Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарын таңдау, жеке оқу матери-алдарын даярлау III қорытынды IV пайдаланылған әдебиеттер


Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарын таңдау, жеке оқу матери-алдарын даярлау



бет3/5
Дата18.05.2023
өлшемі86,66 Kb.
#94418
түріОқулық
1   2   3   4   5
2.2. Оқулықтар, оқу әдістемелік құралдарын таңдау, жеке оқу матери-алдарын даярлау


Жалпы білім беретін мектептер ЕБҚ бар балаларды оқыту және қолдау үшін мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдарын, сонымен қатар арнайы білім беру ұйымдарын жабдықтармен және жиһазбен жабдықтандыру нор-маларына сәйкес әртүрлі компенсаторлық, техникалық құралдарын, дамы-тушы жабдықтарын алады және пайдаланады.

  1. Арнайы педагогикалық (логопед, олигофренопедагог, сурдопедагог, тифлопедагог) және психологиялық көмек . Психикалық және дене дамуыбұзылған балаларға мамандардың қызметтерін ұсыну ПМПК ұсынысы


негізінде жүзеге асырылады.Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қызметі баланы тексеру (зерделеу) нәтижелері негізінде психологиялық-педагогикалық көмектің қарқындылығын (аптасына 1 - ден 3 сабаққа дейін) және сабақтардың ұзақтығын (тоқсан-жыл) анықтайды. Мамандардың жүргізетін сабақ жиілігін анықтау оқу қиындықтарының айқындылығына байланысты.
Ұзақ жекелік-дамыту жұмысы барысында психофизикалық бұзылу-ларын толық жеңу мүмкін емес оқушылар категориясы (ақыл-ойдың, есту мен сөйлеудің бұзылуы) бар екенін атап өткен жөн. Мамандар бірінші кезекте танымдық іс-әрекеттің (ойлау, есте сақтау және т.б.) бұзылуын толық түзету мақсатында емес, баланың білім беру үдерісіне өз (типтік, қысқартылған немесе жеке) бағдарламасы шеңберінде табысты қосу мақсатында қызметтерін көрсетеді. Әрі қарай орта немесе жоғарғы буында зиятында немесе сөйлеу тілінде бұзылымы бар оқушы өз бағдарламасының көлемінде оқу материалын меңгерсе, онда бір жолғы кеңес беру қызметін ала алады немесе мамандардың қызметтерін алмауы да мүмкін.
Мектептің қолдау көрсету қызметінің шешімі негізінде психолог пен логопедтің көмегі екінші және үшінші топтағы балаларға көрсетілуі мүмкін. Бұған ПМПК тексеруін қажет етпейтін эмоционалдық және мінез-құлық проблемалары бар және ауызша/ жазбаша сөйлеу бұзылыстары бар балалар жатады.
Мектептің қолдау қызметі логопедиялық сабақтарға 3 деңгейдегі жалпы сөйлеу тілі дамымаған балаларды, оның ішінде фонетика-фонематикалық бұзылыстары, жазбаша жазуындағы бұзылыстары (дисграфия, дислексия) бар балаларды жібереді. Ауызша немесе жазбаша сөйлеудің кемшіліктері табысты оқуға кедергі келтіріп, оқу бағдарламасын меңгерудегі қиындықтардың туындауына себепкер болады. Демек, логопедтің сабақтарына жіберудің негізгі көрсеткіші болып табылады. Бағдарламаны меңгеруге әсер етпейтін (бала оқуда табысты) жекелеген жеңіл сөйлеу кемшіліктері бар (мысалы, дыбыстың дұрыс айтылмауы) балалар кеңестік негізде мектеп логопедіне жіберіледі.
Родителям кеңес беру немесе мұғалімдерге бір реттілік немесе жиі (аптасына, айын, тоқсанға бір рет) көмек көрсетілуі мүмкін. Оның қажеттілігі мен ұзақтылығын логопедтің өзі шешеді.
Психологтың көмегі сыныпта оқуға кедергі жасайтын эмоционалдық, мінез-құлық және коммуникативтік проблемалары бар балаларға көрсе-тіледі. Сабақтың жиілігі мен ұзақтығын психолог өз бетінше белгілейді. Психологпен сабақтарды тоқтатудың негізі – бұл баланың жеке эмоционалдық және мінез-құлықтық ерекшеліктері сақталған жағдайда да сыныпта табысты бейімделуі мен білім алуы болып табылады. Сыныпқа бейімделуі мен оқу бағдарламасын жемісті меңгеруге кедергі келтірмейтін эмоционалдық және мінез-құлықтық ерекшеліктері бар балаларға кеңестік көмек көрсетіледі.
Родителям кеңес беру немесе мұғалімдерге бір реттілік немесе жиі (аптасына, айына, тоқсанға бір рет) көмек көрсетілуі мүмкін.

  1. Педагог-ассистентің көмегі. Ерекше білім беруге қажеттілігі бар кейбір балаларға табысты оқуы үшін жеке көмекшінің көмегі қажет бола-ды. Жеке көмекшінің қызметіне екі функция кіреді:

а) балаларға физикалық көмек көрсету мақсатында қолдау көрсетуші тұлғаның функциясы;
б) сыныптағы оқу жұмысына көмек көрсету мақсатында педагог-ассистентің функциясы.
Қолдау көрсетуші тұлға кеңістікте өздігінен қозғалмайтын неме-се қозғалуы шектеулі (тұрақты көмек талап етіледі), көру кемістігі бар балалардың оқуға қатысуына қол жеткізуін қамтамасыз етеді. Ол балаларға мектеп, сынып бойынша орын ауыстыруға (қозғалуға), өзіне-өзі қызмет көрсетуге; тамақтануға; оқу құралдарын пайдалануға көмектеседі және басқа да қызметтерді орындауға себепкер болады. Бұл функцияларды орын-дау жоғары педагогикалық және психологиялық білімді талап етпейді.


Балалардың бір бөлігінде қозғалыс бұзылыстарының күрделілігіне байланысты қорғау режимін құру қажеттілігі туындайды: баланың құлап кетуіне, соғылуына және т. б. жол бермеу. Әдетте мұндай жағдайлар қоңырау үзілісінде, балалардың бір-бірімен еркін қарым-қатынасы мен дене байланысы болатын жағдайларда болады. Мұндай жағдайда өздігімен қозғала алатын балаларға педагог-ассистенттің көмегі тағайындалмайды, себебі ол оқушының күзетшісі немесе күтушісі қызметін атқармайды.
Мұндай балаларға қауіпсіз және қолайлы ортаны мектеп және сынып жетекшісі құруы қажет. Мұғалім барлық оқушыларға сыныптасының бойындағы ерекшеліктері, онымен дене байланысына түсу кезінде мұқияттықтық пен сақтықты сақтау қажеттілігі жөнінде әңгімелей оты-рып, оларды қамқорлық көрсету, басқаға ерекше көңіл бөлу қасиеттеріне тәрбиелейді. Мұндай оқушының мектептегі (асхана, коридор және т.б.) қауіпсіз қозғалуы ашық түсті киімдері арқылы (сары немесе жасыл көкірекше) жүзеге асырылады. Мұндай баланы кездестірген кезде кез келген мұғалім немесе оқушы сақтық танытып, көмек болған жағдайда қол ұшын береді.
Жақын арада МОН РК Жалпы білім беретін мектептерінің үлгілік штаттарына педагог-ассистент лауазымын енгізуді жоспарлауда. Педагог-ассистент оқу процесіне өздігімен қатыса алмайтын мінез-құлық, эмоционалдық және коммуникативтік бұзылымдары бар (АСБ және т.б.) оқушыларға көмек көрсетеді. Қолдау көрсетуді талап ететін мінез-құлық және эмоциялық проблемаларға мыналар жатады:

  • баланың сабақта өзін-өзі ұстау ережелерін орындауға қабілетсіздігі: партада отыра алмайтын, тұрып, сынып ішінде жүретін; мұғалімнің ескертулерін, талаптарын орындай алмайтын (елемейді);

  • мұғалімнің талаптары мен нұсқаулықтарын қиын түсініп және қабылдайтын; белгілі бір іс-әрекетті орындау үшін мұғалімнің үнемі жекелік көмегін және қолдауын қажет ететін балалар;

  • сабақта өзін-өзі ұйымдастыру және өзін-өзі бақылау қиындықтары: баланың өзі сынып жұмысына қосылмайды және сынып тапсырмаларын ересек адамның көмегінсіз орындамайды;

  • мінез-құлық және эмоциялық ерекшеліктері: дауыстап сөйлейді, себепсіз күлкі, айқайлап, жылап, басқа балаларға және сынып жұмысына кедергі келтіреді, мұғалімге агрессия көрсетеді.

Педагог-ассистент оқушыға оқу процесіне енуге көмектеседі, ұйымдастырады, бағыттайды, жағымсыз мінез-құлықты, эмоциялық және мінез-құлқындағы теріс әрекеттерінің алдын алады. Ол баланың мінез-құлқын бақылай отырып, өз бетінше оқу дағдыларын меңгеруге үйретеді, әрі қарай баланың өзі жасайтын жұмыстарын дербес орындауға қолдау көрсетеді. Жеке көмекші қолдауды төмендету барысында жұмыс атқаруы қажет. Жекелік қолдаудың негізгі және соңғы мақсаты - баланың сыныптағы және мектептегі толықтай дербестігі. Оқушыға жеке қолдау көрсетуде ассистенттің қатысуын азайту төмендегідей ретпен жүргізіледі:

  • толық қолдау көрсету – ассистенттің оқушымен бір партада отыруы;

  • біртіндеп алшақтату – оқушы партада, ал ассистент оқушыға бағыттаушы және ұйымдастырушы көмек көрсетіп артында отырады. Кейінен ассистент тек бөлектенген сабақтарға ғана қатысуына болады;

  • сыныпта өздігімен жұмыс жасайды– оқушы ассистенсіз партада өзі отырады.

Мінез-құлқында проблемалары жоқ зиятының, есту, сөйлеу және т.б. бұзылымдары бар балаларға (арнайы қозғалыс құралдарының көмегімен қозғалатындардан басқа) педагог-ассистенттің көмегі тағайындалмайды.
Мінез-құлқында ерекшелігі бар баламен жұмыс жасауда педагог-ассистенттің арнайы дайындығы болуы қажет (психология және арнайы педагогикалық жоғары білімі негізінде).
Психикалық және дене дамуы мен мінез-құлқы бұзылған балаларға педагог-ассистент қызметін ұсыну ПМПК ұсыныстары негізінде жүзеге асырылады. Мектептің қолдау қызметі өз шешімімен жеңіл мінез-құлық проблемалары мен сыныптағы жұмысқа бейімделудің қиындықтары бар балаларға бір тоқсанға педагог-ассистент қызметін ұсына алады. Егер де мұндай көмек алдағы уақытта да көрсетілу қажет болса, онда баланың ерекше білім алу қажеттілігін растау үшін ПМПК қорытындысын алуға бағыттау қажет.
10) Әлеуметтік – педагогикалық көмек. Социальный педагог көмегініңқажеттілігін ӘПКК анықтайды. Социальный педагог лауазымдық міндеттері мен жұмыс жоспарына сәйкес әлеуметтік қатері бар отбасыларының бала-ларына көмек көрсетеді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет