Патриотизмнің теориялық деңгейі. Ол Отанның құрылуы, дамуы, сақталуы, оның егемендігі мен тәуелсіздігі туралы ғылыми білімдерді жете меңгеруі. Отанға қызмет көрсету турасындағы патриоттық идеялар, патриоттық мінез-құлық нормалары. Ал, «Отан» сөзіне анықтама берсек, ғалым М.С.Жүнісовтың айтуынша ол үш құрамдас бөліктен тұрады:
1. Туған жер, яғни халықтың өзі жасаған тарихына байланысты этикалық аймақ.
2. Өзінің тілі, ұлттық мәдениеті, салт-дәстүрі қалыптасқан белгілі бір халық.
3. Отанның типін анықтайтын қоғамдық-экономикалық және әлеуметтік саяси құрылыс.
Зерттеліп отырған құбылыстың деңгейлері алдын-ала төмен, орташа және жоғары болып бөлінеді.
Патриоттық тәлім қалыптасуының жоғары деңгейінде БІЛІМ АЛУШЫ өзінің мемекет өміріндегі белсенді ролін түйсінеді. Отанға сүйіспеншілік сезімі терең болады.
Орташа деңгейде БІЛІМ АЛУШЫ өзінің мемлекет өміріндегі белсенді ролін түсінеді, бірақ қоршаған шындықты өзгертуге енжар қатынасады. Оған мемлекеттік рәміздер мен дәстүрлерді терең және тоық білмеу тән.
Төмен деңгей өз мемлекетіне немқұрайлы қараумен, мемлекет өміріне белсенді қатынасуына ұмтылмауымен сипатталады. БІЛІМ АЛУШЫ мемлекеттік рәміздер мен дәстүрлерге ынта қоймайды.
Тұлғаны отаншылдыққа тәрбиелеудің құрылымдық жүйесі
2.2. БІЛІМ АЛУШЫлар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастырудың тәжірибелік-эксперименттік жұмысының нәтижесі
БІЛІМ АЛУШЫлар бойында патриоттық тәрбиені қалыптастырудың жолдары мәселесіне арналған педагогикалық тәжірибелік жұмыс үш кезеңді (анықтау, қабылдау, бақылау) қамтыды. Тәжірибелік жұмыс Тараз қаласындағы №12 мектептерінде жүргізілді. Зерттеу аясындағы БІЛІМ АЛУШЫларды тәжірибелік топ және бақылау тобы деп екіге бөлдік.
Педагогикалық тәжірибе жұмысында сынақтағы топқа 15 БІЛІМ АЛУШЫ, ал бақылаудағы топқа 15 БІЛІМ АЛУШЫ қатысты. Жалпы тәжірибе жұмысына 30 мектеп БІЛІМ АЛУШЫсы қамтылды.
Дамыта оқыту технологиясы
Қорытынды
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Егер біз Мемлекет болғымыз келсе, өзіміздің мемелекетімізді ұзақ уақытқа меңзеп құрғымыз келсе, онда халық руханиятының бастауларын түсінгеніміз жөн» деген .
Оған барар жол халық даналығының негізінде жатыр.Қазақта мынадай мақал бар: «Жеті атасын білмейтін ер жетесіз, жеті ғасыр тарихын білмейтін ел жетесіз». Осы орайда айтарымыз тек жеті ғасырмен шектелмей жалпы ұлттың тарихын біліп, соны зерттеу керек. Бүгінгі кішкентай бала-ол ертеңгі ел азаматы.