Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік – көмекші құрал) Алғы сөз



бет20/28
Дата04.11.2023
өлшемі379,5 Kb.
#121891
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28
Өмірді білдірмеген, күнде ұрлаған.
Тиянақ жоқ, тұрлау жоқ, келді, кетті,
Қайта айналмас, бұрылмас бұлдыр заман, - дейді
Абай мен Шәңгерей шығармалары дүние, өмір, дәурен өткінші дей отырып, соның бәріне адамның әсерінсіз болмайтыны, оның еңбегінің нәтижесі келешекке мұра болып қалатыны ескертіледі. Күні жетсе, бай да, кедей де, би де, батыр да, хан да, қара да өтеді бұл дүниеден. Бірақ олардың ішінде елі, халқы үшін өшпес еңбек еткендерінің өлмес мұралары, даңқтары ел есінде мәңгі қалуға тиіс. Мәңгіліктің мәні – оның кейінгіге қалдырған мұраларының маңызында.
Абай дәстүрін жалғастырушы Шәңгерей өлеңдерінде де өмірдің әр кезеңдерінің суреттері бар.
Жеткіншек шақтың он бестен басталып жігіттік шаққа ауысатынын отыздың арасындағы аздаған жылдар екенін Абай былай жырлайды:
Бір дәурен кемді күнге – бозбалалық,
Қартаймастай көрмелік, ойланалық.
Жастықта көкірек зор, уайым жоқ,
Дейміз бе ешнәрседен қорғаналық, -
десе, бір жерінде:
Жас жүректер жанған шақ,
Талаптың арты арындап,
Әр қиынға салған шақ.
Жалыны қайтар дененің,
Үнемі тұрмас осы шақ,
Талайғы кәрі дүниенің,
Бір тетігін ұстап бақ,-
деп, бұл жастық шақтың өтпелілігін айтып, бұл жаста өмірден өз орныңды тап, әр нәрсеге ере берме, қате баспа, ойлан дегенді ескертеді. Одан әрі жігіттікке аяқ басқан уақытта әркімнің өмірден алған орны, ақ босағасы, сүйіп алған жары болатындығын ақын:
Шын көңілмен сүйсе екен кімді сүйсе,
Бір сөзімен тұрса екен жанса – күйсе, -
деп махаббат тек екі адамның пәк сезімі екендігін, олай болмағанда өзінің мәнін жоғалтатынын айтады.Одан әрі жігіт – жігіт ағасына, ел ағасына аяқ басады, бұл кезде ақын:
Балалық өлді,білдің бе?
Жігіттікке келдің бе?
Жігіттік өтті, көрдің бе?
Кәрілікке көндің бе?
Кім біледі, сен кәпір,
Баяндыдан сөндің бе,
Баянсызға төндің бе?
Әлде, айналып, кім білер,
Боталы түйе секілді,
Қорадан шықпай өлдің бе? –
деп өмірдің әр кезеңінің де адам алдына қояр өз талабы барлығын, бұл адамшылық, парасаттылық адамгершіліктің жолы екендігін, одан сүрінбей өту қажеттілігіне тоқталады.
Ал Шәңгерей өлеңдерінде бес, он жеті, жиырма алты жастағы өмірді суреттеп, балалықтың, жігіттіктің, егде тартқан шақтың бейнесін жасайды. Әсіресе қоңыз бен көбелек қуған, асық ойнаған балалық шақ әсерлі суреттеледі. Өмір шындығына сай нанымды бейнеленеді.
Алалы сақа атысқан,
Жалаң аяқ құм басқан,
Тал шыбыққа таласқан,
Бір күні едім мен бала..., -
деп, ол балалығын еске алады. Балалық шақтың қайта оралмайтын өзіндік ерекшелігін қосаяқ бейнесі арқылы шебер суреттейді.Өлең қосаяқтың жаратылыс бітімін, мүсінін, қимыл – қозғалысын үлкен суреткерлікпен сипаттайды. Қосаяқтың кескін – келбетін мүсіндеуге жүйріктігі, көзге түсе бермейтін дене мүшелерін көре білуі, соның бәрін неше түрлі сыр бояумен бедерлеп, портретін жасауы ақын суреткерлігін, сезгіштігін, байқағыштығын танытады.
Сол қосаяқты қуалап,
Тал шыбықты шудалап.
Қарындай үрген домалап,
Бәйшешек бетті бала едім.
Сол күнімді ойласам,
Көз алдыма тұрады,
Кешегі өткен күндей – ақ, -
деп, өлеңнің мазмұнын сол қосаяқты қуып, балалықтың базарында жүрген баланың көңіл – күйін, ой сезімін суреттеуге ауыстырады.
Адамгершілік – барлық қаламгерлерге ортақ тақырып. Абайдың өзге ақын – жазушыдан бөлек болатын жағдайы да осы адам болу мен адамгершіліктің жүйелі жолын. өзіндік танымын жасай білуімен байланысты. Ол адамгершілікті көркемдік тұрғыда суреттеумен шектелмей, оны ілім, таным, ойшылдық деңгейіне көтере жырлайды.
Абайдың адам болу жайындағы жүйелі танымы «Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» өлеңінен басталады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет