21
А й н а с ы
Білім
оқырмандарға ұлттық өнерімізді, жалпы өнер адамдары
мен зерттеушілерінің еңбектері туралы Айткүл апайымыз
көптеген мағлұмат берді. Және де арнайы оқушыларға,
мұғалімдерге арналған ағылшын бөлмесі де бар. Бірінші
қабатта балалар әдебиеті бөлімі: балалар абонементі,
мектепке дейінгі және 1-4 сынып оқушыларына арналған
оқу залы, 5-9 сынып оқушыларына арналған оқу залы.
Балалар әдебиеті бөлімінде ақпаратты тұтыну
ерекшеліктеріне сәйкес балалардың кітап оқуға деген
құштарлығын ояту,бос уақыттарын тиімді пайдалану
мақсатында көптеген жұмыс түрлері туралы айтып өтті.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев кітапхананың ашылу салтанатына
арналған тұсаукесерге өзі келіп қатысқандығы үлкен
мәртебе екендігін айтып өтті, және де сол кездегі естелік
суреттерді оқушылар мен мұғалімдерге таныстыра кетті.
Жалпы Қызылорда облыстық Ә.Тәжібаев атындағы № 1
кітапханаға жасалған саяхатымыз туралы ортаңғы сынып
оқушыларының пікірлерімен бөліскенді жөн санап
отырмыз.
5«А»сынып оқушылары - Жания, Ерсұлтан, Жұлдыз, Нұрай
«Адамзат баласының қол жеткізген ұлы игіліктерінің
бірі-білім қазынасы. Ол ұрпақтан-ұрпаққа ауызша,
жазбаша түрде немесе әдебиет арқылы да жеткен. Кітап
адам баласының сан ғасырлық ақыл-ойының жемісі,
тарихы мен тағылымының алтын сандығы. Кітап
дегеніміз-алдыңғы ұрпақтың кейінгі ұрпаққа қалдырған
рухани өсиеті. «Кітап оқудан тыйылсақ, ой ойлаудан да
тыйылар едік»,- деп Ғабит Мүсірепов атамыз айтқандай
кітап оқудан шаршамайық дегіміз келеді.»
6 «А» сынып оқушылары: Аяжан, Ұлжан
«Кітап маған тақтан да қымбат»,- деген Шекспир. Бұл
сөзден түйер ойымыз, адамға жан азығы, рухани байлығы
бола білген-кітап. Сол себепті оның орны тақтан да
жоғары. Кітап-біздің асып-таспайтын асыл досымыз.
Себебі кітаппен дос болған адамның ой-өрісі кең, сөз
мәдениеті жоғары, саналы, жан-жақты болып
тәрбиеленері сөзсіз.
6 «В» сынып оқушысы: Алтынбек Жанель
«Әр ұлттың, елдің келешегі мен болашағын баян еткен,
тарихы мен өткенін жыр еткен де-кітап болатын. Достар,
«Артық білім кітапта, Ерінбе оқып көруге»,-деп ұлы
ақынымыз Абай жырлағандай ерінбей білім алуға
асығайық. Бар білімнің патшасын тек кітаптан ғана таба
алатынымызды ұмытпайық».
Мақала авторлары: кураторлар
2016 жылдың 27 қаңтарында мектеп психологтары
ұйымдастыруымен 8-10 сынып қыз балаларымен ерте
жыныстық қарым-қатынас, жасөспірімдік кезеңдегі
жүктіліктің алдын-алу мақсатында «Қызды қырық үйден
тыю» тақырыбында «Шапағат» жастар денсаулық
орталығының гинеколог маманы Дигенбаева Римма
Тоқабайқызы, психолог маман Исамбекова Ақмарал
Мұхитқызымен кездесу ұйымдастырылды. Қоғамда орын
алып жатқан келеңсіз жағдайлар туралы айтып, зардабы
мен зияны түсіндірілді. Қызға қырық үйден тыйым
болмағаннан, осындай жағдайлар орын алып жатқаны
мәлім, қазақ қыз тәрбиесінде «қыз – қонақ, жат жұрттық»
деп төрге шығарғанымен, қатал тәртіппен тыйым салып
зиянды әрекеттерден аулақ болуын қадағалаған.
Психолог маман Исамбекова Ақмарал Мұхитқызы
«Жасөспірімдік кезеңдегі мінез-құлық ерекшеліктері»,
«Темекі, нашақорлық, ішімдіктің қалыптасып келе
жатқан қыз баланың өміріне тигізер зияны»
тақырыптарында баяндамасымен таныстырды.
Гинеколог маман Дигенбаева Римма Тоқабайқызы
«Ерте жыныстық қарым-қатынастың адам өміріне
зияндылығы» тақырыбында баяндама оқыды. «Ойнап
жүріп от басқан жас қыздарымыздың көпшілігі кездейсоқ
жүктілікке ұрынып, оның соңы жасанды түсікке немесе
сәбилерін бөбектер үйіне өткізуге әкеп соғып жатады. Бұл
ең алдымен, қыз баланың денсаулығына зиян келтіріп,
болашақ өміріне балта шабатын белгілі. Жоспарланбаған
жүктілік әйел затын психологиялық күйзеліске
ұшыратады. Егер біз қоғам болып ұлт болашағын ойласақ,
қыз бала денсаулығы мен тәрбиесіне аса мұқият
болғанымыз жөн. Қыз балаға ерекше күтім, дұрыс тәрбие
қажет. «Бүгінгі жасөспірім қыз – ертеңгі ана»-деп өз
пікірін білдірді.
Жасөспірімдік кезеңдегі жүктіліктің алдын-алу жайлы
оқушыларға кеңестер берді. Оқушылар өздерінің
физиологиялық өзгерістеріне байланысты кездесетін
қиындықтары жайлы көкейлерінде жүрген сұрақтарын
қойып, тұжырымды жауаптарын алды.
Психолог Ақмарал Мұхитқызы оқушылармен тренинг
жүргізді. Сұрақтарға жауап берді.
Кездесу соңында келген мамандарға алғыс айтып,
мектеп психологтары қорытындылады.
Мектеп психологы: Абдрасилова Салима Мүсілімқызы
Тәлімі мол іс-шара
Мектеп өмірінен
А й н а с ы
22
Білім
Біздің қы зымы з Мұхамеджан
Аружан осы мектеп қабырғасында 7-
сыныптан бастап оқып келеді. Аружан
келген күнінен бастап мектепке тез
үйреніп кетті, мектептің әртүрлі іс-
шар алар ына
қаты са
отыры п,
қызымыздың шыңдалғанын байқап
келеміз. Қазіргі таңда сыныпта сынып
старостасы .
Сы ныбы
Ар ужанға
ұнайды,
ұйы мшыл,
жан-жақты
дамыған оқушылар арасында оқып
жатқанына біз мақтан тұтамыз. Әрине,
биыл біздің отбасмызға үлкен сын.
Себебі біздің тұңғышымыз Аружан
мектепті тамамдағалы тұр. Біз оған үлкен сенім артып отырмыз.
Біз - өсіп, өнген жанұямыз, жанұяда 3 бала тәрбиелеп отырмыз,
Ұлымыз Бекжан Назарбаев Зияткерлік мектебінде 9 -
сыныпта оқыса, Балжан №2 мектепте 5 - сыныпта оқиды. Өз
тарапымыздан балаларымыз жақсы тәлім-тәрбие, білім алсын
деп жағдайларын жасап отырмыз. Аружан ең үлкеніміз
болғандықтан, оған көп үміт артамыз, себебі «алдыңғы арба
қалай барса, соңғы арба солай жүреді» дегендей, Аружан
соңынан ерген інісі мен сіңілісіне үлгі болу керектігін қызымыз
жақсы түсінеді.
Шынымен, мектеп бітірейін деп отырған, бүкіл бітіруші
оқушылардың ата-аналары қазіргі таңда «қалай болады екен»
Болашақ бүгіннен басталады
Қазіргі таңда ата-ана өз баласының жан-
жақты дамуына, білім алуына қолдау
жасап, жағдай жасайды. Жанұяда 5 бала
тәрбиелеп отырған жанбыз. Сондықтан
біздің жанұямы з қызымыз Әмірова
Римманы қаламыздағы № 3 мектеп-
лицейге білім алуға бердік. Мектептің
білімі
жоғары,
оқушылар ы
және
мұғалімдерінің потенциалы жоғары
екенін еститінмін. Сондықтан Римманың
осы мектепте білім алуын дұрыс деп
шештік. Римма - қазір «Алтын белгіге»
үміткер. Римма өз алдындағы үлкен
жау апкершілікті сезініп жүр ,әрине
қорқыныш та бар, бірақ біз оған үнемі
қолдау жасап отырмыз.
Римма таңдау пәні р етінде физиканы таңдап отыр.
Болашақта физика пәні мұғалім болғы сы келеді. Мен
қызымның осындай қиын мамандықты таңдап отырғанына
мақтан тұтамын.
деген оймен жүр.
Ал, құр метті мектеп бітіру ші
түлектер, көзді ашып-жұмғанша
сіздер өздеріңіздің қимас бір
мекендеріңізге айналған, алтын ұя
мектептеріңізден қанат қағы п,
ұшқалы отырсыздар. Баршаңыздың
алдарыңызда үлкен сынақ, яғни
Ұлттық Бірыңғай тестілеу күтіп тұр.
Бұл-сіздердің 11 жыл бойы алған
білімдеріңізді саралайтын үлкен
емтихан. Дәл осы емтиханнан
сүрінбей өтіп, тек жақсы деген
нәтиже көр сету леріңізге шын
жүректен тілектеспіз. Әрине, бұл сынақтан өту үшін сіздерге
тыңғылықты дайындық керек. Сондықтан да барлық
уақыттарыңы зды тиімді пайдаланып, соның жемісін
көріңіздер . Сіздерге сенім артып отыр ған ата-
аналарыңыздың, мектептің сенімін ақтап, тек биіктерден
көріне беріңіздер. Мектеп абыройын асқақтатып, сіздерге
ұстаздық етіп, бар күш жігерін, білімін арнаған
мұғалімдеріңіздің мақтанышына айналыңыздар.
Болашақта жоғары білімді азамат, білікті маман болып,
еліміздің өркендеуіне лайықты үлес қосады деп сенеміз!
Үлкен өмірге деген қадамдарың сәтті болсын! Бәріңе ақ
жол!
11 А Мұхамеджан Аружанның ата- анасы
Қазір мектепте достары тыңғылықты
дайындалуда . Сынып жетекшісі Шолпан
апай да - өте білікті, сапалы білім беретін
мұғалім
және
де
қазіргі
таңда
оқушыларды ҰБТ-ға дайындап жатқан
мұғалімдер : қазақ тілі пәнінен Ақмарал,
Салтанат, Эльмира апайларына, тарих
пәнінен Аманғали ағайына, математика
пәнінен-Перуза, Жарқынай апайларына,
орыс тілінен Ботагоз, Раиса апайларына
алғысымды білдіремін. Себебі менің
қызыма және де басқа да оқушыларға өз
қалаған оқу ор ындарына қиналмай
түсуіне түсуге көмек беруде. Менің қызым
да және де мектептің басқа да «Алтын
белгі» үміткерлері ақтайды деп сенемін. Енді, осы жылғы
мектеп түлектеріне тілер тілегім : қиналмай ҰБТ-дан өтіп, аман
-есен тапсы рып , өзі қалаған мамандық иесі болы п,
мемлекетттік грант жеңіп алуларына тілектеспін!
Тұрсынбаевтар әулеті
Бала өмірге келгеннен кейін, әке-
шешесінің балаға айтар ақыл-кеңесі көп
болады. Сол сияқты менің де өз қызым-
11 «Б» сынып оқушысы Жұбатқанова
Әлияға айтар ақыл-кеңестерім жетерлік.
-Қызым, саған айтарым: жақсы оқы,
қатарыңның алды бол, таза жүр, ұстамды
бол,
дұрыс
тамақтану
керек,
денсаулыққа қара;
-Үлкенді сыйла, кішіге қамқоршы,
саған білім-дәріс беріп отырған мектеп
ұстаздарын құрметтеу, сыйлау;
-Әке-шешеңді өмір бақи құрметтеу,
ақыл-кеңесін бұлжытпай орындау,
ту ған- туыстарға,
бауыр лары ңа
бауырмал болу, сенімін ақтау;
-Мектеп қабырғасында қоғамдық іс-шараларға араласу,
ҰБТ-ға дұрыс дайындалып, жоғары оқу орнына, яғни, грантқа
түсу, Қазақстан Республикасының қалаулы азаматы болу,
мақсатты болу;
Ауа райына байланысты қыз балаға дұрыс киіну, жылы
жүр у,
инфекциялық
жұқпалы
аурулардан сақтанып жүру. «Ауырып
ем іздегенше, ауырмайтын жол іздеу
керек» демекші, спортпен шұғылдану,
таңертеңгілік
жаттығу
жасау
керектігін баса айтқым келеді.
Алда үлкен сын-ҰБТ келе жатыр,
қызыма және мектеп түлектер іне
айтар ақылым-ешқашан мойымау,
ата-аналарының ақ үмітін ақтап, үлкен
белестерден көріне берулеріне аналық
сезіммен тілектеспін. Мектебіміз
қаламы здағы алдыңғы қатар лы
мектептердің бірі саналады, сондықтан
сендерді білім нәрімен сусындатып
жатқан
мектеп
ұжымы на,
ұстаздарымызға алғысымыз шексіз. Сол кісілердің сенімін
ақтайды деп сенемін. Бұл, әрине, сендердің қолдарыңнан
келеді.
11 «Б» сынып ата-анасы: Ойнарова Гүлнар Тұрсынбайқызы
Ата-ана айдары
23
А й н а с ы
Білім
Кез-келген ата-ана тәр ізді менде өзімнің
мәпелеп, аялап отырған қызым Гүлжаннан біраз
нәрсе күтемін. 1-сыныпқа келгенде қолынан
жетектеп, №3 мектеп-лицейге келген кезі әлі
есімде. Алғашқы қоңырау соғылып, оқушылардың
барлығын партаға отырғызып, бар ақыл кеңесін
беріп келген алғашқы ұстазы-Бердәлиева Мәнді
апай болатын. Осы сәтті пайдаланып, алғашқы
әріпті, санауды үйреткен, адал болуға баулыған
ұстазымызға алғыс айтқым келеді.
Міне, көзді ашып-жұмғанша 11 сыныпқа келді.
Балам өміріміздің жалғасы мен оған барлық ақыл-
кеңесімді айтып отырамын, айта кетер болсам:
1. Шығыс ғұламасы Әл-Фараби: «Адамға ең
бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген
білім-адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне
апат әкеледі»,- деген. Қай жерде жүрсеңде, өзіңді білім нәрімен
сусындатқан ұстаздырыңның ,тәлім-тәрбие берген ата-
анаңның атына кір келтірме.Үлкенге құрмет, кішіге ізет
Жанұя-бала тәрбиесін қалыптастырушы ең
алғашқы бесік.
Перзент үшін дүниеде ең жетілген, білімді де
мәртебелі адам-оның ата-анасы. Ал, ең әдемі де
жарық үй-оның туылған үйі.
Сондықтан да жас баланың болашақ дамуына
ата-ананың орны ерекше. Қоғамның азаматы
отбасында бастау алады, қоғам келбеті
отбасында көрінеді. Отбасының аса маңызды
әлеуметтік қызметтері-азамат тәрбиелеу, патриот
қалыптастыр у, болашақ жанұя игеретін,
кемелденген мемлекет заңдарын мойындап,
құқықтарын сауатты пайдалана білетін қоғам
мүшесін жетілдіру.
Балалар өз бойынан ата-анасының бар
болмысын көрсетсе, керісінше ата-аналар да өмірдің жалғасын
балаларынан көреді емес пе?
Олай болса, бүгін де ата-аналардың балаларына айтары бар:
1.Тәрбиелеп отырған ұл-қыздары жағымсыз қылықтардан
сақтану керек.
2.Бала бойында ұқыптылық негізінде тәртіпті, мәдениетті,
үлкендерді құрметтеу, кішіге қамқор болу керек.
3.Ата-аналар пікіріне балалар түсінікпен қарау керек.
көрсете біл.
2. Денсаулығыңа немқұрайлы қарама. Өйткені
ол-бақытты және толымды өмірдің кепілі, негізгі
шарты. Денсаулық бізге жоспарларымызды
орындау, өмірдегі негізгі мәселелерді табысты
шешу, қиыншылықтардан өту үшін керек болса,
едәуір ауыртпалықтарды шешуге де көмектеседі.
3. Елбасымыз «Ұлт болашағы білімді ұрпақ
қолында», -дегендей қай кезде де терең білім алу
жолында жалықпай, талмай ізденіп, ел тізгінін
ұстайтын азамат бол. Әрдайым жоғарыдан көрін,
артыңнан еріп келе жатқан бауырларыңа үлгі-
өнеге бол. Мінекей алдында үлкен өмірдің есігі
ашылғалы тұр, сондай айтулы сынақтан сүрінбей
өт. Ол үшін оқы, дайындал, еңбектен сонда сен алдыңда тұрған
кедергілерге мойынсұнбай, өз мақсатыңа жете аласың. Мен
саған сенемін!!!
11 «Б» сынып ата-анасы: Жалімбетова Жадыра Панақызы
4.Балалардың рухани бай болуы мен білген-
түйгенін өмірде қолдана білу керек.
5.Кез-келген қиындықтардан шыға білуі мен
одан шығу жолдарын да таба білуі керек.
6.Балалар ата-аналарымен жақын, сырлас
досымен сырласқандай пікірін ашық айта білуі
керек.
«Дүниенің ең асылы, қозғалысы – адам, ал
оның басты бақыты – бала» деген шығыстың
ұлы сөзі бар.
Ал оны біздің халқымыз былай» дейді:
«О, Құдай бала бер,
Бала берсең – сана бер!
Санасыз болса,
Қайта өзің ала бер!»-деген сан ғасырдан бері
өз ұрпағын «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі де өнерлі,
адамгершілік ар-ожданы жоғары, намысқой азамат тәрбиелеп
келе жатқаны – тарихи шындық.
Бала тәрбиесінде , «ұсақ-түйек» деп атап, мән бермей
қалдыра алатын еш нәрсе жоқ және еш қателесуге қақымыз
да жоқ. Бала-әр отбасының бақыты.
Олай болса, өз бақытымызды бағалай білейік, ағайын!
11 «В» сынып оқушысы А.Н.Суханбердиннің ата-анасы
Шахматный клуб при школе –гимназии №3
проводит определенную работу по развитию
шахматного направления, и за прошедшие период
достигла определенных результатов:
Инфраструктурные изменения: в учебном плане
существует достаточное количество занятий,
посвящённых различным видам тактического
мастерства. Сама концепция программы насыщена.
Знание стратегии и тактики в шахматах влияет на
практическую сторону игры и демонстрирует
определённый культурный уровень шахматиста. С
целью диагностики результатов изучения этих
разделов организуется викторина с вопросами,
посвящёнными различным видам. Я это обычно
провожу ее перед началом урока или во время
занятий.
Победители получают определенные оценки по
уровню знаний. Подводя итоги этого раздела
шахматной программы, я повторяю все
вышеизложенные
методы
диагностики
результатов. - Основными направлениями на
занятиях это: - разбор партий учащимися своих
игранных партий: -турниры по техническим
позициям эндшпильного типа или этюдным
позициям. -проводятся конкурсы «Угадай ход»
Основные направления:
1.За время работы секции были проведены 4
родительских собраний по возрастным группам
2.Создана прозрачная система отбора детей для
набора в группы
3.Сформированы и работают детско-юношеская комиссия, родительский
совет.
В структуре турниров внутри секции произошли некоторые изменения:
1.В календарный план включены отборочные турниры по рапиду и по блицу.
2.Планируем организовать турнир «Белая ладья» с привлечением команд из
соседних школ-гимназии №15 и школы №5.
3.В 2016 году будем привлекать спонсора для проведения турнира среди детей
младших классов
Достижения:
1.Команда Гимназии №3 неоднократно выступает в различных турнирах.
2.Койшыбек Ерсултан ученик 5 класса школы –
гимназии №3 завоевал почетное 2 место в Областном
отборочном турнире среди детей не старше 12 лет с
участием 60 детей из разных школ города.
3.Ежемесячно увеличиваются количество детей с
приходом в шахматную секцию- это несомненный
успех для шахматной секции.
Планы на 2015-2016 гг.:
1.Продвижение программы «Шахматный всеобуч»
в школе-гимназии №3
2.Доведение числа рейтинговых шахматистов до
уровня: II разряда–4 человека
3.Проведение и организация шахматного турнира
к «Дню Победы»
4.Создание шахматного уголка
5.Увеличение популярности шахмат в школе и
доведение численности занимающихся до 60 человек.
Преподаватель: Тобылбаев Алим Асимович
Работа шахматной секции при школе-лицей №3
Ата-ана айдары
А й н а с ы
24
Білім
Главный редактор газеты
БІЛІМ Айнасы
Абдыкаликова М.Н.
г.Кызылорда,
ул.Жанқожа батыр 5,
тел: 27-40-80
www.school-liceum3.kz
school-liceum3@mail.ru
Компьютерная верстка:
Ж
УМАБАЕ В
Б
АХЫТ
Р
ЕДАКЦИЯ
: Есімов А.Ж.,
Мухтаров Асет, ученик 11 “Б”класс
Электронная версия газеты на нашем сайте
Кезекті ақпан айында өткізілген 11-сыныптар бойынша
байқау сынағының нәтижесі көңілден шықпай отыр.ҰБТ-ға
қатысатын 98түлектің ішінен 6 «Алтын белгі», 2 «Үздік
аттестат»үміткерлері де ақтай алмады.
Оқушылардың басым бөлігі таңдау пәндері бойынша да, әлі
де төменгі деңгей көрсетіп келеді. Жалпы орташа балл,4 сынып
кешені бойынша 81 пайызға жетіп отыр. Тәжірибелі кәсіби
білікті ұстаздар жоғарғы 11-сыныптарға сабақ бергенмен,
оқушылардың селқос әрекеті салдарынан екі мезгіл беріліп
отырған, қаншама еңбекке негізделген білім беру еш кетіп
жатыр.Үнемі байқау сынақтарынан 15-17 оқушының 50
баллдық нәтижеге жете алмауы,кейде 2 немесе 4 оқушының
әртүрлі пәндерден 2 алулары алаңдатады. Ата-ана тарапынан
балалардың оқуға деген жауапкершілігіне баса назар аудару
қажеттігі туындап отыр. Ойлана келе, жақсы оқитын
оқушылардың жоғары баллдары, нашар оқитындардың төменгі
баллдарымен,орташа баллдардың төмен болуына әкелуде.
Қосымша сабақтарға қатысу , барысы нда кейбір
оқушылардың енжарлық көрсетуі және мұғалімдердің сабаққа
қатысты койып отырған талаптарын орындамау, салдарынан
ұстаздар маральдық тұрғыда соққы алғандарынан және
оқушыларға шара қолданудағы мектепшілік ішкі тәртіп
ережелерін бірыспыра ата-аналардың елемеуін тоқтату үшін
қатаң шаралар қолдану қажет болып отыр.
Пән мұғалімдері үміткерлерге нақты бағасын біліміне қарай
қойып,үміткерлердің қатарын азайтуға назар салу қажет. ҰБТ
2004 жылдан бері жүргізіліп келеді. №3мектеп-лицей түлектері
қашанда алдыңғы жүлделі орындар қатар ында болып
келеді.Түлектерімізге сапалы білім берген Тлеуова М.Қ,
Алпысбаева П.З, Хе Людмила А, Тасболатова Б.Н, Есіркепова
Р.Е, Молдағалиева А.С, Тәжітаева С.Б, Махатова Н.Ж,
Түлкібаева Э.С, Есмағанбетова Қ.Н, Есімов А.Ж, Махмутова
Г.С, Сүйеуова Ш.Б білікті ұстаздар үшін оқушылардың жақсы
оқығаны үлкен мәртебе болар еді, егер беріліп отырған білімнен
нәтиже шығара алса.
«Оқы,оқы және оқы»-деген құран аятты басшылыққа алып,
«Қайталау-білімнің атасы» екенін ұмытпай білмнің биік
белесінен көріну әрбір жас түлектің өз қолында.
Директордың оқу-іс жөніндегі орынбасары:
Есімов Аманғали Жақсатұлы
Сенім биігінен көріну
2015-20 16 оқу жылының I I оқу тоқсаны аяқталып,
оқушылардың білім сапасының көрсеткіші анықталды.
Оқушылардың қозғалысынан кейін оқушылар саны 1762
болды. Олардың 873-і-қыз балалар, 889-ы-ер балалар. Оқу
тоқсанының қорытындысы бойынша 316 оқушы-оқу озаты,
713 оқушы-оқу екпіндісі болып, оқу сапасы-64% болды.
1-4 сыныптар бойынша 853 оқушы бар. Оның 236-сы-бірінші
сынып оқушылары. Олардың білім сапасы екінші жарты
жылдықта бағаланады. Ал 2-сыныптарда барлығы 230 оқушы
бар. Білім сапасы - 85% болды. Ең жоғары сапа көрсеткішін
2«А» сынып оқушылары (сынып жетекшісі- Тапалова З.К.) 90
% беріп отыр. Қалған сыныптарда білім сапасы-88-79%
аралығында. 3-сыныптардағы 176 оқушының ішінде 3«Д»
сынып оқушыларының (сынып жетекшісі- Агитаева Г.К.)
білім көрсеткіші жоғары. 3-сыныптар бойынша орташа білім
сапасы 77 пайыз болды. 4-сыныптар бойынша барлығы 211
оқушының орташа білім сапасы-7 8 пайыз, бұл өткен
тоқсандағы көрсеткіштен 7 пайызға артық. Осы тоқсанда 4А
(сынып жетекшісі- Ибраева К.Б.) мен 4В (сынып жетекшісі-
Жансұлтанова П.С.) сынып оқушылары ең жоғары 81-83%
сапамен аяқтады.
Тоқсандық қорытынды шыққан 2-4 сыныптардағы барлық
617 оқушының 2 07 оқушы -оқу озаты, 285 оқу шы-оқу
екпінділер қатарында болып оқу сапасы -79% болды.1-
тоқсандағы сапамен салы стыр ғанда оқу сапасы ның
көрсеткіші 2 пайызға артқан.
5-9 негізгі мектепте 69 6 оқушы бар. Оны ң 99 -ы оқу
озаттарының қатарында болып, 306 оқушы оқу екпінділері
болып аяқтады. Өткен тоқсандағы оқу сапасына қарағанда 5
пайызға артқан.
5-сыныптарда 4 сынып комплектісі бар. 5- сыныптарда ең
жоғары білім сапасы мен 5А мен 5 Б сы нып (сынып
жетекшілері- Ақышева М.Ж. мен Аленова С.Т. ) оқушылары
аяқтады. 5А сыныпта 91% сапа бұл-мектеп-лицей бойынша
жоғарғы көрсеткіш.
Ең жоғары көрсеткішті 70%-ды 6Г сынып (сынып жетекшісі
– Майгелдиева Ш.М.) оқушылары өз білімдерінің жоғары
екендіктерін көрсетті. Ал 6Б сыныпта сапа 69% болды, ал 6А
сыныпта оқу сапасы 61% болса, 6Д сыныпта 46% болып тұр.
Барлық 6- сыныптар бойынша орташа сапа көрсеткіші -60%.
7-сыныптарда 117 оқушы бар. Оқу сапасының 50% үлгірімі
7А сынып оқушылары (сынып жетекшісі – Молдабекова
Ж.М.) жақсы нәтиже беріп отыр. Ал 7Гсыныпта білім сапасы
төмен, 47%. Сынып оқушыларынан 8 оқушы бір ғана пәннен
төмен баға алған.
8-сыныптарда сынып комплектісі - 4. Барлығы 118 оқушы
бар. Ең жоғары білімді 8Б сынып (сынып жетекшісі - Бекенова
З.Т.) көрсетті. 8В,Г сыныптарда білім сапасы төмен болып тұр.
9-сыныптарда биылғы оқу жылында 120 оқу шы бар.
Тоқсандық қорытынды бойынша барлық оқушылардың
Білім таразысы-тоқсандық қорытынды
орташа оқу сапасы 48%, өткен тоқсанмен салыстырғанда 2
пайызға ғана артқан.
Сонымен 5-9-сыныптардағы негізгі мектеп оқушылары
тоқсанды 58% -бен аяқтады.
10-11 сыныптарда барлығы 213 оқушы бар. Тоқсандық
қорытынды бойынша білімдерін 55% көрсетсе, әлі де сабаққа
дайынды қта өз мүмкіндігін толық пайдаланбайтын
оқушыларда бар. Олар жекеленген пәндер бойынша (ағылшын
тілі, орыс тілі, математика) төмен нәтиже көрсетуде.
10-11 сынып оқушыларына
арналып жоғарғы оқу орнына
дайындық барысында арнайы
курстар жұмыс жасайды. 11-
сынып
оқушы лары ның
алдында үлкен сын- Бірыңғай
Ұлттық
Тест
тапсы ру
жауапкершілігі тұр. Биылғы
оқу жылында «Алтын белгіге»
6 оқушы, «Үздік аттестатқа» 2
оқушы үміткер болып отыр.
Олар мектеп үмітін ақтайды
деп сенеміз.
Ахметова А.Ү. –
директордың оқу-ісі жөніндегі
орынбасары
53
58
50
52
54
56
58
2015-2015 оқу жылы №3 мектеп-лицей
оқушыларының І- ІІ тоқсан бойынша
салыстырмалы үлгерім көрсеткіші
І тоқсан
ІІ тоқсан
79
61
48
0
50
100
2015-2016 о.ж. II токсанындағы оқу сапасының
көрсеткіші
2-4 сыныптар
5-9 сыныптар
10-11 сыныптар
Р ей т ин г
Достарыңызбен бөлісу: |