Оқулықта ғылым философиясы мен әдіснамасына негізделген педагогиканың философиясы және әдіснамасының іргетасын құраушы қағидалардан тұратын осы арнайы оқу пәнінің мақсаты және құрылымы айқындалады



бет11/31
Дата24.10.2022
өлшемі0,54 Mb.
#45187
түріОқулық
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31
Ғылымның жалпы пәндік моделі

Әдіс

Пәннің құрылымы

Мәселе

Қызмет

Нәтиже

Субъект

Объект

Пәні

Философиялық әдіснама (ғылыми дүниетанымдық көзқарас, ғылыми ойлаудың жалпы формасы мен әдістерін, категориялық құрылымдарын әр түрлі көқарастар бойынша талдау);
Жалпы ғылымилық әдіснама (жүйелілік, әрекеттік, құрылымдық-қызметтік, бағыттылық, зерттеудің әр түріне сипаттама), оның кезеңдері мен элементтері (синергетикалық әдістер, теориялық, кибернетикалық әдістер, идеалдау, алгоритмдеу, модельдеу әдістері, статистикалық және ықтималдық әдістері және т.б);
Нақты ғылымилық әдіснама (ғылымның қандай да бір саласында қолданылатын зерттеу әдістері мен ұстанымдарының жиынтығы);
Пәндік әдіснама (қандай да бір ғылыми пән саласында қолданылатын зерттеу әдістері мен ұстанымдарның жиынтығы);
Пәнаралық зерттеу әдіснамасы (ғылымдардың пәнаралық байланыстары формасын анықтайды); Осыған орай ғылымда әдіснамалық мәселе туындайды. Зерттелген әдіснамалық мәселелерге өзекті сипат беру себептерін ғалымдар төмендегідей көрсетеді: 1) ғылыми зерттеулердің қарқындылығы; 2) ғылымда болып жатқан жаңашылдық; 3) ғылыми негіздердің күрделенуі; 4) ғылыми ойлаудың құралдары мен әдістерін жүзеге асыру; 5) туындаған қажеттіліктерді негіздеу: әсіресе танымдық әрекетте, ғылыми танымның басқа салалармен арақатынасын ескеріп, ұғымдарды логикалық негіздеу, ақиқатты танудағы әдістердің рөлі мен таным тәсілдерінің сипаты, эксперимент пен теорияның арақатынасы. Айтылған мәселелер нақты ғылымдар тұрғысынан шешілмейді, ғылымдар шеңберінде қарастырылады. Олар терең, әдіснамалық мәнге ие және іргелі әдіснамалық тұғырды қажет етеді.
Философияда іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізіледі. Іргелі зерттеулер объектінің заңдылықтарын ашуға, ғылымның дамуына, оның логикалық құрылымы мен болжамдарын незіздеуге, ғылыми әдістерді жетілдіруге, заңдылықтарды ашуға бағытталады. Іргелі зерттеулердің нәтижесі - жаңалықтар ашу, ал қолданбалы зерттеулердің мақсаты - жаңалықтарды техникаға ендіру, жаңалықтың өмірде қолданылу технологиясын жасау.
Іргелі зерттеулердің нәтижесі ретінде белгілі ғылыми мектептердің теориялық тұжырымдамалары алынады. Іргелі зерттеулерді жүргізу жалпы теориялық білімнің тереңдеуіне, жаңа технологияларды дамытуға, мемлекеттің интеллектуалдық әлеуетін сақтауға, ғылыми мектеп құруға, жоғары білім беруді іргелендіруге себебін тигізеді. Іргелі зерттеулердің аяқталған жұмсы түрлеріне: ғылыми мақала, монография, ғылыми болжам, ғылыми баяндамалар, ғылыми жоба және т.б жатады.
Ғылыми әдебиеттерге талдау жасау барысында педагогика әдіснамасының төмендегідей негізгі зерттеу бағыттары анықталды:

  1. Педагогиканың философиялық негіздері (педагогикалық парадигма, ғылым философиясы, білім беру философиясы жеке тұлғаның менталитеті, педагогикалық ғылымтану);

Педагогиканың философиясы және әдіснамасы



Педагогика – ғылыми жүйе

Педагогиканың философиялық негіздері

Педагогиканың әдіснамалық негіздері

Ғылым философиясы

Ғылым әдіснамасы

Педагогиканың философиялық бағдарлары

Педагогиканың жалпы ғылымилық бағдарлары

Педагогиканың психологиялық бағдарлары

Педагогиканың әдіснамалық қоры

Педагогика әдіснамасы: тарихы, мәні, қызметтері, құрылымы

Педагогикадағы әдіснамалық білім: тұғырлары, ұстанымдары, ұғымдары

Ғылыми-педагогикалық таным әдіснамасы

Педагогикалық зерттеу әдіснамасы және әдістемесі

Зерттеуші педагогтің әдіснамалық мәдениеті




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет