Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік – көмекші құрал) Алғы сөз



бет11/28
Дата04.11.2023
өлшемі379,5 Kb.
#121891
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28
Байланысты:
гылыми лицензия

С, - ыс, - іс аффикстері

Есімдердің – с, - ыс, - іс аффиксі мен етістіктердің бір ғана түбір сөзге жалғануынан омонимдес туынды екі сөз – зат есім мен етістік (ортақ етіс) жасалады.Мысалы:
І. Айт – ыс (зат есім). «Садақ бен баланың айтысы» дейтін – арқаға мәлім айтыс».
ІІ. Айт – ыс(етістік). «Біздің Садекеңмен айтысар шамамыз қайсы.Әншейін бір жалғыз ауыз сөздің тұсында болымсыз тосқауыл айтқаным ғой.Айтысты, жеңді дейтін сөз емес». (М.Әуезов).
Аталған омонимдес аффикстердің жалғануынан жасалған туынды омонимдер әр басқа сөз табына қатысты болып, сөздіктерде олар басқа да омонимдес сөздер тәрізді, әр басқа лексикалық единицалар ретінде талданады.
Қазіргі қазақ тілінде –ыс, -іс, -с тұлғалы адъективацияланған сөздер сан жағынан аса мол емес.Оның есесіне субстантивациялау арқылы зат есімдер қатарына ауысқан –ыс, -іс, -с тұлғалы сөздер сөздік құрамында өте көп. Мысалы: соғыс, ұрыс, айтыс, күрес, алыс, беріс, қатынас т.б. Адъективацияланған –ыс, -іс, -с тұлғаларының да, субстантивтенген –ыс, -іс, -с тұлғаларының да арғы тегі көне түркілік ата тілде қимыл есімін жасаған
ыш, -іш, -ш қосымшасына барады. А.Щербактың айтуына қарағанда, көне түркілік ата тілде қимыл есімін жасаған – ыш, -іш, -ш тұлғалары тілдің даму барысында әлі вербализация процесіне ұшырап, етістіктің ортақ етіс тұлғасы болып қалыптасса, әрі субстантивация процесі арқылы зат есім мәнін иеленген.(2,16).Субстантивтенген –ыс, - іс, -с тұлғалары, әсіресе, орта ғасырлық ескерткіштердің тілінде кең қолданыс тапқан.М.Қашқаридың сөздігінде бұл тұлға фонетикалық жақтан құбылыс –ыш, -іш,-ш тәрізді түрлі дыбыстық варианттарда кездеседі: Соғыш (соғыс), уруш (ұрыс), атыш (атыс).

  • Қ, - к, - ық, - ік, - ақ, - ек

Бұл жұрнақ – нағыз омоним жұрнақ. Бұның мағыналары да көп, жалғану аясы да кең, атқаратын қызметі де әр тарапты.Мысалы:

  1. Қазық, бұйрық, бөлік, сезік, күйік, көрік, түкірік, түсінік, кекірік, сұрақ дегендер -қ, - к, - ық, - ік, ақ, - ек жұрнағы арқылы етістіктен туған зат есімдер.

  2. Ортақ, мойнақ, қысырақ, атақ, жолақ, тікенек, қылтанақ, түнек, ұшық дегендер – есімдерден туған зат еімдер.

  3. Бөлек, сирек, жасық, сасық, сұйық, тұнық, артық, арық, ашық, жатық, сынық, қисық, үзік дегендер – сол жұрнақ арқылы етістіктен туған сын есімдер.

  4. Қалтақ, жалтақ, ьалпақ, шыжық, бұрқақ, қыжық дегендер – сол жұрнақ арқылы еліктеуіш сөздерден туған сын есімдер.

  5. Сауық, молық, орнық, дәнік, зарық, отық, ашық, кезік, көзік дегендер – есімдерден сол жұрнақ арқылы туған етістіктер.

  6. Көнік, обық, ширық, талық, қанық, торық сөздері – сол жұрнақ арқылы түбір етістіктен туған туынды етістіктер.

  7. Толық, тынық, жабық, қызық сөздері сол жұрнақ арқылы етістіктен жасалып, әрі сын есім, әрі етістік болып қызмет етсе, желік, ынтық, қырсық, мертік сөздері сол жұрнақ арқылы есімнен жасалып, әрі етістік, әрі есім ретінде қызмет етеді.

Есімдердің –қ, - к, - ық, - ік аффиксі мен етістіктердің –қ, -к,-ық, -ік аффиксі.Бұл омонимдес аффикстердің бір ғана түбірге жалғануынан әр басқа екі сөз, яғни туынды омонимдер жасалады.Мысалы: қыз деген түбір етістікке аталған омонимдес аффикстердің жалғануынан әрі сын есім сөз, әрі етістік сөз жасалған.Мысалы:
І. Адам пішіні бұған бір тамаша, өзгеше, қызық сурет тәрізденетін - есім сөз.
ІІ.Осы жайында өзі таңырқай түсіп, қызығып та қарайды.етістік


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет