Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарын таңдау, жеке оқу матери-алдарын даярлау III қорытынды IV пайдаланылған әдебиеттер


ЕББҚ қажеттіліктері бар балаларда туындауы мүмкін қиындықтар, олардың себептерін анықтау



бет2/5
Дата18.05.2023
өлшемі86,66 Kb.
#94418
түріОқулық
1   2   3   4   5
2.1. ЕББҚ қажеттіліктері бар балаларда туындауы мүмкін қиындықтар, олардың себептерін анықтау


Психикалық және дене дамуы бұзылған балаларды оқыту кезінде оқытудың арнайы әдістерін қолдану қажеттілігі жиі туындайды. Арнайы оқыту әдістері арнайы педагогикамен әзірленген және әртүрлі санаттағы балаларға арналған арнайы мектептерде қолданылады: есту, көру, ақыл-ойы кем, тірек-қимыл аппараты бұзылған, психикалық дамуы тежелген, сөйлеу қабілеті бұзылған.


Жалпы сынып жағдайында мынандай арнайы әдістер қолдануға бо-лады: «кіші қадамдар»; заттық қызмет пен көрнекі құралдарға; «сөйлеу тілін жандандыру »; заттық және ақыл-ой әрекетіне «алдыға қарай жыл-жу», меңгергенді үзбей қайталау; меңгерілген ұғымды салыстыру және қарама-қайшы қою амалдарын қолдану және т.б. бұл әдістер сыныптың басқа оқушыларына да оқу материалдарын жемісті меңгеруге септігін тигізеді. Оқытудағы баламалы (альтернативті) әдістер жеке психикалық қызметтердің (қабылдау, есте сақтау, зейін, праксис) бұзылыстарына негізделген оқытуда ерекше қиындықтары бар балаларға жиі қолданылады. Оқытудың баламалы әдістеріне мына әдістер кіріктіріледі: глобальды оқыту, «Нумикон» әдісі арқылы санауға үйрету, Монтессори жүйесі және басқа да жаңа психологиялық-педагогикалық әдістер. Оқытудың балама-лы әдістерін бірінші кезекте жеке-дамыту жұмысын жүргізетін мамандар білуі және пайдалануы тиіс: психологтар, логопедтер, арнайы педагогтар[1].



  1. Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарын таңдау, жеке оқу матери-



алдарын даярлау. Мұғалім және психологиялық-педагогикалық қолдаукөрсету қызметінің мамандары оқушының көмекке деген қажеттіліктерін командалық талқылау нәтижесінде арнайы оқулықтар мен құралдарды, жеке оқу-дидактикалық материалдарды пайдалану қажеттілігі туралы шешімді қабылдайды. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыға бейімделіп өзгертілген оқу жоспары мен оқу бағдарламаларын ескере отырып арнайы оқулықтар мен оқу құралдары іріктеледі.
Қысқартылған бағдарламалар бойынша қарапайым сыныпта оқитын ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушылар бүкіл сыныпқа арналған оқулықтарды пайдаланады.


Арнайы оқулықтарды, жұмыс дәптерлерін және басқа да оқу матери-алдарын жалпы сыныпта оқитын белгілі бір бұзылымдары бар балаларға қолдану қажет:



  • көру (ірілендірілген шрифті бар кітаптар; зағип адамдарға арналған, Брайль шрифтімен басылған оқу құралдары; бедерлі суреттер, схемалар, арнайы муляждар);




  • тірек-қимыл аппараты (ірілендірілген шрифтпен жазылған және т.б.);







  • зиятының бұзылуы (ОӘК-нің түпслабовидящих).



Арнайы сынып оқушылары кәдімгі және/немесе арнайы оқу-әдістемелік кешендерді (ОӘК) пайдалана отырып оқиды, олар тиісті түрдегі арнайы мектептер үшін шығарылған.
Арнайы оқулықтар мен оқу құралдарын мектеп (белгіленген тәртіппен) сатып алуы және мектептің кітапхана қорында болуы тиіс.
ҚР-да шығарылған арнайы оқулықтар тізімі ТП ҰҒПО сайтында ұсынылған http://www. special-edu.kz/
Инклюзивное образование тәжірибесінде оқушының жеке ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып, мұғалім арнайы даярлаған жеке оқу-дидактикалық материалдарын кеңінен қолданылады. Мысалы, есту-сөйлеу ақпаратын өңдеу қиындықтары бар бала үшін (сөйлеуді түсіну) әртүрлі көрнекіліктерді кеңінен қолдана отырып, жеке дидактикалық материал дай-ындау қажет: оқу материалын түсінуді жеңілдететін және оқушыны сабаққа қосуға мүмкіндік беретін суреттер, схемалар, алгоритмдер.



  1. Оқытудың формасын таңдау. Жалпы білім беретін мектепте ерек-ше білім беруге қажеттілігі бар оқушылардың оқуын төмендегідей ұйымдастыруға болады:

- жалпы сыныпта (2 оқушыдан артық емес, сонымен қатар ЕБҚ бар әр оқушыға сыныптағы оқушылар саны 3-ке азайтылуы тиіс);
- жалпы білім беретін мектептің арнайы сыныбында (10-12 оқушы);


- жалпы білім беретін мектептің психологиялық-педагогикалық қолдаудың арнайы кабинетінде (жеке немесе кіші топта) [2].
Мектепте арнайы сыныптар тек даму бұзылымдарының нақты бір тобы жинақталғанда ғана ашылады. Оқушыны қабылдау ПМПК қорытындысы мен ұсыныстары негізінде және ата-аналардың, қамқоршылардың келісімімен жүзеге асырылады.


Арнайы сыныптарда оқыту – бұл жалпы сыныпта жүзеге асыруға мүмкіндік болмаған жағдайда арнайы оқыту шарттарын жасау қажеттілігі туындаған да ғана іске асады. Оған төмендегі шарттар жатады:



  • сыныптың аз толымдылығы, педагогикалық күн тәртіп;




  • оқушылардың ерекше білім беру қажеттіліктерін ескеретін және оқу қиындықтарының себептерін жеңуге бағытталған арнайы оқу пәндерін қамтитын арнайы оқу жоспары мен арнайы бағдарламалар бойынша оқыту;




  • арнайы дайындығы бар мұғалім;




  • арнайы жабдықтардың (есту қабілеті бұзылған балаларға арналған топтық дыбыс күшейткіш аппаратураның; зағип балаларға арналған ар-найы жабдықтардың, ақыл-ойы кем балаларға арналған пәндік дамытушы ортаның және т. б.), оқу-әдістемелік қамтамасының болуы;




  • мамандардың қолдау көрсету бойынша міндетті және топтық сабақтары (арнайы Типтік оқу жоспарына сәйкес).

Мектептің инклюзивті білім беруді жүзеге асыратын шарттарының бірі


– бұл психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинеті. Кабинеттің, ЕБҚ бар балалармен жекелік және топтық жұмыс жүргізуге лайықты типтік мектебінікіндей сынып алаңы, сабаққа арналған жиһаздары (оқу үстелдері, орындықтар, тақта және т. б.) болуы тиіс, сонымен қатар жеке және топтық сабақтар жүргізу үшін дамытушы жабдықтары болуы керек: жұмсақ пуф-тар, кілем жабыны, швед қабырғасы, әткеншек, ойыншықтар, доптар, дидактикалық және иллюстрациялық материалдар, құралдар, жазулар мен оқулықтар.


ЕБҚ бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету кабинетінде жүргізіледі:

  • сабақ кестесі бойынша мамандардың сабақтан тыс жеке, қосымша сабақтары: психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың;

  • әр түрлі себептермен сыныпта оқу материалын меңгере алмайтын ЕБҚ бар балаларға арналған жеке оқу пәндері бойынша сабақтар. Сабақты ПОҚ қызметінің мамандары жүргізеді, олар баланы оқыту үшін арнайы немесе баламалы әдістер мен тәсілдерді, арнайы оқулықтар мен құралдарды және жеке дидактикалық материалдарды пайдаланады.



Психологиялық - педагогикалық қолдау кабинетінде жеке және топшалық сабақтар төмендегі көрсетілген оқушыларға тән:

  • сабақ барысында басқа балаларға және мұғалімге кедергі келтіретін, шыдамсыздық танытатын (тіпті көмекшінің қолдау көрсетуімен) мінез-құлқында проблемасы бар оқушылар. Мамандардың міндеті және осын-дай сабақтардың табыстылығының көрсеткіші баланы сыныптың оқу жұмысына қосу, жалпы сыныпта тұрақты негізде оқыту болып табылады;




  • бағдарламаны меңгеруде үлкен кемшіліктері (артта қалуы) және оқытудың айқын қиыншылықтары байқалған кезде жеке бағдарлама бойын-ша оқыту және/немесе оқытудың баламалы және арнайы әдістерін пайдала-нуды талап ететін оқушылар. Оқушы негізгі жалпы білім беру пәндерін (ана тілі, әдебиеттік оқу, математика) арнайы кабинетте жеке және топтық сабақ

түрінде өтеді. Жеке оқу бағдарламасымен оқытуды арнайы педагог арнайы оқытудың әдістері мен арнайы оқулықтарды қолдану арқылы жүргізеді.
Зияты зақымдалған оқушыларға ПОҚ жағдайында негізгі оқу пәндерін оқыту оқытудың барлық кезеңіне берілуі мүмкін. ПОҚ жағдайында оқытудың қажеттілігі мен ұзақтығы туралы шешімді ПМПК ұсынысы не-месе мектептің шешімі бойынша қабылдайды.

  1. Тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу. Кедергісізорта деп төмендегідей даму бұзылымдары бар балалардың мектепке бару қолжетімділігін қамтамасыз етілуі:

-тірек-қимыл аппараты: мектепке жеткізу, пандустар, сүйеніштер, көтергіштер, лифт, арнайы жабдықталған оқу орны (үстел, орындықтар), жалпы пайдалану орындары (дәретхана, асхана және т. б.);
- көру қабілеті: тактильді жолдар, тактильді көрсеткіштер, таяныштар және т. б.
Оқу орнының бейімделуі баланың жеке ерекшеліктеріне қарай оқыту ортасын бейімдеуді көздейді. Оларға жатады:
- дене даму ерекшеліктері: есту қабілеті төмен, көру қабілеті төмен не-месе бойы кішкентай баланың бірінші партада отыруы; нашар көретін балаға үстел шамын қою, партаның және т. б. биіктігін реттеу;


- мінез-құлық ерекшеліктері: гипербелсенді бала мұғалімнің жеке қолдауы мен бақылауын талап еткендіктен бірінші партаға отырғызу. Бала үшін жұмыс орнын бейімдеудің басқа да ықтимал нұсқалары:
- соңғы партада отыруы;
- өзі немесе беделді оқушымен отыруы;
- терезеден алыс (алаңдамау үшін) отыруы:
- арнайы орындықта отыру немесе биік үстелдің жанында тұру (зейін шоғырлануын жақсарту үшін) және т. б.

  1. Компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық. Оқуүрдісінде тірек-қимыл аппараты, есту, көру, сөйлеу қабілеті бұзылған ба-лалар ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі бекіткен компенсаторлық, техникалық және көмекші құралдар тізбесіне сәйкес белгіленген тәртіпте алынған жеке техникалық және компенсаторлық құралдарды пайдаланады [3].





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет