Бақылау барысындағы іс-әрекет түрлері
|
Бақылаудың деңгейлері
|
Уақыт аралығындағы бақылаудың түрлері
|
Бақылау тапсырмаларының түрлері
|
- шығармашылық жобаларды орындау үдерістер: үдерістерді жобалау
|
IV-деңгей
|
Қорытынды бақылау
|
қолданбалы сипаттағы жобалар;
үдерісті модельдеу жобалары;
пәнаралық сипаттағы жобалар
Ситуациялық есептер
Қиындық деңгейі жоғары есептер
|
-оқу есептерін шешу
-үдерістер: жоба элементтерін жасау (жеке есептер)
|
III- деңгей
|
Аралық бақылау
|
таныс емес, жаңа жағдайда меңгерілген білім мен біліктілікті қолдануға тапсырмалар
кіші жобалар
|
-ақпаратты қабылдау
-құрылымдау әрекеті
-қою
|
II- деңгей
|
Ағымдық бақылау
Алдын-ала бақылау
|
тақырып бойынша типтік есептер
тікелей қайта бейнелеуге тапсырмалар
жауапты құрылымдауға арналған есептер
нысандарды толықтыруға арналған есептер
|
- тану әрекеті
- айырып тану (ажырату) әрекеті
- сәйкестік құру әрекеті
-псевдоесептер әрекеті
|
I- деңгей
|
Ағымдық бақылау
Алдын-ала бақылау
|
нысандарды тануға арналған есептер (сәйкес жүйеқұраушы элементтермен мәтін, сызба,модель, график және т.б.)
ашық тест тапсырмалары
тест тапсырмаларының типтері
«біреуден көпке»
«көптен көпке»
тест тапсырмаларының типтері
«жауапты таңдау»
рангты, әрекеттің тізбегін анықтау және т.б.
|
2.2 Информатикадан оқушылардың оқу іс-әрекетін бақылау әдістері
Әрбір оқушының бейімділігіне, қызығушылығына және мүмкіндіктеріне қарай оның білім алуына жағдай жасайтындай білім беру жүйесінде ғылыми-зерттеушілік және инновациялық іс-әрекеттің дамуы бақылануда, және бұл процесс оның барлық компоненттерін – мақсаттарын, мазмұнын, әдістерін, формаларын және оқыту құралдарын қарастырады. Бірақ өз кезегінде информатиканы методикалық жүйеде оқыту мұғалімнің дәстүрлі бағытталған іс-әрекетінде қалып қояды.
Оқу іс-әрекет теориясының кілттік категориясының анализі бойынша, оқушының білімді қабылдауы оған белгілі бір ақпарат беру арқылы емес,оның оқу-танымдық іс-әрекетінің барлық циклін өз бетімен жүзеге асыру процессінде жүзеге асады.
Бiлiм тек қана іс-әрекет барысында, білік және дағдылармен айқындалады; оқу қызметiнiң нәтижесi – оқушының дамуы және оның психикасындағы сапалы өзгерiстерi.
Оқу қызметiнiң негiзгi құрылымдық компонентi оқыту мәселесі болып табылады. Оқыту мәселесі басқалардан өзінің мақсаты мен нәтижесі, іс-әрекеттің пәнін өзгерту емес, іс-әрекеттің субъектісін өзгерту екендігімен ерекшеленеді. Оқыту мәселесі – бұл оқушылардың алдына қорытынды оқу тапсырмасы түрінде қойылған оқу іс-әрекетінің қайта құрылымдалған қорытынды мақсаты. Оны шешу барысында оқушылар өздеріне қажетті білім мен білікті алады, сонымен қатар жеке сапаларын арттырып, алдына қойылған мақсатқа жетуді үйренеді. Оқу тапсырмалары пәнге байланысты есептерді шешу барысында орындалады.
Белгілі бір ретпен орындалатын және іс-әрекет мәселелерін шешуге арналған амалдар мен әрекеттердің көптеген нақты жиынтығын Е.Н.Кабанов-Меллер іс-әрекеттің қабылдауы деп атаған.
Оқу іс-әрекетінің әдістеріне тек қана іс-әрекеттің белгілі бір жүйесі ғана емес, сонымен қатар қандай іс-әрекеттер және міндеттің шарты мен талаптарына байланысты қалай түрленетіні туралы қалыптасқан пікірде кіруі мүмкін. Айтылып кеткендей, бұл арқылы операцияны таңдау анықталады (іс-әрекеттерді орындау әдісі); іс-әрекеттің әдісі оқу міндетін шешуде нақты іс-әрекетті таңдауға мүмкіндік береді, және бұл оны алгоритмдерден ерекшелейді. Бұл жерде алгоритм деп отырғанымыз, бұл жалпыға түсінікті және бір мағыналық жарлық. Алгоритм, осылайша, қадамдардың қатаң түрде орындалуын балжайды, ал әдіс мәселені шешуге іс-әрекеттің жалпы бағытын береді.
Іс-әрекеттің әдістері қиындық пен жалпылаудың әртүрлі деңгейінде болуы мүмкін. Ең қиын әдіс көп іс-әрекеттен тұрады, құранды іс-әрекет ретінде өзіне басқа да әдістерді қосып алады, ол қиын мәселелерді шешуге қажет болып табылады. Егер ол нақты оқу мәселесін шешуге арналған іс-әрекеттің жалпы мазмұнын ерекшелеу жолымен жалпы әдістерді талдау негізінде алынған болса, онда іс-әрекеттің әдісі жалпыланған деп аталады. Жалпылағаннан кейін жеке әдіс жалпының нұсқасы ретінде болады, белгілі бір топтың жеке әдістері оның құрамын түрлендіру арқылы жалпыдан алынуы мүмкін. Бір жалпыланған әдіс бірнеше жеке әдістердің орнын басады, бір сыныптың оқу міндетін шешуге арналған іс-әрекеттің бағытталған негізін тудырады, басқа міндетке көшудің негізі ретінде қызмет етеді.
Іс-әрекеттің белгілі бір әдісін саналы түрде білу білік деп аталады, біліктің дамыған, ең жоғарғы деңгейі дағды болып саналады. Егер білік кезінде оқушы бақылауды іс-әрекет негізінде жүзеге асырса, дағды кезінде ол іс-әрекеттің әрбір әрекетін арнайы ойлап отырмайды. Осылайша, «білік» және «дағды» терминдері тиісті іс-әрекет пен операцияның қалыптасуның әртүрлі деңгейін көрсетеді. «Деңгей» ұғымы іс-әрекет бағдарламасына толық қатысты. Іс-әрекеттің қандай компоненттерінің құрылымын көрсететініне негізделе отырып, бағдарламаның үш деңгейі ерекшеленеді: 1) тек қана орындаушылық, 2) ақпараттың және орындаушы компоненттер, 3) себепті-мақсаттық, ақпараттық және орындаушылық. Іс-әрекет үдерісінде бағдарлама-инструкция негізінде субъектте өзінің жеке іс-әрекетінің бағдарламасы қалыптасады.
И.С. Якиманская мынадай екі түсінікті бөліп көрсетеді: «әдіс» және «тәсіл». Алгоритм үлгісі ретінде, қағида, білімнің мазмұнына кіруі және кітапта сипатталып немесе оқытушымен берілу керек. Тәсіл – бұл оқушының өзінің ашқан жаңалығы, онда оқушының жинақталған білім тәжірибесі көрінеді, бұл – тұрақты жеке білім. Оқу іс-әрекетінің тәсілі – жеке адамның жаңа білімі. Ол өз кезегінде оқушының жеке тәжірибесіне және жеке мүмкіндігіне бағытталған мотивациялық қажеттіліктерді, эмоционалдық және операциялық компоненттерді біріктіреді. Осылайша, оқу іс-әрекетінің әдістері оқу пәнінің мазмұнына оқу есептерін шешу тәсілі ретінде кірістірілуі керек, және ол компонент оның тұрақты мазмұнына тәуелді емес.
Мектеп курсында оқу іс-әрекеті әдістерінің келесі топтарын бөліп көрсетуге болады:
Жалпы оқу әдістері, ол информатика пәнінің ерекшелігіне тәуелді емес. Бұл топтың өзін екі ішкі топқа бөлуге болады: 1) оқу іс-әрекетінің жалпы (ішкі) ұйымының әдістері – тыңдау әдістері, бақылау, қарастыру, өлшеу, көшіру, салу, жұмысты кітаппен және басқа ақпарат құралдрымен жоспарлау, үй жұмысын ұйымдастыру және т.с.с.; оларды сондай-ақ оқу іс-әрекетін басқару әдісі деп атауға болады. 2) танымдық іс-әрекет әдістері – зейін әдісі, есте сақтау, рефлексия әдісі және т.б..
Информатика бойынша оқу іс-әрекетінің жалпы әдістері. Бұл әдіс те алдыңғы әдіс секілді екі топқа бөлінеді: 1) мысалы, кітаппен, кестемен, компьютермен жұмыс және информатика бойынша өзіндік жұмыс ұйымдастыру әдісі. Олар жалпы оқу әдістерін аздап ерекшеленеді, бірақ сонда да олардың информатиканың ерекшелігіне байланысты өз ерекшеліктері бар; 2) ақпараттық объект саласы бойынша танымдық іс-әрекет әдістері - түсініктерге, пікірлерге, ой тұжырымына сүйенген әдістер.
Жеке ақпараттық бөлімдер бойынша оқу іс-әрекетінің арнаулы әдістері (ақпараттық технологиялар, программалау және алгоритмдеу, компьютер жұмысының логикалық негізі, ақпарат және ақпараттық процесстер) - курс мазмұнының ерекшелігіне байланысты өзінің ерекше формасын қабылдайды; олар осы курстың барлық тақырыптарында қолданылады. Мысалы, алгоритмдеу және программалау курсында – есептерді шешу, алгоритмдік конструкцияларды қолдану, мәліметтерді жазу әдістері; ақпараттық технология курсында - пайдаланушы есептерін шешу кезінде (экономикалық, графикалық, зерттеуші ...) компьютерді қолдану әдістері.
Оқу іс-әрекетінің жеке әдістері – бұл жеке есептерді шешу барысында нақтыланатын арнайы әдістер, олар курстың белгілі бір тақырыптарында ғана қолданылады. Мысалы, мәліметтер қорымен жұмыс істеу барысында қолданылатын әдістер.
Әртүрлі жағдайдағы іс-әрекеттің бір әдісі жалпы әдіске қарағанда жеке түрінде және оданда кіші әдіске қарағанда жалпыланған түрде берілуі мүмкін.
Информатиканы оқыту барысындағы оқу іс-әрекетінің ортақ әдістер құрылымының методикалық сызбасы:
оқу іс-әрекетінің қажетті әдістер құрылымының диагностикасы – қолданылу орнының талдауы, оқушылардың оқу іс-әрекетінің жаңа ақпараттарын қабылдауға даярлығы;
оқу іс-әрекетінің мақсатын қою және оқушылардың оны қабылдауы, оған деген қызығушылығын ояту;
әдістерді кірістіру (бірнеше әдістер) – оқушылардың әдістер құрамын қабылдауына бағытталған оқу іс-әрекетінің әдістер нұсқамасы;
енгізілген әдістердің өңделуі, осыны сезіну үрдісінде білік қалыптасады;
әртүрлі ситуацияда білік автоматтандырылған түрде болу үшін жаңа әдісті қолдану, яғни, біліктің дағдыға айналуы;
алдыңғы кезеңдерде жүзеге асатын әдістерді қорытындылау және меңгерілген әдісті тасымалдау;
қорытындылау әдісін бекіту; бұл кезең оқушылардың күнделікті іс-әрекетімен біріктіріледі;
меңгерілген әдіс негізінде іс-әрекеттің жаңа әдісін ойлап табуға оқыту.
Оқу іс-әрекетінің әдістері оқушының оқу-танымдық іс-әрекетінің толық топтамасының кезеңімен байланысады; олардың екеуі де оқу үдерісінің құрылымымен (оқу қызметінің кезеңімен) байланысады. Бұл дәлел мұғалімнің информатиканы оқыту үдерісіндегі басқару іс-әрекетін жобалауға және оның методикалық құралдарын оқушылардың оқу іс-әрекетінің диагностикалық қалыптасуының негізінде (оқытудың әдіс, тәсіл және формасын) қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Осылайша білім сапасын мониторингілеудің кез келген формасында бірінші орынға негізгі екі жағдай шығады: диагностика және соның негізінде коррекция жасау.
Менің жұмысымның негізгі міндетінің бірі ол оқушы білімін бақылауды ұйымдастыру, оның мазмұнын, формасын және оны жүргізу әдістерін талдау, осы бақылаудың нәтижесін, методикалық әдістерді, сабақ барысында және сабақтан тыс уақыттағы оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыруды талдау болып табылады.
Білім беру барысында бақылау жүргізгенде ең маңызды нәрсе ол білімнің сапасы туралы динамикалық ақпарат жинау. Білімнің сапасы тек жатталған білім көлемімен ғана емес, сонымен қатар ол мағлұматты дұрыс пайдалана білу қабілетімен анықталады. Осының бәрі жүйелі бақылауды талап етеді. Бұл мәселенің шешімін табу үшін көптеген талдауларға сүйене отырып, білімді бақылаудың келесі түрлерін пайдалануға болады:
Достарыңызбен бөлісу: |