Оқушыларда толеранттықты қалыптастыру: бірімізді біріміз түсінуді үйренеміз



Pdf көрінісі
бет8/19
Дата20.12.2023
өлшемі343,42 Kb.
#141300
түріМетодические рекомендации
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19
Байланысты:
толеранттықты қалыптастыру бірімізді біріміз түсінуді үйренеміз

Қорытынды
 
Толеранттық проблемасын қарым-қатынас мәдениетімен тікелей 
байланысты тәрбие проблемасына жатқызуға болады. Қарым-қатынас 
мәдениетін қалыптастыру проблемасы – мектептің, жалпы қоғамның алдында 
өткір тұрған мәселенің бірі. Міне осыған байланысты өскелең ұрпақта 
толерантты болу қабілетін қалыптастыру қажеттігі туындайды.
Педагогика ғылымы тұрғысынан, заманауи Қазақстан оқушы-жастарын 
толеранттық идеясында тәрбиелеу мінез-құлықтың ұлтаралық мәдениеті 
идеяларын түсіндіру мақсатында ауық-ауық өткізілген іс-шаралармен шектелуі 
тиіс емес, ол жүйелі және тұрақты негізде өткізілуі тиіс.
Біз қазіргі оқушылардың қоғамдық жұмыстармен белсенді айналысатын 
пайызы салыстырмалы төмен екендігін ескере отырып, этносаралық 
толеранттықты қалыптастыру сияқты тәрбие жұмысының қандай да маңызды 
деген аспектілерінің бірімен байланысты түрлі жобаларға тарту есебінен 
олардың қатарын арттыру туралы шындап ойлануымыз керек.
Толеранттық ұғымын әртүрлі қабылдай отырып, педагогикалық ортада 
ЮНЕСКО-ның толеранттық ұстанымдары Декларациясында ұсынылған 
ұғымдарға сүйенген дұрыс. Осы құжаттың 1 бабы бойынша толеранттық 
дегенміз.
Әлемнің көптүрлі мәдениетін, әр адамның өзін-өзі көрсетуін, жеке 
тұлғаның қадір қасиеттерін сыйлау, қабылдау және түсіну. Оған білім
ашықтық, қарым-қатынас, ой, ар-ождан, сенім еркіндігі ықпал етеді. 
Толеранттық – көптүрліліктегі үйлесімділік. Бұл тек моральдық парыз емес, 
саяси, құқықтық қажеттілік. Толеранттық- бұл бейбітшілікке қол жеткізу, соғыс 
мәдениетін, бейбітшілік мәдениетімен ауыстыру жолы.
Толеранттық орынсыз шегішектеу, жағымпаздану емес. Толеранттық- ең 
алдымен адамның әмбебап құқықтарын, негізгі бостандықтары негізінде 
қалыптастырылатын қатынас. Ешқандай жағдайда толеранттық негізгі 
құндылықтарға қол сұғуға жол бермейді. Торларанттықты әрбір адам, топтар, 
қоғам танытуы керек:

адам құқығын бекітуге, плюрализмге, оның ішінде мәдениет 
плюрализміне, демократия, тәртіп орнатуға септігін тигізу; Толеранттық 
догматизмнен, абсалюттендіруден бас тарту, адам құқығы саласындағы 
халықаралық актілердегі нормаларды сақтау;

толеранттық әлеуметтік әділетсіздікке көну, өз сенімдерінен бас тартып 
басқаныкін мойындау деген емес; Бұл - әркім өз сенімін қорғайды, бірақ 
басқаныкіне сыйластықпен қарайды деген сөз. Бұл - адамдар сыртқы келбеті, 
әлеуметтік мәртебесі, тілі, мінез-құлқы, құндылықтары бойынша әртүрлі, бірақ 
олар өздерінің жеке ерекшеліктерін сақтай отырып өзара бейбітқатар өмір 
сүруге құқылы деген сөз. Бір адамның пікір екінші адамға еріксіз таңылуы 
дұрыс емес.
Басқаша айтқанда, толеранттық-өз пікіріңе зиянын тигізбей, басқаның 
пікірін сыйлау, агрессияға ұласпайтын белсенділік.


15 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет