Біріншісі – кіріспе саяхат деп аталады. Ол сабақта күрделі тарау, тақырыптарды өтер алдында ұйымдастырылады. Саяхаттың бұл түрін бастауыш сыныптарда алдын-ала өткізсе, олар үшін сабақ өте қызықты жағдайда болады.
Екіншісі – ілеспелі саяхат деп аталады. Ол белгілі бір тақырыпқа арналып, сабақ барысында оның орта шенінде жүргізілуі мүмкін
Үшіншісі – қорытынды саяхат деп аталады. Ол күрделі тарау немесе тақырыпты өтіп болғаннан кейін оқушылардың сабақтар жүйесінде алған теориялық білімдерін пысықтау, бекіту мақсатын көздейді. Оқу саяхаты оқытудың дидактикалық және политехникалық принциптерін іске асырады.
Кіріспе саяхат.
Жаңа тақырыпты түсіндіру алдында оқушылардың қажетті білімді жинастыруы.
Клубтар дегеніміз-- жастар мен жасөспірім, сондай-ақ, балаларға арналған мектептен тыс уақытта мәдени тәрбие мен қосымша әртүрлі саладағы үйірмелерге баулайтын тәрбие беретін ұйым түрі. Бұл ұйым түрі балалардың болашақта жан-жақты, білімді, мәдениетті, ең бастысы көрегенді әрі тәриелі боп қалыптасуына өз оңды ықпалын тигізеді.
Клуб мақсаты: клубта балалар тек қана жан-жақты үйрену, рухани да дем алу қалады және қоғамдық шараларға өз үлестерін қосу, мектептен тыс уақытта мәдени тәрбие алу.