Оқулықтың жаңа дәуірі «2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың халыққа жолдауында «Электрондық үкімет»


Mektep.EDUS, Ok.edus.kz, Сфера платформасы және Оpiq.kz электронды оқулықтар платформалары білім беру үдерісінде қолданыста



бет2/2
Дата16.02.2022
өлшемі26,08 Kb.
#25628
түріОқулық
1   2

Mektep.EDUS, Ok.edus.kz, Сфера платформасы және Оpiq.kz электронды оқулықтар платформалары білім беру үдерісінде қолданыста.


Оpiq.kz электронды оқулықтар платформасы– эстондық және қазақстандық баспалардың бірлескен өнімі. Эстония – Еуропалық Одақта цифрландыру бойынша көшбасшы мемлекет. Бұл елдің білім беру технологиялары тек Қазақстанда ғана емес, сонымен қатар Финляндия мен Сингапурде де енгізіліп жатыр.

«OPIQ.KZ платформасындағы цифрландырылған оқулық – мектептің оқу жоспарына толық сәйкес келетін, бейнежазба, аудиожазба және интербелсенді тапсырмалармен жабдықталған оқулық. Бір сөзбен айтқанда, ол қағаз оқулық сияқты, бірақ ақпарат көлемі анағұрлым көп. Электрондық оқулық бейімділігі әртүрлі балаларға да өте ыңғайлы. Егер оқушы ақпаратты есту арқылы қабылдауға бейім болса, онда ол аудиожазбаны тыңдайды, немесе, керісінше, көзбен көре отырып жақсырақ қабылдаса, мұғалімнің бейнематериалын немесе таныстырылымын көреді.» [4]. Алайда оны қолдану үшін лицензия керек және біраз бөлігіне шектеу қойылған.

Б ілім беру жүйесі үшін ең тиімдісі BilimLand платформасы деп ойлауға тура келеді. Мұнда, теориялық бөлімінде бейнетүсіндірме, конспект немесе өзге материалдар бар. Теориялық бөліммен танысқаннан кейін оқушыға әртүрлі қиындықтағы жаттығулар беріледі. Оқушы қате жауап берсе, қатемен жұмыс жасауға мүмкіндік бар. Барлық тапсырма орындалғаннан кейін әрбір бөлімнің нәтижесін, ал оң жақтағы "Сабақ қорытындысы" бөлімінде алған бағаны көруге болады. Мұғалімнен келген үй тапсырмасымен толық танысып, сабаққа қайта өтуге мүмкіндік бар. Төменде үй тапсырмасын орындау терезесінде оқушы тапсырма жауабын жазады. Сонымен қатар, BilimLand платформасына жаңа оқу жылында Zoom баламасы іске қосылды.

Оқушы бұл платформаның басты бетіне кіріп, пәндер батырмасы арқылы қажетті пәнге, оның ішінде тақырыпқа өтіп білімін шыңдап, тапсырмаларды орындай алады. Мұндағы барлық пән оқулықтары электронды оқулыққа тән қасиеттерге ие. Яғни, оқушы әрбір тақырып бойынша теориялық білім алып, оның дыбыстық және бейнелік сүйемелдеуі арқылы тыңдап, берілген жаттығуларды орныдап, тесттерге жауап беру арқылы бағаланып отырады.

BilimLand платформасындағы математика пәні бойынша кешеніне өтетін болсақ, платформада екі жолмен қарауға болатын нұсқа бар. Оның бірі пән арқылы кез-келген тақырыпты қарау болса, екіншісі сынып арқылы қажетті оқулықты қарау.

Мұнда платформа туралы жалпы ақпарат берілген, яғни басты артықшылықтары көрсетілген:



  • сабақтарды жетекші әдіскер-мұғалімдер, пән мамандары, аниматорлар және бағдарламашылар тобы әзірлеген;

  • кешен қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жасалған;

  • платформа интерактивтілігі жоғары деңгейде;

  • кешен сабақтары оқушылардың математикалық және жаратылыстану-ғылыми ойлау дағдыларын қалыптастырады.

Қорытындылай келе, Цифрлы Қазақстанның білім беру жүйесіндегі жылдам дамуы кезеңінің басталуы, электронды оқулықты оқытуда қолданудың оқушы үшін де, мұғалім үшін де тиімді екенін көрсетті. Алдағы уақытта білім беру саласы электронды оқулықтардың сапалы, инновциялық түрлерімен толықтырыла отырып, болашақ жастарымыздың өз бетінше білім алу, үйрену, шешім шығару, өзін бағалау, бақылау дағдыларының қалыптасуына, мобильділік, шығармашылық, заманауилық қабілеттерінің дамуына тікелей әсер ететініне сенімдімін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет