Оқулықтарға сілтеме



бет2/4
Дата14.10.2023
өлшемі34,17 Kb.
#113748
түріОқулық
1   2   3   4
Салыстырмалы тұтқырлық ерітіндінің капиллиярлы вискозиметр түтікшесінен өту уақытының, еріткіштің өту уақытының (бірдей жағдайда өлшенген) мәндерінің қатынасына тең болады:


ηсал=τ/τ0


Меншікті тұтқырлық ерітінді мен еріткіштің тұтқырлықтарының айырмасының еріткіш тұтқырлығына қатынасын көрсетеді:


ηмен=(τ─τ0)/τ0сал-1


Келтірілген тұтқырлық полимердің меншікті тұтқырлығының оның концентрациясына қатынасына тең:


ηкелт = ηмен/С = (ηсал – 1)/С


Сипаттамалық тұтқырлық [η] деп полимер ерітіндісінің концентрациясы нөлге ұмтылған кезде, келтірілген тұтқырлықтың ηмен/С мәнін айтады.
Сипаттамалық тұтқырлықтың мәні графиктен (өрнектеп) полимердің концентрациясы нөлге ұмтылған кездегі ηмен/С мәнін экстрополяциялау арқылы табады. Демек,


мен/С)с→0=[η]

Ерітіндінің концентрациясы 100 г еріткіште еріген полимер мөлшерінде көрсетіледі. Тұтқырлықты анықтау үшін вискозиметрлер қолданылады, белгілі (тұрақты) температурада полимердің әр түрлі концентрациясы мен еріткіштің вискозиметрдің дөңгелек көлемінен өту уақытын анықтайды есептелу арқылы ηсал, ηмен, ηменмәндерін тауып, ηменқатынасының концентрацияға (С) байланысты өрнегін тұрғызып, С нөлге ұмтылғандағы түзу сызықты экстрополяциялау арқылы [η] мәнін қойып, 2-кестеде келтірілген К мен α-ның мәндерін қойып, полимердің молекулалық массасын анықтайды.




Жұмыстың сипаттамасы.
Жұмыстың мақсаты:
- Уббелоде вискозиметрінде жұмыс істеу принципімен танысу;
- полимердің молекулалық массасын вискозиметрлік әдіспен анықтау;
- Марк-Кун-Хаувинк теңдеуі бойынша полимердің молекулалық массасын есептеу.


Реактивтер
Полимердiң ерiтiндiсi – 10 мл (C=0,1 г/10мл)
Ерiткiш – 50 мл


Қажетті құрал-жабдықтар:
Термостат
Вискозиметр
Секундомер
Ризинадан жасалған сорғыш
Жалпақ түпті колба, көлемі 50 мл




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет