол - әлемдік философия ғұламалары К. Поппер, Т. Кун, И. Лакатос, П. Фейерабендтің қатарындағы тұлға. Ж.М. Әбділдиннің ғылыми теория бастамасы мәселесі, форма мен материя арақатынасы, «идея» категориясының қалыптасуы, Платон, Аристотель, Кант, Гегель және Маркс философиясы туралы жазғандары қазақстандық философияның алтын қоры болып табылады. Ж. Әбділдин он томдық кітабын шығарды. Ол үнемі ой әлемінен сөз қозғайды, бүгінгі қазаққа қай салада да ой керек дейді. Ж. Әбділдиннің ғылыми жетістіктерін кезінде КСРО Философия институты мен ММУ-нің әйгілі ғалымдары Б.М. Кедров, Ф.В. Константинов, П.Н. Федосеев, П.В. Копнин сан рет атап өткен.
Сонымен бірге, философтар Қ. Серікболдың «Арғы қазақ мифологиясын», Ғ. Есімнің «Хакім Абай», «Адам-Зат», «Фалсафа тарихын», Д. Омаровтың Абай мен Шәкәрімнің дүниеге көзқарасы туралы туындыларын ерекше бағалайды. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде әлеуметтік философия, фарабитану, түрік және қазақ философиясы тарихы мектептері қарқынды дамуда.
XX ғасырда философия ғылымы танымды мәдени-әлеуметтік феномен ретінде қарастырады. Оның негізгі мақсатына ғылыми білімді қалыптастыру әдісінің тарихи өзгерісі, ғылыми білімді қалыптастыру жолдары мен осы үрдіске мәдени әлеуметтік факторлардың әсерлері қандай екенін зерттеу кіреді. Ғалымдар В.С. Степин, В.Г. Горохов, М.А.Розов өздерінің «Ғылым мен техника философиясы» атты оқу құралында ғылыми танымның ерекшеліктерін, оның қазіргі өркениеттегі алатын орны, ғылыми революциялар мен ғылыми өнертапкыштың келу кезендерін сипаттайды (1996 ж.).
Философия ғылымы ғылыми әдіснамамен толығып отырады. Диалектикалық әдіснама (қыскаша, диалектика) күрделі кешенді білім беру:
1)дамудың, жеке өз алдына табиғатпен, адаммен өзара бірлікте дамудың объективті шындык бейнесін керсетеді;
2)адамның ойлау және тануының субъективті шынайылығының философиялық бөлімі ретінде көрсетіледі;
3)адам мен табиғаттың, адам мен коғамның объективті-субъективті, материалды-рухани, практикалык өзара қарым-қатынасының ақиқатын бейнелейді.
Ғалымдар әдіс пен әдіснаманың өзара байланысын қарастырып, әдістердің жіктемесін береді, әдіснамалық білімнің көпдеңгейлік тұжырымдамасын ұсынады: философиялық әдістер, жалпығылыми бағыттар мен әдістер, жалпығылыми әдістер, зерттеудің пәнаралық әдістері.
Терминдердің этимологиялық мағынасына сәйкес әдіснаманы әдіс жайындағы ілім, кеңінен ашқанда, теориялық және практикалық іс-әрекетті ұйымдастыру, реттесу, құру бойынша ұстанымдар жүйесі жайындағы ілім деп қарастыруға болады.
Қоғамдық практиканың кеңеюі мен баюы таным әдістерін қайта қарастыруды, жетілдіруді талап етеді. Ғылыми танымның дамуы барысында ойлау әдіс-тәсілдері жетіліп, әдіснаманың қайта құрылуына әкелінеді. Сондықтан, әдіснама философия білімінің жеке бөлігі ретінде қарастырылады. Қазіргі кезеңдегі ғылымның дамуы оның әдіснамалық негізін жете зерттеумен сипатталады. Бұл бір жағынан, ғылымның алдында тұрған жаңа міндеттермен, сондай-ақ ғылымға қазіргі кезеңде белгілі білім мен әдістер көмегімен шешуге болмайтындығымен, ал екінші жағынан — ғылымның даму үстіндегі эвристикалык әлеуеті бойынша түсіндіріледі. Қазіргі кезеңде әлемдегі болып жаткан құбылыстарды және пәнді тану сол үрдістің «өзіндік танымымен», оның өзіндік дамуының шарттары және заңдылыктарымен анықталады. Бұдан шығатын қорытынды: білім беру саласындағы ғалым-теоретиктер мен ғалым-практиктердің барлық күш-жігерін ғылымның тиімді жақтарын зерттеуге ғылымның әрі әдіснамалық таным, әрі жеке ғылымдардың әдіснамалық мәселелерімен бірлікте қарастырылуын қағида ретінде алу қажет. Педагогиканың философиялық бағдарлары: Неомарксизм, Экзистенциализм, Феноменология, Структурализм, Прагматизм, Герменевтика, Аналитикалық философия, Персонализм, Постмодернизм, Философиялық антропология. Бұл бағыттарға қысқаша тоқталып көрейік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет