11 «Б» сынып оқушысы Мұхтаров Асет
Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай іспен айналысса
да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер болып мектепте
өткізген уақыт қалатын шығар. Мектеп – білім
айдынындағы үлкен кеме. Мектеп табалдырығын тарыдай
болып аттап, он бір жыл бойы білім алып, таудай болып
шығамыз. Мен №3 мектеп-лицейінде оқимын. Менің
мектебіме бесінші ақпанда 77 жыл болады.Бұл мектеп
1939 жылы қаланды. №3 мектеп-лицей екі қабаттан
тұратын мектеп, бұл мектептің ішінде қанша жыл жұмыс
жасайтын білімді мұғалімдер бар. Көптеген жас
түлектерді алтын ұясынан ұшырған мектеп ұстаздары
бізге үйретуден еш жалыққан емес.
Алғашқыда мектепке келіп әрбір әріпті, әрбір санды
жазып үйрену қалай қиынға соққан еді? Уақыт өте бәрі
өзгерді. Көзді ашып-жұмғанша уақыт тез өтеді де кетеді
екен. Мектеп қабырғасында өткізген әрбір күн, әрбір 45
минут балалық шағымның балғын уақыты болып өтеді.
Мектепте біз шынайы дос табамыз, білім алып, өмірді
үйренеміз. Мектепте өткен уақыт адам өміріндегі
шаттыққа толы кездер. Өз мектебімді шын мәнінде жақсы
көремін. Мектебім маған үлкен өмірге жолдама береді,
үлкен өмірге дайындайды.
Алтын ұя мектебім аялаған,
Бар балаға білім беріп сая болған.
Үлкен жолға түсіріп шәкірттерін,
Жаманға да жақсыға пана болған.
Еркелігін көтеріп әр баланың,
Сусындатып білімнің тұнығынан.
Саған қарыз бар пенде ғаламдағы,
Нәр алып ұшып шыққан қойыныңнан!
Осы білімді, мектепке деген махаббатты,
кішіпейілдікті, қай заттың не екенін түсіндірген №3
мектеп-лицейінің ағай-апайларына, сынып жетекшіме
және де Әбдіқалықова Меруерт апайға шексіз алғысымды
білдіремін!
Туған күніңмен, алтын ұя мектебім!
9 «А» сынып оқушысы: Қалыбек Ақылбек
Мінекей, аяулы мектебімізге 77 жыл толып отыр.
Мектебімізді тамыры кеңге жайылған білім ордасы десек
те артық емес. Бізге ең білімді
де, білікті ұстаздар дәріс береді,
білімге баулиды. Жыл сайын
мектебімізден
жүздеген
түлектер білім алып, қияға
ұшып жатыр. Олар жоғарғы оқу
орнын аяқтап, мемлекетіміздің
түкпір-түкпірінде еңбек етуде.
Кейбіреулері
шетелдерде
білімін жалғастырып және
еңбек етіп, тәжірибе алмасуда.
Бұның
бәрі
біздің
мектебіміздегі білім беріп
жүрген
ұстаздарымыздың
қажырлы еңбегінің нәтижесі деп білемін. Біз де
алдымыздағы аға-әпкелеріміз сияқты, жақсы оқып,
ұстаздарымыздың мәртебесін биік қылып, мектебіміздің
атын шығаруға ат салысуға тырысамыз.
Осы мектепте оқып келе жатқаныма биыл 7 жыл толады.
Егер кез келген бейтаныс, қай мектепте оқитынымды
сұраса, ойланбастан:«№ 3 мектеп-лицей»,-деп
мақтанышпен айтар едім.
Аяулы мектебім! Сенің жетістіктеріңе біз әрдайым
қуанамыз, мақтанамыз. Сен, әр кез, қайда жүрсем де
жүрегімдесің. Мектебім! Сен-біздің екінші үйімізсің!
Мерейтойың құтты болсын! Өсіп, өркендей бер, алтын
ұя, мектебім!
Найзабай Құралай 7 «в» сынып оқушысы
Мектеп – жас ұрпаққа білім, тәрбие беретін білім
ордасы. Білім беру жүйесінің негізгі буыны. Басты
нысаны – сабақ оқыту. Міне, мектеп деген сөзді мен
осылай ұғамын. Адам қанша жыл өмір сүрсе де, қандай
іспен айналысса да, өмірдегі ең ұмытылмас сәттер
мектепте болады. Тарыдай кезімде мектеп деген үлкен
кемеге отырдым. Мінген кезде бір нысананы көздедім.
Қазіргі кезде сол нысан бойынша үлкен айдында жүзіп
келе жатырмын. Кеме де сусындап жүргенімде, мектебіміз
77 жасқа келіп қалыпты. Осыған орай мектебімізде әр
түрлі іс – шаралар өтіп тұрады. Қазақстанда 1 желтоқсан
күні елімізге таңбадай басылса, 4 ақпан біздің мектебіміз
де үлкен орын алады. Алтын ұям, мектебім, туған күнің
құтты болсын! Мектебімізге сыйлық қылып, жыл сайын
оқушылар әртүрлі елдерге барып, жүлделі болуда.
Қаламыздағы 50 мектептің ішінен ерекшеленіп,
О қ у ш ы ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы
А й н а с ы
10
Білім
Біздің мектептің тарихы өте қызық. Оның іргетасы
1939 жылы қаланған. Ол кезде мектебіміз «Ворошилов»
деп аталған екен. Біздің мектеп-лицейіміздің ғимараты
қаланың орталығында орналасқан. Жаңа ғимаратқа
мектеп-лицей ұжымы осыдан 13 жыл бұрын көшкен екен.
Лицейімізде толық жабдықталған медициналық орталық
бар. Ауырып қалған жағдайда дереу медициналық
орталыққа жүгіріп барамыз. Ондағы мейірбан медбике
апайларымыздың қамқорлығы ерекше. Олардың берген
дәрісін ішіп, пайдалы кеңесін тыңдаған кезде, тез
жазылып кеткенімізді де білмей қаламыз. Өзімізге
қажетті ақпаратты интернет орталығынан қараймыз.
Кітапханамыздың қоры өте бай. Қазір онда жалпы саны
13 мың 420 кітап бар. Сабақтан тыс уақытта барып
қалағаныңды оқуға болады.
Бүгінде ағай-апайларымыздың нәтижелі еңбегінің
арқасында мектеп-лицейіміз облыстық білім беру
саласында көш бастап келе жатыр. Алдағы уақытта біз де
түрлі білім сайыстарына, спорттық додаларға қатысып,
алтын ұямыздың абыройын асырамыз деп үміттенемін.
Ол үшін бізге мектеп-лицейімізде керек жағдайдың бәрі
Назарбаев Зияткерлік мектеп базасына лайық деп
саналған-№ 3 мектеп-лицейі. Мектеп-үлкен отбасы,
ұстаздарымыз – анамыз, сыныптастарымыз-жақын
досымыз. Бұл мектебімізде іс-шараларды, кең ауқымды
өткізуге пайдасын тигізіп отыр.№3 мектеп-лицейінің
жетістіктері өте жоғары. Мектепте технология дамыған,
әртүрлі конкурстар бар. Тіпті барлық оқушыларды
қамтамасыз ететін дебат, экология, журналистика, би,
шахмат, волейбол үйірмелері бар. Тағы айта кетсек,
мектепте «Жас ұлан» ұйымы бар және мен сол ұйымның
мүшесімін. №3 мектеп-лицей кітапхана қоры
әдістемелік, анықтамалық, электронды оқулықтармен
толықтырылған. Кітапханада сыныптан тыс жұмыстар,
іс-шаралар өткізіліп отырады. Қысқасы, бұлардың
барлығы № 3 мектеп-лицейге тән. Алдағы уақытта
Назарбаев Зияткерлік мектебінің базасына айналған №3
мектеп-лицейінің еңсесі биік, білімді, талантты, ел
басқаратын ұрпақ шықсын деп тілеймін.
7 «Б» сынып оқушысы Балтабай Құралай
Туған елім – тірегім
Елжірейді жүрегім
Туған елім – асылым
Ата-анамдай сүйемін.
Туған елдің тау-тасын
Шежіредей көремін
Елді қорғау бәрінің
Борышы деп білемін.
Айдарбек Аружан
8А сынып оқушысы
Елім деп соғар жүрегім
Өзіңмен әр кез біргемін
Сүйіспеншілігім мол саған
Басымды әрқашан иемін.
Елім деп соққан жүрегім
Елбасы айтқан білемін
Мәңгілік елім жарқырап
Қуанар талай түлегің.
Нұр шуаққа бөленген
Кенде емес ұрпағын өнерден
Жүз қадамға бір қадам
Табысқа халқым кенелдің.
Бегімбаев Ерсұлтан
8А сынып оқушысы
Өз елім Отан жүрегім
Сен үшін абырой төгемін
Қазақтай қайтпас ел бар ма?
Әрқашан бермес өз елін.
Намысшыл қазақ ерлері
Қасқырдай қайтпас жүрегі
Ұрпағы үшін қалдырған
Ұлан байтақ бұл елді
Мұнарбаев Қайдауыл
8А сынып оқушысы
«Елім» деп соғар жүрегім
Елім деп соғар жүрегім
Түлегі біз тірегі
Әрқашан да жырыма
Ылғи қосып жүремін.
Елім деп соғар жүрегім
Мың өліп мың тірілдім.
Көк туың мәңгі желбіреп
Жасасын мәңгілік елім!!!
Айтмағамбет Наргиз 8А сынып оқушысы
О қ у ш ы ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы
Мектеп – балаларды кішкене кезінен бастап, ер
жеткенге дейін білім нәрімен сусындатар алтын ұямыз.
Мектепте он бір жыл оқисың. Мектеп табалдырығын
алғаш аттағанда, жылы шырайлы, мейірімді ұстаздарды
көресің. Қазақтың «Мектеп-кеме, білім-теңіз» - деген
мақалы бекер айтылмаса керек. Себебі, «мектеп» атты
кеме сені қай жерге дейін жетелесе, сен де сол жерге дейін
барып, биік шыңдардан көрінесің. Алар асуларыңа қол
жеткізесің.
Адам қанша жыл өмір сүрсе де, өміріндегі ең ұмытылмас
сәттер болып мектепте өткізген уақыты есінде қалатын
шығар. Мектеп-үлкен үйіміз, ұстаздар-екінші анамыз.
Оқу деген-өсірген әкең мен анаңның, ақылшы
ұстазыңның, мектебіңнің алдындағы борышың! Ал, менің
№3 мектеп-лицейім алтыннан да қымбат. Бұл мектеп 77
жасқа да келіп қалды. Ол-жетпіс жыл бойы есігін айқара
ашып, қарсы алып жүр. Мен мектебімді жақсы көремін.
Мектебім мен ұстаздарыма шексіз алғысымды айтамын!
Осыған орай, мен мектебіме арнап өлең шығардым. Осы
жазған ой толғауымды өлең шумақтарымен аяқтағым
келеді.
«Мектеп» деген алтын ұям ардақтар,
Әрбір шәкірт пікірімді салмақтар
Білім беріп, тәрбиеге үйреткен
Туа берсін өзіңе арналған шумақтар
5 «Г» сынып оқушысы : Аманжанова Балжан
жасалған. Қазір бізден талап етілетін жалғыз-ақ нәрсе ол
-оқу. Сондықтан да, мен әрдайым үлгілі оқушы болуға
тырысамын. Осындай мақтаулы мектеп-лицейде
оқитынымды мақтан тұтамын.
5 «А» сынып оқушысы Яхия Аяулым
11
А й н а с ы
Білім
«Көңілді түгел айтып болмайды екен, менің кеудем
сендерге сандықпен тең». Абайдың осы бір ұлы сөзіне
илансақ, ақын жанының тым нәзік болып келетінін анық
аңғарамыз. Сондай бір нәзік сырдың сыршыл жас ақыны-
Толқын Қабылша. Толқынды толқымай оқу мүмкін емес.
Өлеңдерінде өмір бар. Өлшеусіз талантты тал бойына
жинаған жас ақынның шығармашылық ізденісі жыл өткен
сайын жаңа туындылармен толысып, оқырмандарының
қатары артып келеді. Жуырда мектебіміздің оқушылары
“”Анау ғарыш – менің самғар мекенім’’ атты Толқын
Қабылшамен арнайы кездесу өткізіп, ақын
шығармашылығындағы жаңалықтарға қанық болды.
Толқын - халықаралық “Шабыт” фестивалінің
жүлдегері. Оның “Жаныммен жалғыз кешкем мұң” атты
өлеңдер жинағы да көпшіліктің ойынан шыққанын астын
сызып айтып кеткен дұрыс. Сондай-ақ оның бірнеше
өлеңдеріне ән жазылып, белгілі әншілер орындауында
айтылып жүр. «Күз кеуде», «Жадымда», «Ғажайып
күндер» атты әндері бүгін де тыңдармандардың
сұранысына ие болған.
Кеш Толқын Қабылшаның сөзіне жазылған Индира
Ерубаеваның орындауындағы «Күз кеуде» әнімен
тыңдалып, басталды.
Кешті айтыскер ақын, мектебіміздің математика пәні
мұғалімі Әбдиев Ержеңіс жүргізді. Кеш үш бөлімнен
тұрды: бірінші бөлімінде ақындар пікірі тыңдалды,
екінші бөлімінде Толқын Қабылшаның өлеңдерін
оқушылар мәнерлеп оқыды, үшінші бөлімде өлең
шығаратын оқушылар өздері шығарған өлеңдерін ақын
қонақтарға оқып берді. Кездесуде алғашқылардың бірі
болып филология ғылымдарының кандидаты Шанжархан
Бекмағамбетов сөз алып, Толқын Қабылша
шығармашылығы жайында өз пікірін білдірді.
Толқынның жырларын толқымай оқу расында мүмкін
емес. Оның әр өлеңінде өзгеше сарын, ерекше сыр,
айрықша ұйқас бар. Ақындық кез келгенге дари беретін
қасиет емес. Туа бітті тағдырға жазылатын дарын деуге де
болады. Толқын шығармашылықтың нағыз ортасында
жүрген адам. Жан-жақты қыры да жоқ емес,- дей келе
Шанжархан Бекмағамбетов өз шығармашылығынан
бірнеше өлеңін оқушылар назарына ұсынды. «Қорқыт-
қобыз» кітабының авторы, қазіргі таңда, эстрада әншісі
болып жүрген Қызылорданың тумасы Гүлнұр
Оразымбетованың орындауындағы «Қорқыт- Қобыз»
өлеңінің сөзін жазған Оңталап Нұрмаханов осы кездесуге
қонақ ретінде келді. Өскелең ұрпақты поэзия жанрын
сүюге, патриоттық сезімін оятуға өз үлесін қосып жүрген
дарабоз ақын өз шығармашылығынан оқушыларға өлең
оқып берді.
Мұнымен қоса, қалалық қазақ тілі мен әдебиеті пәні
бірлестігінің жетекшісі Г.Шамахова да Толқын
шығармашылығы туралы сөз қозғап,өз жанынан өлең
шығарып, ойын білдірді.
Толқын Қабылшаның өлеңдеріне бұрыннан қанықпыз.
Үнемі оқып, ой-пікірімізді білдіруге асығамыз. Жаңа
өлеңдері шықса, жазып алуға, жадымызда тоқуға
тырысамыз. Көп жерлерде, шығармашылық орталарда
Толқынның өлеңдері талданып тұрады. Біз ақын жеткен
жетістікке қоса қуанып отырамыз. Өйткені, Сыр бойының
мақтанышы – еліміздің мақтанышы болып қала бермек,-
деді Г.Шамахова.
Толқын туралы еліміздің түкпір-түкпіріндегі
ақындардың айрықша лебіздері көп. Әсіресе осы кеште:
”Өлеңдерінде өзіндік өрнегі бар Сыр елінің сүйікті
қызына, алты Алаштың аяулы ақынына арналған
ақынның жырлары үнемі сәтті шығып жатады. Өмірдің
өзін қаламның ұшына сыйғызып, поэзия әлемінде
айрықша
орны
бар
Толқын
Қабылшаның
шығармашылығы жоғары бағаға лайық деп есептеймін”,-
деп Толқын туралы тебіреністі пікірлерін білдірген
Қалқаман Сарин мен Қатира Жәленованың жүрек жарды
лебіздері тыңдалды.
Кеш барысында мектеп оқушылары ақынға жылы
лебіздерін білдіріп, көкейлерінде жүрген сауалдарын
жолдап, оған тұшымды жауаптар қайтарылды. Оқушылар
Т.
Қабылшаның
өлеңдерін
және
өз
шығармашылықтарынан мәнерлеп жатқа оқыды. Олар: 7
«Б» сынып оқушысы Балтабай Құралай «Абай атаға
арнау»,7 «В» сынып оқушысы Жанболат Жұлдызай
«Тәуелсіздік тұғыры» 11 «Б» сынып оқушысы Мұхтаров
Әсет «Тәуелсіздік», «Елін сүйген - Елбасы», «Асыл
мектебіме» өлеңдерін оқыды. Кездесу соңында ақын
бірнеше өлеңдерін оқып, көпшіліктің қошеметіне
бөленді. Біздің мектебіміздің 77 жылдық мерейтойына
байланысты ақын қонақтардан қонақ кәде сұралды.
Ақындар мектебіміздің туған күніне орай өздерінің жылы
тілектерін өлең жолдарымен қағаз бетіне түсірді.
Оның өлеңдерінде өмірге деген құштарлық, биікке
ұмтылыс, сырлы сезім, мұңлы махаббат, тылсым тебіреніс
бар. Ол – өмірге құштар ақын. Ол – ақынның өзі
айтқандай, “қанат қаққан киелі құс өлеңнің, қауырсындай
бағы”.
Гүлдана ДОСАЛИЕВА,
қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Өлеңімен өмірі егіз
О қ у ш ы ш ы ғ а р м а ш ы л ы ғ ы
А й н а с ы
12
Білім
Қызылорда қаласы әкімінің білім беру саласының
қызметкерлеріне жыл сайынғы сыйақы тағайындау
конкурсына
портфолио
тапсыруда мектеп басшысы
М.Н.Абдыкаликова маған сенім
артқан болатын. Әрине, бір
мектептен бір ғана қатысушыға
жолдама берілетіндіктен, маған
артқан сенім жүгінің жеңіл
болмайтынын да сезіндім.
Алдымен
қалалық
білім
бөлімінің жіберген конкурс
ережелерімен танысып шықтым.
Онда қорытынды қалалық
комиссияның ашық дауыс беру
нәтижесі
бойынша
қабылданатыны жазылған.
Өзімнің портфолиома үш жылғы
жетістіктерімді жүйелеп салып,
қосымша
тағы
қандай
материалдар қосу керек екендігін
анықтап алдым. Өзімнің пән бойынша бұқаралық ақпарат
құралдарына жарияланған мақалаларым мен
баяндамаларымды, авторлық-әдістемелік әзірлемемді,
инновациялық технологияларды оқу процесінде
қолдануым жайында жоспарлар жиынтығын, оқушылар
жетістігін, т.б материалдарымды жеке-жеке папкаларға
жинақтадым.
Қала мектептерінің арасында ұйымдастырылған бұл
конкурстың қорытындысы шыққанын және өзімнің
портфолиом өткенін естіп қатты қуандым. 53 мектептен
жіберілген үміткерлер құжаттарының ішінен 10-ы ғана
іріктеліп, бағаланыпты.
Марапаттау желтоқсанның 30 күні облыс
орталығындағы А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет
үйінде өтті. Салтанатты түрде өткен бұл жиын өте жоғары
деңгейде ұйымдастырылғандығы байқалды. Жиында қала
әкімі Н.Нәлібаев өтіп бара жатқан жылдың жаман
болмағанын айтты. Өңіріміз үшін 2015 жыл есте
қаларлықтай айырықша жыл болғанына ерекше тоқталып,
атқарылған жұмыстардың аз болмағанын баса айтты.
Барша халық болып атқарылған игі шаралардың -
Қазақстан Халық Ассамблеясының, Конституцияның 20
жылдығы, Ұлы жеңістің 70 жылдығы және Қазақ
хандығының 550 жылдығының жоғарғы деңгейде
өткендігін атап өтті. Қала әкімінің жылдық есебін
тізбектей келе жетістіктердің, атқарылған жұмыстардың
Жыл қорытындысы «Үздік мұғалім-2015»
сансыз көп болғанын аңғардым. Оның бәрі қала
басшысының табандылығы мен жауапкершілігінің
арқасында атқарылған еңбегінің жемісі екені сөзсіз.
Бір жылды қорытындылаған салтанатты жиында жыл
үздіктері деп танылғандардың әрқайсысын ерекше
ілтипатпен сахна төріне шақырып марапаттады. Онда
«Жаңалық жаршысы» – «Қызылорда таймс» газеті, «Жыл
ұстазы» - №9 мектеп-гимназияның мұғалімі
С.Қ.Шайхисламова, «Жыл спортшысы» – әлем
чемпионы ауыр атлетик А.С. Зайчиков, «Үздік медицина
қызметкері» - облыстық медицина орталығының
неврология бөлімшесінің меңгерушісі Р.М.Бисенбаева,
«Іскер әйел» - «РК Мұнай» ЖШС директоры
Р.Қ.Нұржанова, «Үздік ауылшаруашылық маманы» -
«Аманкелді»
шаруа
қожалығының
төрағасы
А.А.Сейітжаппаров, «Үздік әлеуметтік сала қызметкері»
- қалалық жұмыспен қамту орталығының қызметкері
Т.Құлпейісова, «Жыл құрылысшысы» - «Авангард ПГС»
ЖШС директоры Р.С.Искаков, «Үздік коммуналдық
сала қызметкері» - «Қызылорда тазалығы» ЖШС
директорының орынбасары Г.М.Жұмабекова, «Үздік
кәсіпкер» - жеке кәсіпкер А.Сайлығараев, «Үздік мекеме»
- қалалық құрылыс мемлекеттік мекемесінің бөлім
басшысы М.Ә.Әлсеріков, «Үздік тәртіп сақшысы» -
қалалық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары
Қ.С.Шүкіров, «Үздік үкіметтік емес ұйым» - «Самұрық»
инновациялық идеяларды дамыту орталығы қоғамдық
қоры жетекшісі Ж.Б.Тұсмағамбетов марапатқа ие болды.
Сонымен қатар, қаланың «Құрметті азаматы» атағы
бірқатар азаматтарға берілді. Мұнан бөлек Қызылорда
қаласы әкімінің «Үздік мұғалім-2015» грант иегерлерінің
есімдері аталып, 10 үздік мұғалім 150 мың теңге көлемінде
сыйақыға ие болды. Сондай-ақ, жастарды қолдау,
ынталандыру мақсатында «Самғау» сыйлығы 10 белсенді
жасқа беріліп, олар 100 мың теңге көлеміндегі сыйақымен
марапатталды. Марапаттау соңы шырқалған әсем ән мен
мың бұралған бишілер өнерін тамашалаумен жалғасын
тапты.
Жоғарыда аталған есімдердің қатарында өзімнің
есімімнің де аталғаны менің еңбекке деген
құлшынысымды одан әрі арттыра түсті. Ерекше сезімге
бөлендім. Ұстаздардың үздіксіз жасаған жұмысы әрдайым
қолдау тауып отырса деймін. Бұл да болса ұстаз
мәртебесінің артқандығы деп түсінемін. Алдағы уақытта
да ұстаздар еңбектері елеусіз қалмайтынына сенімдімін.
Биология пәнінің мұғалімі Алтаева Жанар Файзуллақызы
«Өткеннің өнегесі – бүгінгінің баға жетпес байлығы»
Н. Ә. Назарбаев
7 қаңтар күні №3 мектеп-лицейімізде жас мамандар
арасында «Жаңашыл ұстаз» байқауы өтті. Бұл байқаудың
мақсаты -жас мамандарға кәсіптік шеберлігін, оқытуда
ақпараттық технологияны қолданудағы ізденістерін ,әдіс-
тәсілдерін көрсету арқылы педагогтардың бүгінгі білім
беру талабына сай ақпараттық құзырлығын жетілдіру.
Байқауға еңбек өтілі 5 жылға дейінгі мұғалімдер қатысты.
Байқау 4 кезеңнен тұрды. 1-кезеңде мұғалімдер өздерін
таныстырып шықты. Таныстыру кезінде мұғалімдер
презентациялық слайд арқылы, бейнематриалдарды
«Жаңашыл ұстаз-2016»
Ұстаздық еткен жалықпас
пайдалана отырып, өлең жолдарымен өздерін
таныстырды. 2-кезеңде мұғалімдер понарамалық сабақ
үлгілерін көрсетті. Мұғалімдердің сабақ үлгілерінде жаңа
әдіс-тәсілдердің бар екендігі байқалды. 3-кезеңде
сыныптан тыс сабақ үлгілерін көрсетіп шықты. 4-кезеңде
күнделікті өмірде кездесіп жүрген оқушы мен мұғалім
арасындағы немесе ата-аналар мен мұғалім арасында
кездесіп жүрген қиын мәселелер берілді. Ондай қиын
мәселелерден шығу жолдарын мұғалімдер тапқырлық
тауып, шешімін айта білді. Нәтижесінде қазылар алқасы
әр кезеңді бағалай отырып, ортақ шешімге келіп, жүлделі
орындарды белгіледі. І орынды қазақ тілі мен әдебиеті
13
А й н а с ы
Білім
«Ұстазсыз шәкірт – тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл» деп Абай
атамыз айтқандай адам баласының кісі болып
қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты деп ерекше атап
өткен. Мұғалімдік мамандық – бұл
адамтану, адамның күрделі және
қызықты, шым-шытырығы, мол рухани
жан дүниесіне үңіле білу деп адамның
өмір бойы
білім
алып,
оны
шәкірттеріне жеткізе айтып беру бұл
ұстаздық қасиеттің ең жоғары жетістігі
болып табылады. Сондай үлкен
ұғымдағы ұстаздық қасиетке барынша
адалдық танытып, бар ғұмырын
ұстаздық саласына арнау - әрбір
адамның қолынан келе бермес іс. Мен
- осы қиын болғанмен қасиетті, ауыр болғанмен абыройлы
мұғалім мамандығын таңдап,қазіргі таңда жас маман
ретінде № 3 мектеп-лицейінің шетел тілі пәні мұғалімі
қызметін атқарудамын. Мектепке келген сәттен бастап
мектеп ұжымының білікті де, білімді ақылшы ұстаздардан
тәлім алудамын.
«Үлкен бір жұмысты сәтті орындаудың бір ғана жолы
бар. Ол істі жан-тәнімен сүю қажет» демекші, адам баласы
өмірде жемісті ғұмыр кешуді, әрі бақытты болуды
армандайтыны шындық. Әрбір адам табысты жұмыс
жасасам, аңсаған арманыма жетсем деп тілейді. Алға
қойылған мақсаттарының орындалуын көксейді. Ол осы
үшін әрекет жасайды, еңбек қылады. Жас маман үшін
әрбір күн өмірлік сабақ. Ұстаз – бұл әрдайым үлкен
әріптермен жазылуға тиіс мағыналы сөз деп танимын.
Өйткені, осы сөзде қаншама мағына, қаншама мән жатыр.
Ұстаз – шәкірттердің жан дүниесін қалыптастыратын
және шәкірттердің жақсы қасиеттерінің өсуіне себепкер
болатын, сонымен қатар шәкірттің жүрегін, жанын
азықтандыратын адам.
Әрбір жас маман мектеппен ғана шектелмеуі тиіс деп
есептеймін. Ұстаз деген, ол-мүсінші, ал оқушы-
мұғалінің қолындағы саз! Жақсы оқушыны да, жаман
оқушыны да мүсіндейтін –мұғалім. Мен жеткен
жетістіктеріме қарап, оқушыларымның бой түзегенін
қалаймын. Осы ретте, қазіргі таңда мен ағылшын пәнінің
мұғалімі ғана емес, сонымен қатар облыстық пікірсайыс
орталығының мүшесімін. Қызылорда қаласындағы
«Америка бұрышы» клубының еріктісі ретінде жұмыс
жасаудамын. Алдағы келе жатқан ЕХPO-2017 көрмесінде
Қызылорда қаласы жастарымен бірге волонтерлік қызмет
атқарып, елімнің дамуына бір үлесімді қоспақпын.
Алдағы жоспарларымның барлығы оқушыларды білім
нәрімен сусындатып қана емес, сонымен қатар рухани
жағынан және қоғамымыздың дамуына үлес қосар
белсенді жастарды тәрбиелеу болмақ.
Достарыңызбен бөлісу: |