Оқулықтар мен әдебиеттер. «ҚР әлемдік қауымдастықта» пәні «Қазақстанның қазіргі заман тарихы»


Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік



бет38/62
Дата08.02.2022
өлшемі1,53 Mb.
#25034
түріОқулық
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62
Байланысты:
«Қ Р әлемдік қауымдастықта» курсы бойынша дәрістер.Смағұлов С. 09.06.2020 2

Дүниежүзілік интеллектуалдық меншік ұйымымен (ДИМҰ) ынтымақтастық осы ұйымға 1993 жылы енген кезден бастап жүзеге асырылады, ондағы мақсат Қазақстан заңнамасын интеллектуалдық меншік саласындағы халыкаралық құқық нормаларымен сәйкес келтіру. Қазіргі уақытта ДИМҰ-ның белсенді түрде қатысуымен Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік меншікті қорғау саласындағы төмендегідей бірқатар халықаралық келісімдерге қосылуы жөнінде әзірлік жұмыстары жүргізілуде, олар:

  • "Патенттік рәсім мақсаттары үшін ұсақ организмдерді депоненттеуді халықаралық тану туралы" Будапешт шарты.

  • "Өнеркәсіптік үлгілердің халықаралық жіктемесін құру туралы" Локарн келісімі (1968 ж.);

  • "Тауарлардың және тауар белгілерін тіркеуге арналған қызмет көрсетудің халықаралық жіктемесін құру туралы" Ницца келісімі {1957 ж.};

  • "Халықаралық патенттік жіктемені құру туралы" Страсбург келісімі (1971 ж.);

  • «"Тауар белгілері жөніндегі заңдар туралы" шарт (1994ж.).

Оның үстіне ДИМҰ біздің еліміздің Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру процесінде және Қазақстан қатысушысы болып табылатын түрлі халықаралық келісімдердің шарттарын сақтауда үлкен рөл ойнайды.

БҰҰ-ның - ЮНЕП, ЮНИСЕФ, ЮНФПА, ЮНЕСКО, ДДҰ сияқты мамандандырылған мекемелерімен және ПРООН, Дүниежүзілік Банк және ГЭФ сияқты бірқатар қаржылық институттарымен бірлесіп, Қазақстан Үкіметі Арал теңізі өңіріндегі экологиялық ахуалды қалпына келтіру және халықтың тіршілік жағдайларын жақсарту жөнінде дәйекті жұмыс жүргізіп келеді. Осы проблеманы шешу үшін аймақ мемлекеттерінің ынтымақтастығын жандандыру жөнінде қосымша күш-жігер қажет.

Каспий жағалауы аймағында даму және қоршаған орта проблемаларын шешу үшін көптеген жобалар мен бағдарламалар жүзеге асырылуда, олардың халықаралық, ұлттық және аймақтық сипаты бар. Олардың ішінде Каспий экологиялық бағдарламасы (КЭБ) басты рөл ойнайды.

Бағдарламаның негізгі мақсаты - Каспий аймағының экологиялық тұрақты дамуын және биоресурстар мен су беті айдынын қоса алғанда, табиғи ресурстарды басқаруды жақсартуды қамтамасыз ету. КЭБ-ке Каспий жағалауының елдері мен халықаралық донорлық ұйымдардың, сондай-ақ ірі жекеменшік компаниялардың арасындағы кооперацияға ықпал ететін үйлестіруші тетік рөлі жүктеліп отыр.



КЭБ-ті іске асыру нәтижесінде төмендегідей міндеттерді шешу көзделуде: мұнай төгінділерінің кезек күттірмес міндеттерін шешу, қоршаған ортаны ластаудан сақтандырудың, оны жоюдың және бақылау жасаудың шараларын жүзеге асыру, деректер мониторингін және оларды басқару жүйесін жолға қою, биологиялық сан алуандықты қорғауды күшейту және биоресурстарды басқару жүйесін нығайту, сондай-ақ басқару жүйесін қалыптастыру және халықтың рөлін күшейту.

Кеңестер Одағы ыдырағаннан кейін және Қазақстанның халықаралық қоғамдастыққа кірігуі басталғаннан кейін ел есірткілердің заңсыз айналымының бүкіл әлемдік проблемасына тап болды. Ғаламдану үрдісі, сондай-ақ көліктік инфрақұрылымының дамуы есірткі контрабандасының жандануына ықпал етті. Бірқатар себептер, оның ішінде Қазақстанның географиялық тұрғыдан орналасуы яғни есірткі өндірісінің әлемдік орталықтарына жақындығы, оған өтпелі кезеңнің қиындығын қосыңыз, мұның бәрі - халықаралық есірткі бизнесінің дамуына қолайлы жағдай жасады және оның назарын Орталық Азия аймағына аударды.

Осындай жағдайларда Қазақстанда есірткілердің заңсыз айналымының ахуалы күрт шиеленісіп кетті. Есірткі құралдары мен психотроптық заттарды қиянат жасап пайдалану және олардың заңсыз айналымы біздің елімізде кең өріс алды, мұның өзі экономиканың, құқық тәртібінің жағдайына, қоғамдағы әлеуметтік-психологиялык ахуалға, ұлттың денсаулығына және генефондына айта қаларлықтай нұқсан келтіреді.

Есірткілердің заңсыз айналымына және қиянат жасап пайдалануға бақылау жасау саласында Есірткі құралдарына бақылау жасау жөніндегі БҰҰ-ның халықаралық бағдарламасының (ЮНДКП) көп жылғы тәжірибесін ескеріп, Қазақстан Республикасы БҰҰ жүйесінің осы бағдарламасымен ынтымақтастық орнатты және оны белсенді түрде дамытуда, аталған бағдарлама есірткілерге бақылау жасау саласындағы халықаралық қызметті үйлестіруде жетекші рөл ойнайды.

БҰҰ жүйесін реформалау шеңберінде ЮНДКП БҰҰ-ның Халықаралық қылмыстың алдын алу жөніндегі орталығымен бірікті, сөйтіп, БҰҰ-ның Есірткілерге бақылау жасау және қылмыстың алдын алу жөніндегі басқармасы (БҰҰ ЕБҚАБ) құрылды.

1996 жылғы 4 мамырда Ташкентте Орталық Азия елдерінің сыртқы істер министрлері қол қойған, Есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз өндірісіне, айналымына, оларды қиянат жасап пайдалануға бақылау жасау саласындағы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум Қазақстан мен БҰҰ ЕБҚАБ арасындағы ынтымақтастық үшін негіз қалады.

Қазақстан БҰҰ-ның осы саладағы үш негізгі халықаралық конвенцияларына қосылды, олар: 1972 жылғы хаттамасы бар, 1961 жылғы есірткі заттары туралы бірыңғай конвенция, 1971 жылғы психотроптық заттар туралы конвенция және 1988 жылғы есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз айналымына қарсы күрес туралы конвенция.

ЕБҚАБ-тың ұсыныстарының негізінде "Есірткі құралдары, психотроптық заттар, прекурсорлар және олардың заңсыз айналымы мен оларды қиянат жасап пайдалануға қарсы іс-қимыл шаралары туралы" ҚР Заңы кабылданды. Оның үстіне Президент Н.Назарбаевтың Жарлығымен 2000-2005 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы күрес стратегиясы, сондай-ақ 2000-2001 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы есірткіге және есірткі бизнесіне қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасы бекітілді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет