Психологияда «қиын» бала туралы бірыңғай түсінік, оның мінез-құлқына диагностика жасау мен түзетуге және тұлғалық дамытуға қатысты бірыңғай тәсіл жоқ. «Қиын жасөспірім» ұғымының өзі кең тараған әлеуметтік стереотип формасына ие болған. «Қиын» стереотипінде қоғамға қауіпті белгілі мінез-құлықтар бар және ол балалардың өздері де, ересектер де жете түсінетін толық анықталған типтік және әлеуметтік қасиеттер жиынтығын қамтиды. «Қиынның» мінезіндегі ерекшеліктер:
- Өз нормалары, түсініктері, жаргондары, жалған аттары мен беделді адамдары бар белгілі бір топқа ену. Бұл топ оның референттік тобын алмастырады және оның әлеуметтену үрдісін бағыттайды;
- Өз нормалары, түсініктері, жаргондары, жалған аттары мен беделді адамдары бар белгілі бір топқа ену. Бұл топ оның референттік тобын алмастырады және оның әлеуметтену үрдісін бағыттайды;
- Мектеп, отбасы тарапынан жүргізілетін тәрбиелеу жұмыстарына белсенді қарсылық білдіру, әлеуметтік құндылықтарды қабылдамау. Ол тек нашар оқып қана қоймайды, бұны мақтан тұтады, ішімдікті ішіп қана, темекіні шегіп, балағат сөздер айтып қана қоймайды, ол бұны мақтан етіп, батырсынады;
- Өзіндік сананың қалыптасу үдерісі қиындайды. Ол өзінің мінез-құлқын, іс-әрекетін өзі шынайы сын тұрғысынан бағалай алмайды немесе өзін формальды емес тобының ұстанымы тұрғысынан бағалайды немесе психологиялық қорғаныстың әртүрлі амалдарын қолданады. Қиын жасөспірімдердің жеке тұлға ретінде калыптасуының маңызды факторы отбасындағы жағымсыз жағдайлар болып табылады

Интеллектуалды салададевиантты мінез-құлықты балада адамгершілік құндылықтар: моральдық идеалдар, принциптер, мінез-құлық нормалары туралы білімнің көлемін, тереңдігін, тиімділігін қалыптастыру қажет.
Интеллектуалды салада девиантты мінез-құлықты балада адамгершілік құндылықтар: моральдық идеалдар, принциптер, мінез-құлық нормалары туралы білімнің көлемін, тереңдігін, тиімділігін қалыптастыру қажет.
Интеллектуалды салаға әсер ету әдісі: сендіру әдістері көзқарас, түсінік, көзқарас қалыптастыру үшін қолданылады.