ӘЛ-ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ Философия және саясаттану факультеті
«6М050300-Психология» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы
Мамандық«6М050300-Психология» мамандығы»
«Жұмыстағы бағалау мен өлшеу»
«Жұмыстағы бағалау мен өлшеу» курсы бойынша қысқаша дәрістер
1-дәріс. Еңбекті ұйымдастырудың әлеуметтік-психологиялық аспектілері. Психология ғылымында «тұлға» категориясы базалық ұғымдарға жатады. Алайда «субъект» ұғымы жалғыз психологиялық ғана емес оны басқа да қоғамдық ғылымдар зерттейді. Олардың ішінде философия, социология, педагогика және басқа да ғылымдар бар. Психология ғылымы аясында неге тұлға ұғымы қаралады және психология ғылымы тұрғысынан тұлға деген кім деген сұрақтар әрқашанда туындайтын маңызды сұрақтардың бірі.
Бұл күндері «субъект» болып туылмайды, қалыптасады деген пікір нақты қалыптасып отыр, алайда субъектінің дамуы қандай заңдарға бағынады деген сұрақ туралы әртүрлі пікірлер бекіген. Мұндай айырмашылықтар тұлға дамуы үшін қоғам мен әлеуметтік топтардың мәнін әртүрлі түсінумен, сонымен қатар даму процестерін жеделдету мүмкіндіктері, тұлға дамуындағы дағдарыстар, даму сатылары мен заңдылықтармен және басқада сұрақтармен байланысты болып отыр.
Субъект деген кім дегенге психологтар әртүрлі жауап береді. Оның себебі тұлға феномені өте күрделі. И.С. Конның пікірінше «тұлға бір жағынан іс-әрекет субъектісі ретінде нақты индивидті (адамды), оның әлеуметтік рөлдері мен индивидуалды қасиеттерінің бірлігінде (жалқы) түсініледі, басқа жағынан тұлға индивидтің әлеуметтік қасиеті ретінде, басқа адамдармен тура және жанама өзара әрекет процесінде еңбектің, танымның және қарым-қатынастың субъектісі ретінде сол адамның интеграцияланған әлеуметтік мәнді қырлардың жиынтығы ретінде түсініледі.
Субъект жайлы әрбір анықтама теориялық негіздемелермен және эксперименттік зерттеулермен бекігендіктен олардың бәрін ескеру керек. Көбінесе тұлға деген ұғым әлеуметтік даму процесінде меңгерілген өмірлік және әлеуметтік маңызды сапалардың жиынтығы деп түсініледі. Сондықтанда жеке бастық сипаттамаларға адамның генотипті немесе физиологиялық ұйымдасу ерекшеліктері жатқызылмайды.
Сондай-ақ субъетінің жеке бастық сипаттамаларына оның танымдық психикалық процестерін немесе іс-әрекеттің индивидуалды стильдерінің даму ерекшеліктерін сипаттайтын сапалары да жатқызылмайды. Тұлға ұғымының мазмұнына басқа адамдарға арнаған қатынасындағы мәнді істерін анықтайтын адамның орнықты қасиеттері де кіргізіледі.
Субъект қоғамдық байланыстар мен қатынастарда көрінетін, өзі және қоршағандар үшін маңызды мәнді болып табылатын өнегелі қылықтарын анықтайтын орнықты әлеуметтік шарттанған психологиялық сипаттамалары берілген жүйедегі нақты адам.
Субъект әртүрлі ғылымдарда, психологияда, философияда, социологияда. тарихта зерттеледі. Барлық ғылымдарда тұлға өзінің әртүрлі қасиеттерімен, қабілеттерімен және сипаттамаларымен түсіндіріледі. Барлығы тұлғаны тұтастық ретінде қарастырады. Тұлға жайлы тұрмыстық та түсініктер бар, қандай да бір адам туралы: «бұл тұлға» деп айтады, оның басқа адамнан айырмашылығы болатынын айтады, тұлғаны талантты, мақсатқа бағытталған, басқа адамға ұқсамайды деп анықтайды.