Оқушылар ұжымын қалыптастыру және зерттеудің әдістемесі


Әрбір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды



бет2/4
Дата18.12.2022
өлшемі29,71 Kb.
#58018
1   2   3   4
Байланысты:
О ушылар жымын алыптастыру ж не зерттеуді дістемесі

Әрбір ұжым – бұл топ, бірақ әрбір топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактілі және негізгі болып екіге бөлінеді. Контактылы ұжым – бұл ұжым белгілері бар бастауыш топ. Негізгі ұжым – бұл контактылы ұжымдардың бірлестігі. Мысалы, контактылы ұжым – бұл студенттер тобы, негізгі ұжым – факультет т.б.
Біздің елімізде қазіргі қоғамның маңызды ұясы-мектеп ұжымы баланы дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегі оқушылар ұжымы – бұл іс-әрекетімен тұрақты әрекет жасауға, тапсырманы толық орындауға үйрету қажет.
Сонымен, біріншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың әр түрлі іс-әрекеттері ұйымдастырылады, мақсатқа сәйкес бағытталады, олардың адамгершілік тәжірибесі байыйды; екіншіден, тәрбие әдістерінің көмегімен оқушылардың дүниеге көзқарасы қалыптасады, олар қоғамдық өмірге қатысады, тәрбиенің әлеуметтік мақсаты іске асырылады.
Барлық тәрбие әдістері бір-бірімен өзара байланысты, өзара тәуелді. Ешбір әдіс тәрбиенің универсальды құралы бола алмайды. Мысалы, оқушыларды әдептілікке тәрбиелеу үшін көбінесе үйрету әдісі қолданылады, дедік. Егер ұжым адамгершілік мораль элементтерінің ұғымдарымен таныс болмаса жеке адамның санасын қалыптастыру әдісін (әңгіме, әңгімелеу, пікірталас, лекция т.б.) пайдалану керек. Бұл ситуацияда пікірталас және әңгіме әдістерінен гөрі, этикалық тақырыптарға әңгімелеу немесе лекция әдістерін қолдану өте қолайлы. Егер оқушылар ұжымының адамгершілік нормасы жөнінде белгілі түсініктері болса, онда пікірталас немесе этикалық әңгімені қолданған жөн.
Ұжым қоғамдық пікірмен сипатталады. Қоғамдық пікір –бұл ұжым мүшелерінің талаптарды, пікірлерді бағалаудағы бірлігі. Бұл бірлікті ұжым кейбір ұғымдар және құбылыстар жайындағы пікірлерді мақұлдайды немесе кінәлайды. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттілік – қоғамдық пікірдің негізгі ерекшелігі.
Оқушылар ұжымын нығайту мен қалыптастыруда аса маңызды мәселелердің бірі – ұжым алдындағы мақсатты – перспективаны таңдау. Осыған орай, А.С. Макаренконың теориялық мұрасына сүйеніп, оның жақын, орта және қашық атты перспективаларын еске түсірген жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет