Оқушылардың даму физиологиясы



бет1/18
Дата15.04.2023
өлшемі186,5 Kb.
#82716
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Дәріс тезистері ОДФ 2022 (4)


ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ


№ 1 дәріс


Кіріспе. Онтогенез заңдылықтары.


Оқушылардың даму физиологиясы – жас ұрпақтарды тәрбиелеудің, оларға жасына лайық білім берудің, ақыл-ойын дамытудың, дені сау, сымбатты, сұлу етіп өсірудің негізі.
Оқушылардың даму физиологиясының басқа ғылымдармен байланысы.
Оқушылардың даму физиологиясы пәні анатомия және физиология, биохимия, биофизика, психология, педагогика, гистология, цитология, генетика және т.б. биологиялық және табиғат тану ғылымдарында жинақталған мәліметтерге сүйенеді.
Оқушылардың даму физиологиясы даму тарихы.
Жасқа байланысты анатомия мен физиология жалпы алғанда медициналық қажеттіліктерге байланысты дамыды. Бұл тұрғыдан алғанда Н.Ф.Филатов, П.Ф.Лесгафт, К.Д.Ушинский, И.П.Павлов, В.М.Бехтерев, И.А.Аршавский, А.Г.Хрипкова, т.б. секілді ғалым дәрігерлердің еңбектері аса маңызды орын алады.
Оқушылардың даму физиологиясы дамуына Қазақстан ғалымдары да зор еңбек сіңірді. Физиология саласында академиктер А.П.Полосухин, Н.О.Базанова, профессорлар Қ.Д.Дюсембин, А.М.Бекетаев, І.А,Бірімжанова, Х.Қ.Сәтбаева жемісті еңбек етті.
Оқушылардың даму физиологиясырың зерттеу әдістері
Басқа ғылымдар іспетті оқушылардың даму физиологиясы бірнеше ғылыми зерттеу әдістерін пайдаланады: бақылау, табиғи тәжірбие, лабораториялық тәжірбие (эксперимент), функциялық жүктеме, антропометрия, телеметрия және т.б.
Балалардың өсуі мен дамуының негізгі заңдылықтары, олардың өсуі мен дамуының негізгі көрсеткіштері.
Балалар мен жасөспірімдердің организмі үнемі өсіп дамуда болады. Организмдегі клеткалардың саны мен салмағының ұлғаюына байланысты дене көрсеткіштерінің артуын өсу деп атайды. Организмнің негізгі үш дене көрсеткіші бар: бойы (адамның денесінің ұзындығы), салмағы және кеуде шеңбері.
Балалар мен жасөспірімдердің өсуі мен дамуының бірнеше заңдылықтары бар:

  1. өсу мен даму гетерохронды болады, яғни үнемі біркелкі бомайды;

  2. мүшелер мен мүшелер жүйелерінің өсу мен даму қарқыны әртүрлі;

  3. өсу мен даму баланың жасына байланысты;

  4. функциялық мүшелер жүйелері мен мүшелердің қызметтерінің биологиялық беріктігі немесе мықты болуы;

  5. өсу мен дамудың тұқым қуалау қасиеттері мен сыртқы ортаның жағдайларына тәуелділігі;

  6. өсу мен дамудың акселерациясы.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет