а) Арифметикалық материал. Оқулықтың бөлімі натурал сандар арифметикасын қайталауға жəне пысықтауға арналған. Мұнда пропедевтикалық дайындықты жүзеге асыруға көңіл бөлінген.II жəне III бөлімдер бөлшек сандар арифметикасына арналған. Ондық бөлшектер қазіргі оқулықтардағы сияқты жай бөлшектердің дербес жағдайы ретінде олардан кейін емес, керісінше жай бөлшектердің бұрын енгізілген
|
ә) Алгебралық материал. Оқулықта алгебраны оқып- үйренумен байланысты пропедевтикалық дайындық жүзеге асады. Алгебраның теориялық мəселелері келтірілмейді, бірақ алгебраға негіз болатын ұғымдар (график сызу, өрнек, теңдеу, шамалардың арасындағы байланыс, пропорционал шамалар, тура жəне кері пропорционалдық жəне т.б.) жүйелі түрде енгізіледі.
|
б) Геометриялық материал. Оқулыққагеометрияның кейбір элементтері де енгізілген жəне оның да пропедевтикалық мақсатқа бағындырылғаны аңғарылады. Геометриялық материал оқулықтың IV, V, VII жəне Х бөлімдерінде берілген. Геометриялық материалдың мазмұнының қазіргі 5-сынып математикасына қарағанда əлдеқайда кең екендігі бірден байқалады. Олардың барлығын игеру ешқандай теоремалар мен дəлелдемелерсіз, практикалық іс-əрекеттер орындау арқылы жүзеге асырылады.
|
в) Шамалар жəне оларды өлшеу мəселелері оқулықтың басынан аяғына дейін арифметикалық, алгебралық жəне геометриялық материалды оқып- үйрену барысында олармен тығыз байланыста енгізілген. II бөлімде метрлік өлшеуіштер жүйесімен таныстыру жүзеге асырылады жəне ол кесіндінің ұзындығын өлшеумен ұштастырылады, ондық бөлшек ұғымы шаманы өлшеудің нəтижесі ретінде енгізіледі, сондай-ақ, ескі орыс өлшеуіштерін метр өлшеуіштеріне айналдыру мəселесі қарастырылады
|
г) Есептер. Əрбір бөлімде теориялық мəселелерді бекіте түсу мақсатында «Жаттығулар» деген тақырыптармен практикалық тапсырмалар мен есептер келтірілген. Оқу құралына 795 жаттығу енгізілген, оның басынан аяғына дейін оқушылардың есеп шығаруына көп көңіл бөлінген. Есептердің мазмұны əртүрлі тұрмыстық жағдайларды қамтиды (мектеп тұрмысы; социалистік құрылыс; ауыл шаруашылығы; техника; аймақтану; экономика; география жəне т.с.с.).
|