Оқулықтан мәтінді оқып, рекордшы Марат Жыланбаевтың шеберлігі туралы пікір алмасыңдар. Пікір алмасу



бет5/5
Дата07.01.2022
өлшемі48,93 Kb.
#18138
түріОқулық
1   2   3   4   5
Байланысты:
lem-moyyndaan-rekord

Публицистикалық стильдің түрлері

Публицистикалық стиль – қоғамдық-саяси, үгіт-насихаттық әдебиеттерде, бұқаралық ақпарат құралдарында, деректі фильмдерде қолданылатын функционалды стильдің бірі.

Публицистикалық стильдің шағын түрлерін шартты түрде былайша жіктеуге болады:


  • үгіттік;

  • саяси-идеологиялық;

саяси шағын стиль.

Бұлардың әрқайсысының бір-бірінен ерекшеленетін белгілері болады, кейде тілдік-стилистикалық тұрғыдан ортақ тұстары да ұшырасады.


5 – тапсырма. Кім жылдам? Сұрақтарға жауап беріңдер.
1. Публицистикалық стильдің мақсаты қандай?

2. Публицистикалық стиль қандай стильге жақын?

3. Публицистикалық стильдің жазбаша, ауызша түрлеріне мысал келтіріңдер.

4. Қоғамдық пікір тудыру дегенді қалай түсінесіңдер?

5. Публицистикалық стильдің жанрлық түрлерін атаңдар.
Есте сақта!

Эпитет – заттың,құбылыстың айрықша сипатын, сапасын айқындайтын сөз мағынасын құбылтудың тәсілі. Құбылысты көптен айырып, көзге көбірек түсердей етіп айтқысы келіп, ол нәрсені айқын көрсететіндей сөз қосып айту. Шешеннің тіліне үстеме мағына беріп, оның көркіне көрік қосады. Мысалы:

Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан,

Күз болып дымқыл тұман жерді басқан.

(Абай)

6 –тапсырма. Өлең жолдарынан эпитетті табыңдар.
Алтын ұяң – Отан қымбат, Туып-өскен елің қымбат,

Құт-берекең – атаң қымбат, Кіндік кескен жерің қымбат,

Аймалайтын анаң қымбат, Ұят пенен ар қымбат,

Мейірімді апаң қымбат, Өзің сүйген жар қымбат.



Асқар тауың – әкең қымбат,

Қазыбек би

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет