Байланысты: Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау мен бағалау негіздері
1.3 Оқушылардың білімін бақылаудың әдістері және оны ұйымдастыру түрлері
Бақылау кезінде әртүрлі әдістер мен методикалар қолданылады.
Бақылау әдістері арқылы оқушылар жұмысының тиімділігі мен мазмұны туралы кері байланыс қамтамасыз етіледі. Бақылау әдістеріне ауызша, жазбаша және графикалық бақылау әдістері жатады.
Оқушылардың білім, білік және дағдыларын бақылау, бағалау педагогика ғылымы мен практикасында белгілі бір әдістерді қолдану негізінде жүзеге асады. Олар мыналар:
ауызша бақылау (әңгіме, жеке-дара, топтық, фронтальдық сұрақ).
жазбаша бақылау (диктант, шығарма, реферат, таблица, схема, суреттер құрастыру).
тест тапсырмалары (ашық, жабық, сәйкестікті анықтау, дұрыс тізбек құру тесті және т.б.)
зертханалық бақылау (лабораториялық жұмыстарын, еңбек операцияларын орындау, тәжірибе жүргізу).
машиналы бағдарламалап бақылау (перфокарталар, бақылау карталарын, дұрыс жауаптарды, диафильмдерді қолдану).
өзін-өзі бақылау, бағалау (қателерді болдырмау, оларды түзеу, оқудағы өз жетістіктерін бағалау, соған сәйкес балл қою).
Ауызша бақылаудың әдістері: әңгіме; оқушының әңгімесі; түсініктеме; оқулықтан оқыған мәтінге сын-пікір айту; технологиялық карталар; сұлбалар; сынақ; емтихан және т.б.
Білімді бақылау және бағалау үдерісінде ауызша сұрау көп таралған. Бұл әдістің жүзеге асырылуы – мұғалімнің өткен материал бойынша сұрақ қойып, оларға оқушылардан жауап алу арқылы оқушылардың материалды қаншалықты меңгергенінің сапасы мен толықтығын анықтау.
Ауызша бақылау мұғалімнің бір немесе бірнеше оқушымен, бүкіл сыныппен диалогы ретінде (орнында отырып жауап беру) білім берудің алғашқы кезеңінде жүргізіледі, оқушылардың білімін нақтылап жүйелеу қажет болған жағдайда, білім берудің осы кезеңінде не үйренгенін тексеретін кезде, қосымша оқу кезеңінде немесе оқу жұмысының басқа әдістері талап еткенде жүргізіледі. Оқу диалогы үшін оқушының есте сақтау мен ақпаратты қайта пайдалану қабілетін тексеріп қоймай, сонымен қатар түсініп, игеріп алу, пайымдау қабілетін, өз ойын еркін айта алуын, жауап беруді нақтылау, жалпы әңгімелесуде белсенді қатысып, жалпы түсінікті нақтылау біліктігін тексеретін ойластырылған сұрақтар жүйесі өте маңызды.
Ауызша бақылаудың монологиялық формасы төменгі сыныптарда көп қолданылмайды. Бұл келесі жағдаймен байланысты, оқушыға орындауға берілген тапсырма, негізінде, жеңіл қабылданатын, көлемі жағынан шағын ғана болып келеді, сондықтан оқушының тақтада монологиялық түрде жауап беруі үлкен қиындық тудыратын сұрақ. Ол үшін оқушыда берілген оқулықтағы баяндама текстін қайталау емес, талап етілетін шығармашылық, өзін-өзі басқару қабілеттілігі, пайымдылық қалыптасуы қажет.
Ауызша бақылаудың негізін оқушының монологиялық жауабы және сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу құрайды. Ауызша бақылау сабақ сайын жеке, жаппай және комбинирленген түрде жүзеге асырыла береді.
Тәжірибелі мұғалімдер сұраудың түрлі технологияларына ие, олар дидактикалық кортачкалар, дамытушы-танымдық ойындар және т.б. технологияларды пайдаланады. Оқушының жауабын магнитофонға жазу арқылы оны кейін тыңдап барлық сынып болып бағалай алады (В.Ф.Шаталов). Бақылаудың толық формасы емтихан болып табылады.
Жаңа бастап келе жатқан мұғалімдердің ауызша сұрауды ұйымдастыру барысында тап болатын қиындықтары: қысқа мерзім ішінде мобильді көп оқушылардың сұрайтын сұрау техникасының жоқтығы; оқушылардың жеке және жас ерекшеліктерін ескерудің жоқтығы.
Ауызша сұрау кезінде мұғалім өтіліп жатқан материалды жеке-жеке бөлімдерге бөледі және әр бөлім бойынша оқушыларға сұрақ қояды. Ауызша сұрау сонымен қатар жазбаша бақылаумен бірге де жузеге асырыла алады.
Бақылаудың көп таралған және тиімді әдісі болса да, оның да өзінің кемшіліктері бар. Оның көмегімен бір сабақ үстінде тек қана үш-төрт оқушының білім тексере алады. Сондықтан тәжірибеде бұл әдістің түрлі модификациясы қолданылады, көбінесе жаппай және толықтырылған сұрау арқылы, сонымен бірге «сыныптық балл» арқылы.
Жаппай сұраудың маңыздылығы мұғалім өтіліп жатқан материалды кішкене бөлімдерге бөлу арқылы көп оқушылардың білімін тексере алады. Бұл әдіс нәтижесінде оқушыларды бірден бағалау қиын, өйткені 1-2 оңай сұрақ қою арқылы оқушының материалды қаншалықты толық және терең меңгергенін анықтау мүмкін емес.
Толықтырылған сұрау әдісінің маңыздылығы, мұғалім бір оқушыны ауызша сұрауға шақырып, сұрау барысында қалған оқушылырға алдын-ала дайындап әкелген карточкалар таратып, олардан жазбаша сұрай алады. Бұл әдістің торықтырылған деп аталуының негізгі себебі, оқушылардың барлығы ауызша сұраудың орнына мұғалім бұл кезде карточкаларға жазған жауаптары арқылы оқушылардың білімін тексеріп, бағаларын қоя алады. Сол кезде ол уақыт үнемдеп қана қоймай, сонымен бірге сыныптың басым бөлігін тексеріп, бағалай алады.
Ауызша сұраудың негізгі модификациясы жеке оқушыларды бағалауды (сыныптық балл) жузеге асыруы. Сыныптық балл оқушылардың сабақ барысында жасаған жұмыстары үшін қойылады. Соның нәтижесінде оқушы өзінің білімін толықтырып, әрі қарай жетілдіре алады, сыныптастарының жауаптарына қанағаттанбаса өз ойын білдіре алады, жаңа материалды меңгеруде өз ойын, мысалдарын келтіре алады, сонымен бірге мұғалімнің сұрақтарына жауап беру кезінде ол өзінің шығармашылық қасиетін қолдана алады және өзінің жаңа материалды қаншалықты меңгергенін көрсетеді. Сыныптық баллды қою оқушылардың сабақ үстіндегі активтілігі мен назарын сабақ барысына аударады.