ОҚушылар, ата-аналар, Ұстаздар газеті. Білім айнасы қАҢтар 2016


Учительница русского языка и литературы



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата19.02.2017
өлшемі3,23 Mb.
#4504
1   2   3   4   5   6

Учительница русского языка и литературы

Жармагамбетова Гүлмира  Атабекқызы

Тәжірибе. Жоспар. Бағдарлама.

17

А й н а с ы

Білім

Кітапхана  –адам  баласының  білім  көкжиегін  күшейтеді,  сол

кітапханаға  келіп,  әдеби  көркем  шығармаларды,түрлі  газет-

журналдарды  оқыған  адамның  мерейі  өсіп,  рухани  азық  алып,

дөңгеленген дүниеден хабардар болады. Жас ұрпақ кітап оқу арқылы

Отанға, ана тіліне деген сүйіспеншілігі артып, ой-өрісі дамиды.

Біздің  кітапханамыздың  қоры  бай:  ізденемін,  оқимын  деген

оқырманға барлық жағдай жасалған. Кітапханамыздың     оқулықтар

саны –33455, оқу - әдістемелік әдебиет  және көркем әдебиет саны

– 13514.   Сонымен қатар интернет жүйесіне қосылған 14 компьютер

бар. Мұғалімдердің немесе оқушылардың осында отырып, қажетті

дүниелер мен материалдарын қарауына, игеруіне мүмкіндік өте мол.

Мұғалімдердің  бәрі  кітапханамен  тығыз  байланыста.

Ұстаздарымыз  кітапханадан  әдістемелік,  ғылыми-танымдық

оқулықтар,  журналдарды  алып,    күнделікті  сабаққа  қолданып

отырады.  Сонымен  қатар  оқырмандарды  кітапханаға  тарту

мақсатында  кітапхананың  жылдық    жоспарына    сәйкес  кітап

көрмелері 

ұйымдастырылып, 

сыныптармен 

оқырман

конференциялары,  тәрбие  сағаттары,  әдеби  кештер,  сайыстар,



әңгімелер  өткізіліп отырады. «Мектебіңе кітап сыйла» акциясы

жарияланып, жыл бойына жалғасады.

Биылғы оқу жылында  мектеп оқушылары оқулықпен 100 пайыз

қамтылған. Сонымен қатар жыл сайын кітапханамыз қалалық білім

бөлімінен    алынған  қазақ,  орыс  тіліндегі  көркем  әдебиеттер,

ертегілер,  мұғалімдерге  арналған  әдістемелік  құралдармен,

электронды оқулықтармен, аудио дискілермен толығып отырады.

Биыл да, яғни 2015-2016 оқу жылында да  біздің кітапханамыздың

қоры      жаңа  оқулықтармен    және  төмендегі  жаңа  көркем

әдебиеттермен, мұғалімдерге арналған әдістемеліктер, электронды

оқулықтармен толықты:

«Новый  абитуриент»сериясынан:  қазақ,  орыс  тілдерінде

математика, дүние жүзі тарихынан, «Биология: тест тапсырмалары

жинағы», «Английский язык: сборник тестовой заданий», «История

Казахстана: справочник для поступление  в ВУЗЫ», «Қазақ тілі:

тест тапсырмалары жинағы», «Қазақстан тарихы: тест тапсырмалары

жинағы»,  «Большой    рус.-казах.  словарь  100000    слов»,  «Қазақ

мәдениетінің  ұлы  қайраткелері.  ІХ-ХІХ  ғасырлар»,  «Қазақ

мәдениетінің ұлы қайраткелері.  ХХғасыр»;

«Жаңа  талапкер»  сериясынан:  Қазақстан  тарихы      «  Ежелгі

Қазақстан»,» Орта ғасыр Қазақстан»,» Жаңа замандағы Қазақстан»,»

Қазіргі заманғы Қазақстан», Математика №1,№2,№3,№4,№5, №6,

№7, №8, «Қазақ және дүниежүзі географиясы бойынша  терминдер

мен түсініктер сөздігі», барлық пәндер бойынша тестік тапсырмалар

жинағы, 9 сынып, «ВОУД+» 9 класс.

 «Готовимся к уроку литературы»: А.С.Грибоедов «Горе от ума»,



Артық ғылым - кітапта, ерінбе оқып, көруге

А.С.Пушкин «Лирика»;

«Саморепетитор»: География  в таблицах и

тестах,  задание    и  ответах    6кл-11кл.,

дүниетанупәні,  математика  пәні,орыс  тілі,

қазақ тілі пәндері бойынша 4-сыныптарға тест

тапсырмалар  жинағы, 9,11  сыныптары  үшін

жазбаша жұмыстар, т.б., «Астана» баспасынан

шыққан  мектеп  психологтарына  арналған

кітаптар, барлық пәндер бойынша қайталауға

арналған оқу құралдары, т.б.

 «Арман ПВ» баспасынан: «Жасөспірімдер

арасында  суицидтің  алдын  алу»,  «Сынып

жетекшісі  жұмысының  мазмұны»,  «Қазақ

балалар  әдебиетінің    хрестоматиясы.  1,2,3

кітап» т.б..

«Мектеп» баспасынан: Абай  «Жетінші сөз»,

М.Мағауин «Қобыз сарыны», « Қозы Көрпеш»,

«  Шыңғыс  хан    және  оның  ұрпақтары»,

Міржақып Дулатұлы. 1,2,3,4,5,6 кітап т.б..

«Жазушы» баспасынан: « Абай жолы»1,2,3,4

том,    Б.Момышұлы  «Москва  үшін  шайқас»,

Б.Майлин «Шұғаның белгісі»

«Алматыкітап» баспасынан:  Қадыр Мырза

Әли  «Санап  үйренеміз»,  С.Кенжеахметұлы

«Қазақ 


халқының 

салт-дәстурлері»,

Н.Назарбаев «Жылдар  мен ойлар» т.б.

«Атамұра» баспасынан: С.Мұқанов «Мөлдір

махаббат», 

 

Ж.Нәжмеденов 



«Менің

Қазақстаным»,  Ж.Жамбыл  «Халық  -  менің

шын атым», Ч.Айтматов «Плаха» т.б.

Сонымен  қатар  «Атамұра»,  «Арман-ПВ»,

«Жазушы»,  «Мектеп»    баспаларынан  56

аудиокітаптар  мен  электронды  оқулықтар

келіп  тұсты.  Қазіргі  таңда      электронды

оқулықтар,  аудиокітаптар,  «1  сентября»

дискілер,  жалпы саны -529.

Білім алар көп адам,

Жақсы нәрсе жоқ одан.

Қызыға кеп оқимын,

Кітап  көрсем  жаңадан,  -  деп  сіздерді

кітапханамызға  келген  жаңа  әдебиеттермен

танысуға шақырамыз!

Кітапханашы:

Есдаулетова Камила Шәкібекқызы

Дұрыс  тамақтану  –  баланың  ағзасының  өсуі  мен  дамуы  үшін

маңызды  фактор.  Дұрыс  тамақтануды  ұстану  бала  кезден

қалыптасады.Қазіргі  кездегі  мектеп  бағдарламасын  игеру

оқушылардан ойлау белсенділігін талап етеді, сондықтан олардың

денсаулығы мықты болуы қажет. Бұл үшін бала өсіп жатқан ағзаның

қажеттіліктерін  қанағаттандыратындай  толыққанды  тамақ  ішуі

шарт.Елбасы Н.Ә.Назарбаев 2014 жылғы Жолдауында «орта білім

жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік

мектептеріндегі  оқыту  деңгейіне  жеткізу  керек.  ...  спортпен

шұғылдану,  дұрыс  тамақтана  білу,  жүйелі  профилактикалық

тексерілу – аурудың алдын алудың негізі» деп атап айтқан болатын.

Дұрыс тамақтану - үздік білім арқауы

Сондықтан  маңызды  мәселелердің  бірі

мектепте  оқушылардың  тамақтануын

ұйымдастыру болып табылады. Ол тек мектеп

оқушысының денсаулық жағдайын ғана емес,

сондай-ақ  оқудың  тиімділігін  анықтайтын

білім  беру  ұйымдары  қызметінің  маңызды

бағыты.  Бұл  үшін  алдыңғы  қатарлы

технологиялар арқылы тамақты буда әзірлейтін

жаңа  құралдармен  жабдықталған  заманауи

асхана  керек,  бұл  өз  кезегінде  мектепте

тамақтану  индустриясын  құруға  мектеп



Мектеп өмірінен

А й н а с ы

 18

Білім

аспазшыларының кәсіпқойлығын талап етеді.

 Мектеп оқушыларының тамақтану сапасы мектептегі ас

әзірлейтін бөліктің санитарлық-техникалық жағдайы,

заманауи электрлік-технологиялық және тоңазытқыш

құралдардың, жеткілікті орынның,  вентиляцияның, асүй

мен  асхана  ыдыстарының,  құрал-саймандарының

болуына, сондай-ақ тамақ ішетін залдың эстетикалық

рәсімделуі  сияқты  факторларға  тікелей  байланысты.

Мектепте 

тамақтану

тәртібін ұйымдастырудың, оқушылардың негізгі тағамдық

заттарға  мұқтаждығын  есепке  ала  отырып,  әзірленген

тамақтың  түрлерінің  және  мектепте  тамақтанудың

ұйымдастырылуын  мектеп  басшылығы  мен  медицина

қызметкерлерінің бақылауының да маңызы зор.

№3 мектеп-лицейінің асханасында  қызмет көрсететін

«Ондасын и К» ЖШС-і    2015-2016 оқу жылына үлкен

дайындықпен келді. Серіктестік жаз айларында асхана

бөлмелеріне,  асхананың  тамақтану  залына    өз

қаражатымен күрделі жөндеу жүргізіп, асхананы соңғы

үлгідегі технологиямен шыққан жабдықтармен: электр

пештермен,өндірістік  үстелдермен,  ыдыс  аяқтармен,

асхананың  тамақтану  залын    үстелдер  мен

орындықтармен  жеткілікті  мөлшерде  жабдықтады.

Асхана аспазшылары, олардың көмекшілері, кондитерлер

санитарлық 

тексерулерден 

өтіп, 

қалалық


тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасының

мамандарының тексеруінен кейін асханаға санитарлық

паспорт  берілді.  Ас  мәзірі  қалалық  тұтынушылардың

құқықтарын  қорғау  басқармасы  мен  қалалық  білім

бөлімінің басшысымен бекітіліп берілген.«Ондасын и К»

ЖШС-інде 4-5 дәрежедегі маман аспазшылар,қоғамдық

тамақтану  жүйесіндегі  маман  технолог  және  диетолог

жұмыс  жасайды.  Олармен  әр  ай  сайын  балаларды

тамақтандыру  және  олардың дайындау    технологиясы

туралы семинар сабақтар ұйымдастырылып тұрады.

Күнделікті    ас  мәзірі    мектеп  директоры

М.Н.Абдықалықова мен мектеп медбикесі, әрі  «Ондасын

и  К»  ЖШС-інің  диетологы  З.Олжабаевның

қадағалауымен  бекітіледі.          «Ондасын  и  К»  ЖШС-і

мектеп оқушыларының ыстық тамақтарын ұйымдастыру

саласында  бірнеше  жылдан  бері  қызмет  етіп  келеді.

Қызылорда  қалалық  білім  бөлімі  өткізген  ашық

конкурстан  қаладағы  №3,233,235,  267  мектеп

асханаларында ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша

жеңімпаз  атанды.    Серіктестік    2014  жылдың  тамыз

айында  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік

техникалық реттеу «Каз Серт » сертификациялау және

техникалық реттеу орталығының аудиторлық тексеруінен

кейін жүйелі сапа менеджменті  ҚР СТ ИСО 9001-2009

мен  жүйелі  экологиялық  менеджментіне  ҚР  СТ  ИСО

14001-2006  сертификаттарына сәйкес болып табылды.

Әр жыл сайын Астана қаласынан мамандар арнайы келіп

тексеруден  өткізіп  тұрады.  Қазақстан  Республикасы

Ұлттық  Экономика  Министрлігі  тұтынушылардың

құқықтарын  қорғау  комитетінің    «Ұлттық  сараптама

орталығы» кәсіпорынының Қызылорда облысы бойынша

филиалымен тығыз байланысып  дайындалатын ас  мәзірі

мен  қолданылатын

ыдыс аяқтарға үнемі

өндірістік  бақылау

жургізіліп  тұрады.

Серіктестік қалалық

т ұт ы н у ш ы л а рды ң

құқықтарын  қорғау

қоғамымен, қалалық

білім  бөлімімен  үш

жақты меморандумға

отырып,  сол  мемо-

рандум  талаптарын

орындауға  барлық

к ү ш - ж і г е р л е р і н

салып жұмыс жасау үстінде. «Ондасын и К» ЖШС-і  №233

№235  №267мектеп  әкімшіліктері  мен  ата-аналардан

тарапынан    алғысқа  бөленуде.  Ұжым    жұмыскерлері

алдағы  уақытта  микронутриенттердің  тапшылығын

жеңудің  негізгі  жолы  тағамдарға  «С»  дәруменін  қосу,

мектеп  оқушыларының  тағамында  сүт  өнімдерін,

жемістер  мен  көкөністерді,  дәрумен  қосылған  нан

түрлерін, дәрумен қосылған шырын, кисель, дәрумендер

мен темірмен байытылған тәтті өнімдерді тұтыну арқылы

таптырмайтын микронутриенттермен байытылған азық-

түліктерді  міндетті  түрде  қолдануға  барлық

мүмкіншіліктерді  қарастырады.  Бұл  оқушылардың

тағамының  сапасын  жақсартуға  және  балалардың

аурушаңдылығын  төмендетуге  мүмкіндік  береді.

Сонымен қатар, мүмкіндігінше ас үлесін дайындау үшін

балалар тағамында мемлекеттік тізімде бар, құрамында

ГМӨ, бояғыштар мен қосындылар жоқ, бекітілген барлық

сапа мен қауіпсіздік стандарттарына сәйкес азық-түліктер

қолданатын болады.

«Ондасын  и  К»  ЖШС-і  қалалық  білім  бөлімінің

басшылығына, мектеп әкімшілігіне, мектеп ұстаздарына,

ата-аналарға оқушылардың осы бір өзекті мәселені сенім

артқандары  үшін  алғыс  айтып,  дұрыс  тамақтану

туралы мектеп қоғамын ақпараттандыруды жоғарылатуға,

мектеп  оқушыларының  денсаулығын  сақтау  мен

нығайтуға,  білім  беру  мекемелерінде  оқушылар  үшін

сапалы  тағамды  дайындау  арқылы  асхананы

ұйымдастыруға жағдай жасауға, салауатты өмір салтын

қалыптастыруға  сенімдеріңізден  шығуға    адал  еңбек

етеміз. Дұрыс тамақтану балалардың дені сау және әдемі

болып өсуге ықпалы зор.

«Оңдасын и К» Өндірістік басқарушы

Нұрмаханова Раушан Тлеубайқызы

Мектеп өмірінен


19

А й н а с ы

Білім

Ел  Президенті  жыл  сайынғы  Жолдауында  ұлт

болашағы, ұрпақ тәрбиесі мәселесіне басым мән береді.

Биылғы Жолдауда да құқық, қоғамды ізгілендіру, тәлім,

толеранттылық,  төзімділік  қасиеттерін  ел  дамуының

басты алғы шарттары ретінде қарастырады. Осы ретте

тәлім  мен  білім  ошағы  –  біздің  мектепте  де  мемлекет

басшысының тапсырмасын орындау рет-ретімен жүзеге

асуда. Бүгінгі  бас қосу-соның бір айқын айғағы.

Осыған орай тәртіп бұзушылықпен, жасөспірімдердің

олқылықты заттардан аулақ болуы мақсатында және де

қылмыстың  алдын  алу  мақсатында  «Жасөспірім.

Қылмыс. Келешек.» тақырыбында ұйымдастырылған .

Бүгінгі  кездесуімізде  алып  отырған  тақырыбымызды

ашып,  тәртіп  бұзушылық  пен  қылмыстың  және  де

нашақорлықтан  аулақ  жүру  тұрғысында  насихаттап,

түсіндірме  беруге  Қызылорда  қалалық  ішкі  істер

басқармасының кәмелетке толмағандар істер жөніндегі

бөлімінің №3 мектеп инспекторы  полиция капитаны

Баймаханов Бахытбек  Сахиевич №3 мектебінің оқу-ісі

жөніндегі  орынбасары  А.Ж.Есімов  және  тәрбие  ісі

жөніндегі орынбасары Абдыкадыров Канат қатысты.

Сонымен бүгінгі тақырыбымыз «Жасөспірім. Қылмыс.

Келешек.» Енді осыларға қысқаша тоқталып кетсек.

l.  ЖАСӨСПІРІМ  –  адамның  10  мен  15  жас

аралығындағы шағы. Жасөспірім кезеңінде адамда жан

қуатының сапалық жаңа құрылымдарды (сана сезімнің

артуы,  айналасымен  қарым  –  қатынасының  жаңа

мазмұнға ие бола бастауы, іс-әрекетінің күрделене түсуі,

моральдік-этикалық түсініктер, т.б.) қалыптасады.  Бұл

кезде  жасөспірім  дербестікке  салынып,  қимыл-

қозғалысқа  құштар  келеді.  «Өзім  білемге»  салыну,  ер

жеттім  деп  ойлау  кейде  жаңсақ,  теріс  қылықтарға

соқтыруы да ықтимал. Осы кезеңде олардың психикалық

ерекшеліктерімен  санасып,  тиісті  жерінде  талап-

тілектерін қолдап, түрлі қоғамдық пайдалы істерге (оқу,

спорт, еңбек) белсенді түрде қалыптастырып отыру керек.

- Қылмыс—бұл ең алдымен қоғамдық қауіпті әрекет.

Сондай-ақ,  қылмыс  –  қылмыстық  кодекс  бойынша

жазалау мүмкіндігімен тыйым салынған, қоғамға қауіпті

әрекет немесе әрекетсіздік.

Бала  құқығы  «Жасөспірім.

Қылмыс.  Келешек.»  атты

бағдарламасы

- Адамның теріс қылығы ғана қылмыс деп танылады.

- ҚР Қылмыстық кодексінің 15-бабына сай, қылмыстық

жауапкершілік 16 жасқа толғаннан кейін ғана басталса,

осы  баптың  2  бөлігінде  көрсетілгендей  біраз  аса  ауыр

қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан

басталады екен.  Яғни, мұнда жасөспірімдер топтасып

яғни, райондарға бөлініп төбелеседі.

1.  Жасөспірімдер  арасында    районға  бөлінушілікті

бастайтын  көшбасшылармен қандай бағытта жұмыстар

жүргізілуде?

2. Көше заңдары кейде мектеп жарғысына негізделген

заңдардан басым болып  білімге ұмтылатын оқушы жалған

намысқа бой алдырып,  топтасып төбелесуге әрекеттенуі

басты ойландырар мәселеге неге айналып отыр?

3.  Құқықтық  сана  жетілмей  оқушылар  арасында

тәртіпсіздіктер артады  деген   ұғымды қалай түсінесіз?

Жалпы жасөспірім нені білуі тиіс?

Жастар  әлеуметтік және психологиялық жағдайлардың

көп бөлігін бастарынан өткізетін бірден-бір әлеуметтік

топ болып саналады. Жастар - еліміздің стратегиялық

дамуындағы орны ерекше адами ресурстарының кепілі.

Сондықтан да біздің мемлекетіміз жастарды әлеуметтік

қолдау және олардың бәсекелестік қабілеттерін шыңдау

мақсатында салиқалы саясат жүргізіп келеді. Мемлекет

бүгінгі таңда жас азаматтардың өз мүмкіндіктерін кеңейту,

өмірлік жолын таңдау және кәсіби шыңдалуына жағдай

туғызып отыр.

Елбасымыз  Н.Назарбаев  өзінің  сөйлеген  сөзінде:

«Қымбатты жас достар, сіздер  тәуелсіз елде ер жеткен

біздің 

ұл-қыздарымызсыздар, 



үміт 

артқан


ұландарымысыздар. Сондықтан да келешек мақсаттарың

- айқын, жолдарың - даңғыл. Ал еркін елде өскен ұрпақтың

рухы әрдайым биік болуы тиіс. Жастары жалын жүректі,

өршіл намысты, биік рухты болса, ол елдің еңсесі де биік

болады. Осы себептен де мен сендерді туған елдеріңнің

абыройы,  ар-намысы,  биік  мәртебесі  жолында  жақсы

білім алып, адал еңбек етуге шақырамын», -  деп келтіріп

кетеді. Бұл – Елбасы тарапынан жастарға көрсетілген

сенім,  әрі  қолдау  екені  анық.        Сонымен    мектеп

оқушылары  бала құқығы деген нені білдіретінін білді.



Орындаған  Қызылорда  ҚІІБ-нің   ЖПҚ-нің  ЮПБ-нің

УПИ-ры  полиция капитаны: Бахытжан Баймаханов

Мектеп өмірінен

А й н а с ы

 20

Білім

Еліне арналатын тілегі шын,

Ей, ұлым – Отанымның түлегісің!

Іргесін туған елдің тіреп тұрған

Қадірін Ата Заңның білемісің?!

Қаншама қиындық көрсе де, Қазақ

елінің  аумағында  ғасырлар  бойы

шапқыншылық болып, астан - кестең

оқиғалар мен өзгерістер орын алса да

қазақтар, яғни көне дәуірден бастау

алған ата - бабамыз екі құндылықты

мәңгілік сақтап қалды, ол сөз құдіреті

мен Заң құдіреті.

Ел  басқарудың  тамаша  үлгілері

біздің ата - бабаларымызда да болған. Қазақ тарихында

«Қасқа  жол»,  «Ескі  жол»,  «Жеті  жарғы»  делінген  заң

үлгілері  болған.  Ал  тәуелсіз  Қазақстанның

Конституциясы    1993  жылы  28  қаңтарда  тұңғыш

Конституциясы  қабылданды.  Ол  4  бөлім,  21  тараудан

тұрды. Алайда уақыт өте келе бұл Конституция заманның

талабына  сай  келмегендіктен,  1995  жылы  30  тамызда

біздің қоғамымыздағы өзгерістерге, жаңа талаптарға сай

толықтырылған жаңа конституция өмірге келді.

Демек,  сен  шыр  етіп  дүниеге  келдің.  Сен  сияқты

қаншама адам дүниеге келуде. Осы адамдардың барлығы

бір  заңға  бағынады.  Әр  елдің,  мемлекеттің  өз

азаматтарына  арналған  Заңы  –  Конституциясы  бар.

Конституцияның  алдында  ешбір  адам  жынысына,

жасына  немесе  қоғамдағы  беделі  мен  әлеуметтік

тұрмысына байланысты бөлінбейді.

Заңды  білу  –  заман  талабы.  Бүгінде  Қазақстан

Республикасында демократияға бағытталған құқықтық

мемлекет  құру  идеясы  жүзеге  асырып,  ондағы  әрбір

азаматтың өз құқықтарын жете біліп, соған сай сана –

сезімдерін  қалыптастыру.  Азаматтың  міндеті  –  заң

Бала құқығы – асыл қазына

талаптарын бұзбау, екінші жағынан,

өзіне  жүктелген  міндетін  орындау.

Өйткені заң дегеніміз - өмірдің нәрі.

Заңның мықтылығы – атында емес,

адалдығы мен әділдігінде. Заңның ең

басты  мақсаттарының  бірі  –

қоғамдағы алуан мінезді адамдарды

салауатты өмір  салтына тәрбиелеу.

Осы  Заң  балаларды  қоғамдағы

толымды  өмірге  даярлау,  олардың

қоғамдық 

мәні 


бар 

және


шығармашылық 

белсендiлiгiн

дамыту, әлемдiк өркениеттiң жалпы

адамзатқа тән құндылықтары негiзiнде оларды жоғары

имандылық қасиеттерге, елжандылық пен азаматтыққа

тәрбиелеу,  олардың  бойында  ұлттық  сана  -  сезiмдi

қалыптастыру  принциптерінің  басымдығына  сүйенiп,

баланың 


Қазақстан 

Республикасының

Конституциясында кепілдiк берiлген негiзгi құқықтары

мен  мүдделерiн  iске асыруға  байланысты  туындайтын

қатынастарды реттейдi.

Балалар адамға қатысты барлық құқықтарға ие, бірақ

ересектерге  қарағанда  өз  құқықтарын  қорғау

мүмкіндіктері  аз  болғандықтан  ерекше  құқықтық

қорғауды қажет етеді. Бала – өміріміздің жалғасы. Біздің

жарқын болашағымыз. Атақты ойшыл Әбу Насыр Әль –

Фараби былай деген екен: «Маған өскелең ұрпақтарыңды

әкеліп  көрсет,  мен  сендердің  болашақтарын  қандай

болатыны айтамын», - деп. Міне, болашығымыз жарқын,

тәуелсіздігіміз  тұғырлы,  көк  туымыз  төбемізде  мәңгі

желбіреп тұруы үшін балаларды жастайынан білімді де

зерек, өз құқығын білетін, өз сөзіне жауап беретін тұлға

ретінде қалыптастыру біздің парыз!!!

7 «Б» сынып жетекшісі Есенбекқызы Мөлдір

Мақсаты:  оқушыларға  оқулықтың  шығу  тарихынан

қысқаша  мағлұмат  беру,  қазіргі  заманғы  кітап  түптеу,

баспа  орындарымен,  кітапханалармен  сырттай  саяхат

жасау  арқылы  оқушылардың  кітапқа  деген

қызығушылығын дамыту. Оқулықты құрметтей білуге,

кітапты  ұқыпты  ұстауға  баулу,  оқушының  білімдік

танымын өмірмен байланыстыра отырып арттыру, кітапқа

деген сүйіспеншілігін арттыру.

Кітап оқу – бұл тек бос уақытты қызық өткізу ғана емес.

Сонымен  бірге,  тұлға  болып  қалыптасуға  орасан  зор

көмегі тиетін өте пайдалы іс. Нақтырақ айтқанда, бұл

процесс  ойлау  қабілетін  жетілдіріп,  сөздік  қорды

ұлғайтады және сөйлеу мәдениетін дамытып, ми белсен-

ділігін жақсартады. Сондай-ақ, әрбір адамның бойындағы

шығармашылыққа  деген  сүйіспеншілігін  оятуға

итермелейді. Ал кітапхана — ғасырлар бойы келе жатқан

биік  парасаттылық  пен  білімділіктің  киелі  ордасы  .

Әсіресе,  оқырман  мен кітап  арасындағы  алтын  көпір.

Қазіргі  кезде  адамдардың  өскелең  талаптарын

қанағаттандыру, рухани байлығы мен жалпы қабілетін

дамытуда кітапхананың қосар үлесі зор. Соның ішінде

мектеп  кітапханасы —  оқушыға  әдебиет  таңдауға,

оқырмандық қызығушылығын кеңейтуге, мұғалімге кәсіби

өсуіне көмектесуші, оқуға, дүниені тануға қозғау салушы.

Біздің  облысымыздағы  №  1  Ә.  Тәжібаев  атындағы

кітапхана әдеби, мәдени, ғылыми,жалпы  барлық жанрды

Ә.Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы

қамтитын  үлкен  кітап  қоры  бар  кітапхана.  Біз  де

оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру

мақсатында  қаңтар  айында  5-6  күндері  7-сынып

оқушыларымен  кітапханаға  бардық.    Кітапхана

қызметкерлері  кітапхананың  барлық  бөлімдерімен

таныстырып,  саяхат  жасатты.  Атап  айтатын  болсақ,

анықтамалықтар,  каталогтар  мен  карточкалар,

орындалған  анықтамалар  қорын  пайдалана  отырып,

ақпараттық-библиографикалық 

жұмыстар


жүргізетіндігін.  Сондай-ақ  барлық  білім  салалары

бойынша  Қазақстанда  қорғалған  кандидаттық  және

докторлық  диссертациялардың  авторефераттары

жинақталғандығын, абономент бөлімі көркем әдебиет

пен ғылыми-танымдық басылымдардың бай қорын түрлі

жастағы пайдаланушыларға ұсынатындығын атап айтып

өтті.

Одан  кейінгі  өте  атап  айта  кететін  бөлім  қазақ



драматургиясындағы қайталанбас тұлға, 1928 жылдың 24

желтоқсанында  Қызылорда  облысының  Тереңөзек

ауданындағы Шіркейлі деген ауылда дүние есігін ашқан,

Қазақстанның Халық жазушысы (1992). «Құрмет Белгісі»,

Халықтар  Достығы,  «Парасат»  ордендерінің  иегері-

Қалтай Мұхамеджановқа арналған бөлме. Ол жерді ол

кісінің  көзі  көрген,  өзі  пайдаланған  заттар  және

кітаптары қойылған. Оқушылар ерекше әсер алды деп

айтсақ қателеспейміз. Одан кейін өнер әдебиеттері бөлімі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет