Оқушылар бойындағы патриоттық ТӘрбие


патриоттық тәрбие мәселесі -адамзат тарихының ұлы мақсаты



бет3/4
Дата04.09.2023
өлшемі9,27 Mb.
#105985
1   2   3   4
Байланысты:
ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ

патриоттық тәрбие мәселесі -адамзат тарихының ұлы мақсаты

  • 2001 жылдың 11-қыркүйегінде АҚШ-тағы қайғылы оқиғалар, Таяу Шығыстағы, Бали аралындағы лангестік (террористік) әрекеттер. Мәскеуде адамдарды кепілдікке қамап ұстау ешқандай кінәсы жоқ адамдардың, олардың ұлтына, этностық және діни қатынастығына қарамастан, ланкестік құрбаны болатынын көрсетіп берді. Отаннымыздың территориясының бүтіндігін сақтау, халықтың тыныштығын алатын ланкестіктерге қарсы ұйымшылдықпен күрес., мемлекетімізге қауіп төндіретін кез-келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұрудың өзі жастарды Отаншылдық рухта тәрбиелеу міндетін жүктейді.

ұлы дала ойшылдары

  • Туған жерге деген ыстық сезім, атамекенге деген құрмет пен қадір қасиет тұтуды ұлы дала ойшылдары Қорқыт ата , әл-Фараби , Жүсіп Баласағұн , Махмұд Қашқари т.б. айтқан болатын. Қазақ тарихын тұңғыш зерттеуші Ш.Уалиханов өзінің патриоттық сезімін білдіре келіп, «Менің патриоттық сезімім ірбіт сандығындай, мен ең алдымен өз отбасымды, туған-туыстарымды қадірлеймін, одан соң ауыл-аймақ, ел-жұртым, руластарымды, одан соң халқымды, одан соң Сібір орыстары, Ресей жұртын қадірлеймін» , - деген екен

Қазақстандық патриотизм

  • «Қазақстандық патриотизм» ұғымы біздің тәуелсіздігімізбен қоса туған туған жаңа сөз болып, еліміздегі саяси-әлеуметтік ахуалдың ерекшелігін көрсетеді. Елімізде жүзден аса ұлттар мен ұлыстардың өкілі өмір сүруде. Қазақстан оладың көпшілігінің туған Отаны және бұдан бұлай да мәңгі тұрақтап қалар мекені болмақ. Сондықтан олардың әрқайсысы Қазақстанды ата жұртым деп танып, оның тәуелсіздігін қорғауға және материалдық байлығын арттыруға еңбек етуі тиіс. Сол себепті қазақстандық патриотизм ұғымы күнделікті өмірде жиі қолданылып, кеңінен қалыптасып келеді.

ІІ БІЛІМ АЛУШЫЛАР БОЙЫНДА ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕНІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ

  • Бүгінде Қазақстан Республикасындағы әрбір ұлт, халық санына қарамастан өздеріне тиісті, лайықты орындарын алған. Қазақстан сияқты көпұлтты мемлекетте жекелеген этностар өкілдерінің ұлттық патриотизмі елде тұратын барлық халықтың ортақ патриотизмімен байып отыр. Ал, көп ұлтты мемлекеттегі адамдардың патриотизмі олардың ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетімен бірлікте қарастырылады.
  • Н.Ә.Назарбаев атап көрсеткендей, 90 пайыз қазақстандық ұлтына қарамастан, өздерінің Отаны Қазақстан деп есептейді. Бұл құптарлық жай өйткені қазақстандық патриотизм азаматтың, қоғамның, мемелекеттің ортақ күш-жігеріне келіп саяды. Қазақстан - өз Әнұраны, Елтаңбасы, туы, жері бар мемлекетіміз деген ұғым қоғамда түпкілікті қалыптасуы керек және оны сүю, қорғау осы қоғамда өмір сүріп жатқан барша адамның міндеті болмақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет