Cartoon және Бастауыш сыныпта қазақ тілінің лексикалық қоры.
3. «ДЖИКСО» әдісі арқылы оқушылар жаңа тақырыпқа кіріспе жасап, меңгерген ақпараттарымен бөліседі.
Мақсаты: Ынтымақтастықта, бірлікте жұмыс жасауға, білгенін жолдастарымен бөлісуге, тақырыпты ортаға салып талқылауға, түйінді ойды саралауға жетелейді.
Қолданылуы: Көлемді мәтін төрт бөлікке бөлінеді, оқушылар да шағын топтарға бірігіп («бастапқы топ»), 1-ден 4-ке дейін нөмірленеді. Осыдан кейін олардың әр-қайсысы өз нөміріне сәйкес мәтіннің бір бөлігін ғана оқиды. Содан кейін топтар құрамы өзгертіліп, жаңа топтар («сарапшылар тобы») құрылады, сарапшылар топтарында оқушылар өз нөмірлері бойынша жинақталады: мәтіннің №1 бөлігін оқыған оқушылар 1 топқа т.с.с. Өкілдер басқа топтарға барып, өз жұмыстарын таныстырады, топтық талқылау жүреді.
1 тапсырма «Серпілген сауал» әдісі
«Тіл мәртебесі-ел мәртебесі» дегенді қалай түсінесің?
«Тіл-достықтың алтын көпірі» деген ұғымды талдап беріңдер?
«Өз тілің - бірлік үшін, ззге тілің - тірлік үшін» деген нақыл сөзбен келісесіңдер ме?