Оқушылардың білімін бақылау және бағалаудың теориялық аспектілері


Оқушылардың білімін бақылаудың түрлері



бет10/26
Дата12.06.2023
өлшемі0,63 Mb.
#100730
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26
Байланысты:
Информатикадан оқушылардың іс-әрекетін бақылау мен бағалау негіздері

1.2 Оқушылардың білімін бақылаудың түрлері

Оқу – тәрбиелік үдерісінің ажырамайтын қиын бір бөлігі оқушылардың білім, білік, дағдысын бақылау болып табылады. Кең мағынада бақылау адамның нысаналық әрекетімен байланысты, бақылаусыз оқушының оқу жұмысы мен оқытушының жұмысы мүмкін емес.


Оқыту процесінде оқушылардың білім, білік, дағдыларын бақылау және бағалау оның аса қажет құрамдас бөлігі болып есептеледі. Мүғалімнің сабақтар жүйесінде оны дүрыс үйымдастыра білуі, көптеген жағдайда оқу-тәрбие процесінің табысты болуының оң кепілі. Ол үшін, мүғалім оқушының оқу материалын меңгеру дөрежесін, сапасы мен көлемін үнемі анықтап отыруы тиіс. Бұл бағытта окушылардың, сабақтар жүйесінде білім, білік, дағдыларын есепке алу, бақылау және бағалаудың маңызы ерекше. Бақылаудың көмегімен теориялық білімді меңгерудегі сапа, біліктілік пен дағдының қалыптасу дәрежесі анықталады.
Бақылау – білім, біліктілік жəне дағдылардың игерілу процесіне бақылау қоюды аңғартады. Бақылау тексерулерден тікелей құралады. Тексеру – бұл білім, ептілік жəне дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін əрекет – қимылдар жүйесі.
Мəн-мағыналық тұрғысынан бақылау, бақылау кері байланыс түзуді қамтамасыз етеді, яғни оқушылардың оқу əрекеттерінің нəтижесі жөніндегі мəліметтерді алу мүмкіндігін ашады. Оқытушы өз шəкірттерінің қай білімді қандай деңгейде игергенін, жаңа ақпарат қабылдауға қаншалықты дайын екендігін анықтайды. Сонымен бірге оқушылардың өзіндік оқу жұмыстарының сипаты мен сапасын байқастырады. Бақылау нəтижесінде мұғалім өз оқу жұмыстарының қаншама дəрежеде жемісті болғанын, педагогикалық процес мүмкіндіктерін оқыту – оқу мақсатында қай деңгейде пайдаланғанын сарапқа сала алады.
Бақылау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының нəтижесі бойынша ақпарат алады. Бұл оған білім игеру барысында қандай жетістіктерді қолға түсіргенін, сонымен бірге өз кемшіліктері мен олқылықтарының пəн бағдарламаларының қай тұстарымен байланысты болғанына көз жеткізеді. Тұрақты да бірізді бақылаудан оқушының тəртібі жақсарады, белгілі жұмыс қарқынына үйренеді, ұнамды мінез, ерік сапаларын дамытады.
Бақылау – көлемі жағынан кең мағыналы түсінік. Ол біріктірілген структуралық компоненттерді қамтиды. Бақылаудың басталу уақыты байқау және тексеру. Байқау және тексеру процесінде бақылануы тиіс материал білінеді және өлшенеді. Байқау және тексеру нәтижесінде алғашқы ақпарат жиналады және ол ескеріледі. Келесіде бұл ақпарат анализден, салыстырудан синтездеуден өтеді. Сонымен оның мағынасы мен маңызы анықталады, бұл ақпаратты бақылаудың мақсаты тұрғысынан бағалау жүргізіледі. Бағалаудың нәтижесі сыртқы және ішкі айтылу, ауызша түсінік алады.
Бағалаудың нәтижесі балл жүзінде берілуі мүмкін. Бақылаудың структуралық компонентін үлгі ретінде беруге болады.
Бақылау объектісіне (немесе мазмұнына) оқу-тәрбие процесіне қатыстының бәрі кіреді. Оның негізгі мазмұны оны мақсатты орнату мен бақылаудың міндетіне байланысты болады.
Көбінесе, оқу процесінде оқытушы мен оқушы қызметі бақыланады.
Мұғалім оқушыны тексеру барысында оның өтілген тақырыпты түсінгендігін және оны ұққандығын, оның білімінің тереңдігін, ойлау қабілетін және қабылдау процесінің дамығандығын байқайды.
Оқу барысында оқушыларда жалпы оқу, арнайы оқу және басқа да практикалық шеберлік пен дағды қалыптасады. Мұғалім сонымен қатар оқушының білімінің тұрақтылығын және дәлдігін оқушы алған білімін тәжірибеде пайдалана алу қабілетін, оқу жұмысына деген творчествалық көз қарасын, бір дағды мен екінші дағдыны «қатар қолдану», «біріктіру» қабілетін бақылайды.

Сызба 1 – Оқу процесінде бақылаудың структуралық компоненті.





Мұғалім қызметінде оның сыныптық жұмысты ұйымдастыра алу қабілеті, оның әдістері мен оқушыға білім беру жолдары, стилі және қатынаста болу тәсілі бақыланады.


Осылайша, бақылау оқу-тәрбие процесінде теориялық білімнің сапасын және оқушылардың тәжірибелік шеберлігі мен дағдысын, оқу қызметінің мүмкіндіктерін, ойлау қабілетінің дамуын, сонымен қатар мұғалімнің педагогикалық шеберлігін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Болжалды қызмет элементі ретінде бақылаудың әртүрлі функциясы бар. Мысалы, кері байланыс функциясы. Өзін «ұстау», «білім алушының» (оқытушы, оқушы-консультант, ақпараттың техникалық және электрондық құралдары) іс -әрекетіне «білім алушы жүйе» (сынып, топ, оқушы) қалай әсер ететіні туралы ақпарат ала отырып қана, білім алуға, іскерлікке және дағдыға сенімді қадаммен алға жылжуға болады. Тек сонда ғана мұғалім оның білімді ойдағыдай алып жатқанына сенімді бола алады. Егер оқу нашар болса, онда ол ақпаратты өзінің әдісінің басқаша құрылуының белгісі ретінде қабылдайды.
Бақылаудың басқа функцияларын оның міндетіне қарай екі топқа жіктеуге болады: педагогикалық және тексеру-бағалау. Педагогикалық функциясы оқу процесінде бірнеше функцияларға бөлінеді: оқыту, өркендету, тәрбиелік, диагностикалық, прафилактикалық, болжамдық.
Оқыту функциясы мұғалім оқушының білімінің шеберлігінің және дағдысының деңгейін тексеру процесінде біліп, оның қателіктерін түзеп, берілген тақырыптың материалын жақсы қабылдаудың жолдары туралы ұсыныс берумен байланысты.
Бақылаудың өркендеу функциясы оқу процесінде мұғалім осы функция арқылы оқушының ойлау қабілетінің даму, жетістікке жету немесе бұл дамуда артта қалу деңгейін білу мүмкіндігіне ие болуымен сипатталады. Ол ақпарат мұғалімге, біріншіден оқушының ойлау қабілетін дамытуды жоғары білімділікпен жүргізу үшін, екіншіден бұл білім арқылы ең дұрысы болжалды қызметтің дамуының дара ерекшелігін ескеру және әрқайсысының жақсы үлгеріміне қол жеткізу үшін қажет.
Бақылаудың тәрбиелеуші функциясы оқушы (сабақ барысында сұрауы мүмкін, білмей қалсам – ұят; алдыда қорытынды бақылау бар және т.б.) тексеруді біліп тұрып, шыдамдылықпен білімді қабылдай бастауынан туындайды, қиналған кезде – жақсы білім алу үшін ерік күшін арттырады. Бұл функция сонымен қатар бақылау балалардың оқу себебін қалыптастырады, соның ішінде адамгершілік қасиетін, парызын, міндетін, ар, ұятын қалыптастырады. Оқушылар бағаны «кез келген жолмен» аламын деген ойдан арылады, сыныпта жоғары бағаны әділетсіз жолмен алу деген ой болмайды, барлығы бағаны тек әділетті жолмен алады. Олар біреуден көшіру, шпаргалка, топтық іріткіге қарсы болады. Бақылау барысында оқушылардың арасында өзара жеке қарым-қатынас орнайды, оқушылар мен оқытушылар арасында ынтымақтастық, бірлестік қалыптасады.
Бақылаудың диагностикалық функциясының маңызы – оқушының жіберген қатесі, білім-білігіндегі кемшілігі мен жетіспеушілігі туралы ақпарат алуында. Бұл функцияда сонымен қатар оқу мағлұматын қабылдаудағы қиындықтары мен жіберген қате сандарын және қандай қате жібергені туралы ақпарат ала алады. Диагностикалық бақылаудың нәтижелері оқытудың қандай әдісін таңдау керектігіне көмектеседі, сонымен қатар болашақта оқытудың әдістері мен тәсілдерінің бағыты қандай болатынын анықтайды.
Бақылаудың бағыттаушы функциясы бақылаудың диагностикалық функциясынан туындайды. Диагностика барысында оқытушы оқушылардың білімінің күшті және әлсіз жақтарын анықтап, оқытушы өзінің жеке жұмысының әдісіне бағытталады. Яғни оқытушы әрбір оқушының жеке ерекшеліктеріне қарай тапсырма береді. Бұл ақпарат оқытушының оқыту үрдісін дамытуға бағыт береді.
Профилактикалық функция. Жатталған, тіпті жақсы меңгерілген ақпарат уақыт келе ұмытылатыны белгілі. Бұл жағдай, көбінесе, оқушының алған білімі көп пайдаланылмаған және талап етілмеген жағдайда орын алады.
Ұмыту процесі жаңа ақпаратты ең алғашқы қабылдау барысында қарқынды түрде жүреді. Ұмытудың алдын алуды эпизодтық қайталау жолымен жүзеге асыруға болады. Ал қайталау профилактикалық шама ретінде, ұмытудың алдын алу, білімді бақылаумен тікелей байланысты.
Бақылаудың тексеру – бағалау функциясы. Олар негізінде оқытушының тексеруіне, мектептегі жұмыстың әдісін ұйымдастыруға жатады.
Бақылау мемлекеттік аттестациялау функциясында оқу-тәрбие жұмысының нәтижесі. Ең алдымен оқу-тәрбие ісінің мектепішілік бақылауы аттестацияның бір құралы болып саналатынын атап кету керек. Мектеп әкімшілігі, әртүрлі дәрежедегі білім беру орындары өзінің мектептеріндегі, басқа да аудандардағы мектептерде оқитын оқушылардың оқу үлгерімінің жағдайына қызығады. Сонымен қатар, оларды, әртүрлі типтегі мектептердің оқу жоспары қандай мақсатта тиімді, оқу бағдарламалары және барлық пәндерден барлық сыныпқа оқу кітаптары жеткілікті ме және т.б. мәселелер қызықтырады.
Бақылау мемлекеттік аттестациялаудың құралы ретінде қорытынды және соңғы есеп беру үрдісінде орындалады. Осылайша, оқушылардың білім, білік және дағдысын бақылау негізінде олар төменгі сыныптан жоғарғы сыныпқа көшеді; емтихан нәтижесіне байланысты олар мектептен шығарылады және білімі туралы тиісті құжатын алады; оларға сонымен қатар арнайы орта және жоғарғы оқу орындарында мамандық меншіктеледі, техникумдарда және жоғарғы оқу орындарында стипендия белгіленеді (қарапайым және жоғарылатылған). Қорытынды және жиі – конкурстық емтихандар абитуриенттерді жоғарғы оқу орындарына және техникумдарға қабылдау барысында қолданылады: оқуға түсушілердің болашақта таңдаған мамандығы бойынша білім алуды сәтті түрде жалғастыруына дайындығын тексереді. Мемлекеттік аттестациялау негізінде білім алушылар және студенттер сыйлықтар және ерекше дипломдар: алтын және күміс медалдар, жеке пән бойынша жеткен жетістіктері туралы куәлік, өте жақсы деген диплом, жұмысқа орналасу және оқуға түсу барысында тиісті жеңілдік алуға көмектесетін жоғары дәрежедегі мамандық алады.
Мемлекеттік аттестациялау функциясында бақылау алдыңғы қатардағы және жаңашыл педагогикалық тәжірибені айқындау, зерттеу және қорытындылау, сонымен қатар, оны оқытушының басқа да көптеген тәжірибесінде қолдану үшін қажет.
Оқу-тәрбие ісінің негізгі функциялары осындай. Көрнекі түрде ол 2 сызбада көрсетілген.

Сызба 2 – Оқытудың жетістігі мен оқушылардың дамуын бақылаудың негізгі функциялары







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет