Сұрақтар мен тапсырмалар Ғылымның философиясы мен әдіснамасы туралы К.Х. Рахматуллиннің және В.С. Степиннің еңбектеріне қысқаша шолу жазып даярлаңыз.
Педагогикадағы танымға қандай философиялық және әдіснамалық білімдер қажет? Олардың талдау пәндерінің айырмашылығын анықтаңыз.
Педагогиканың философиялық бағдарларын нақтылауда қандай әдіснамалық қағидалар басшылыққа алынады? Жауабыңызды негіздеңіз.
Ғылым дамуы туралы тұжырымдамаларды педагогиканың әдіснамасын зерделеуде қолдану талаптарын құрастырыңыз. Жауабыңызды дәлелдеңіз.
Педагогика әдіснамасы ғылым әдіснамасының қандай білімдеріне негізделеді?
Педагогика және философия
Педагогика және философия. Философиямен байланыс - педагогикалық ойлардың дамуының бұлтартпас шарты. Философиялық білімдер педагогикалық зерттеуді әдіснамалық қамтамасыз етудің құрамына кіреді. Олар теориялық зерттеу – тәжірибемен тікелей, педагогикалық болмыспен – жанама, ал философиямен тікелей байланыста болатындықтан, педагогикалық теорияны құру үшін керек. Бірақ философия мен педагогиканың арақатынасы мәселесінде бәрі анық десек, дұрыс болмаған болар еді. Соңғы жиырма жылдықта біздің санамызда көлемді ұғыммен аталатын құндылықтар жүйесін құрайтын дүниетанымдық пайымдау өзгерді. Бір-ақ нәрсе – педагогикадағы философиялық тұжырымдардың орнына келген екі тарихи шартты көзқарастар қалды. Біріншіден, бұған, педагогиканы «қолданбалы философияға» жатқызуға ұмтылатындар енеді. Екіншіден, керісінше, философиядан педагогиканы бөліп қарастыруды ұсынатындар жатады.
Бұл екі көзқарасты да тарихи тұрғыдан түсіндіруге болады. Педагогика басқа ғылымдар сияқты, ерте кезден философиялық жүйенің бір бөлігі болып келді. Оның ғылым ретінде философиядан «бөлектенуі» басқа ғылымдармен қатарлас болды. Бірінші көзқарасты білдірушілер пікірінше, педагогиканы білімнің практикалық қолданбалы саласы ғана деп білуін философиялық ғылымдар – этика, логика, эстетика тәрбиенің мақсаттарын жалпылама қарастырудан деп түсіндірді. Екінші бағытты қолдаушылар педагогикада философиядан бас тартуға әрекеттенуде. Олар ХІХ ғ. аяғында, бірінші үдеріс өз күшінде тұрғанда әрекеттенді. Бұл екі бағыт бүгін де педагогикада, кей уақытта бір-бірімен жанжалжасып қалуға дейін барып та қатар өмір сүруде.
Бұл мәнді сұрақтарға көзқарастағы айырмашылықтар педагогикалық зерттеулердің барысына, нәтижелеріне және бағасына мәнді әсер ететіндіктен, бұл екі бағыттың көріністерін тәптіштеп қарастыру керек.