Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарын таңдау, жеке оқу матери-алдарын даярлау III қорытынды IV пайдаланылған әдебиеттер



бет4/5
Дата18.05.2023
өлшемі86,66 Kb.
#94418
түріОқулық
1   2   3   4   5
Байланысты:
3БӨЖ Жақатова Динара

III Қорытынды
Баланы балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жайлы сезіну үшін қолайлы жағдай жасау – қазіргі білім беру жүйесінің басты міндеті болып табылады. Осы орайда Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Мектептер мен колледждер ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар инклюзивті ортада балаларды сүйемелдейтін тиісті мамандармен қамтамасыз етілуі;

  • Педагогтерге, ата-аналарға, ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар балаларға мобильді консультациялық-әдістемелік көмек енгізілетін болады. Кәсіби стандарт негізінде инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтер (пән мұғалімдері, педагогтер, педагог-ассистенттер және басқалар) үшін біліктілік талаптарының жаңартылуы;

  • Ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар балаларды түзеу арқылы педагогикалық қолдау мақсатында мемлекеттік тапсырысты орналастыру кезінде жан басына шаққандағы қаржыландыру (әлеуметтік рюкзак) нормалары әзірленуі;

  • Білім беру ұйымдары ерекше білім берілуіне қажеттіліктері бар білім алушыларға жағдай жасауды қамтамасыз ету (арнайы жабдықтармен, жиһазбен, кадрлармен, оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен, пандустармен, көтергіштермен, лифтілермен және т.б. жарақтандыру) жұмысын жалғастыру» міндеттері ерекше атап өтілген [1].

Ал қазіргі уақытта еліміздің білім алуында қиындықтары бар балаларға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен білім беру жүйесінде оқытудың арнайы жағдайын құру барысында келесідей құжаттарды басшылыққа алу ұсынылады. Олар:
1) оқу жоспары мен оқу бағдарламасын өзгерту;
2) оқыту нәтижелерін бағалау әдістерін өзгерту (оқушылардың оқу үлгерімі);
3) оқытудың арнайы, вариативті және альтернативті әдістерін қолдану;
4) оқулықтарды, оқу әдістемелік құралдарын, жеке оқу материалдарын таңдау;
5) оқыту формасын таңдау;
6) тосқауылсыз орта құру және оқыту орнына бейімдеу;
7) компенсаторлық және техникалық құралдарға мұқтаждық;
8) арнайы психологиялық- педагогикалық көмек (психологтың, логопедтің, арнайы педагогтың (олигофренопедагогтың, сурдопедагогтың, тифлопедагогтің);
9) педагог-ассистентің көмегі;
10) әлеуметтік – педагогикалық көмек.
Осы ұсынылған құжаттамалық бағыттардағы педагогикалық-психологиялық қолдауды толыққанды жүзеге асыратын бөлім – педагог-ассистенттің көмегі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет