Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік – көмекші құрал) Алғы сөз



бет26/28
Дата04.11.2023
өлшемі379,5 Kb.
#121891
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
гылыми лицензия

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Өмірдің өзі – тұнып тұрған даналық, мәңгілік даналық. Соның ішінде қазақ халқы - - қашан да, заңғар халық. Мұның бір дәлелі Х – ХV ғасырлардағы қазақ ойының, даналығының мына түйіндері:
«Білімдінің сөзін жиған жөз болар,
Біліксіздің тілін тыйған жөн болар,
Білімділік – шым бүркеген бір теңіз,
Бұрқырар су, аяқ болып жүрсеңіз» - дегендей ілгерішіл, ұшқыр ойларды біздің дана бабаларымыз осыдан он ғасыр бұрын айтты дегенге ғылым мен тарих, мәдени мұра сендіретіні ақиқат.
VІІ ғасырдан бермен қарай мәлім болған, халқымыз бір кезде пайдаланған жазу – сызулардан, көне түркі тілінде туған әдебиет үлгілерінен басталады.
Көне түркі жазба ескеткіштерінде нақты тарихи оқиғалар туралы сөз қозғалады, тас мүсіннен шығатын тұжырым түрік халқының ежелгі жауынгерлік дәстүрі мен ел билеудегі ой – тұжырымының болғаны байқалады. Көне түркі жазба ескерткіштен, біріншіден, біздің арғы ата – бабаларымыздан мағлұмат беретін болса, екіншіден, көне түркі тарихынан сабақ алған ұрпақтың қанында елін, жерін сүю, оны қорғаудағы патриоттық сезімінің сан ғасырлық дәстүрінің жалғасып келе жатқанын терең сезінетіндігі байқалады.
Түркі руларына үстемдік еткен Күлтегін, Тоныкөк тәрізді беделді бек – батырлардың басына қойған зәулім құлпы тастарға ойылып қашап жазылған жыр күйінде сақталған.
Орхон ескерткіштері –түркі халықтары тарихының көп деректерінің әчерлі желісін жеткізген тарихи – ерлік жырлардың ең әдепкі үлгілері.
Тас жазуларда ерлік пен ездік, соғыс пен бейбітшілік, құлдық пен тәуелсіздік, тәлім – тәрбие, тұрмыс салт мәселелері әсем айшықтармен, жанды бейнелерге толы сезім, толғаныс – тебіреністермен баяндалады. Мәселен, «Ұландарым, бектерімнің. Халқымның қасы – көзі әз болар деп қайғырдым... Құлақ қойып тыңдаңыздар, тереңнен ойлап толғаныңыздар... Менің ағам мені адам етті... Аштықта тоқтықты түсінбейсің...» , «Жақын отырған сыйдың құрметтісін алады, алыс отырған сыйдың «немкеттісін алады» деп келетін жыр – жолдары тәлім – тәрбиелік мәнге зор. Құлпы тастарда жас жеткіншектерді елін, халқын сүюге, жақсы, ұнамды әдет – ғұрыптарға баулу, үлкенді сыйлау, зеректік пен ойшылдыққа, батылдық пен тапқырлыққа үйретіп тәрбиелеу жайындағы мәселелер сөз болады.
Орхон жырларының негізіне түркі руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жырлардан қорғау идеясы алынған. Әлбетте, сонымен бірге біз олардың рулық дәуірдің әлеуметтік теңсіздігін де көреміз. Аталмыш ескерткіштерде жырды шығарушылардың өмірден түйген, білген философиялық толғаныстары да жоқ емес: «Тағдырды тәңірім жасар, адам баласы өлмекке жаралған», «Қай халық болмасын, сол елдің ішінен пәтуасыз (жұғымсыз, жалқау) табылса, онда ол халықтың қаншамаа соры бар десеңізші» деген данышпан Тоныкөктің сөзі қалыптасқан қағида, қазақ арасында кең етек алған толғаудың түпкі сағасы тәрізді.
Аз күн бейбіт өмірдің дәмін татып, рақатын сезінген, сәл тыныстап ес жиып, көзін ашқан қарапайым халықтың басына табан астында – ақ қаралы күн, ақыр заман орнап жатады. Ол туралы ескерткіштерінде «Бек пен халқы жауласты» деп жазады.
Қоғамның негізгі құрамы, басты күші – осы кедей халықты соншалықты ауыр азапқа салып жүргендер – ел билеуші ақсүйектер. Мұның дәлелі ретінде ескерткіштен мынадай жолдарды оқимыз.
«Біліксіз қағандар отырған екен,
Жалтақ қағандар отырған екен.
Әміршілері де биліксіз екен,
Жалтақ болған екен.
Бектерінің, халқының ымырасыздығынан,
Табғаш халқының алдауына сенгендігінен,
Арбауына көнгендігінен,
Інілі – ағаның дауласқандығынан,
Бекті – халқының жауласқандығынан,
Түркі халқы елдігін жойды».
Міне, ел ішіндегі бақталастық, ымырасыздық билеген хандардың, олардың атқамінер әміршілерінің ақылсыздығы салдарынан халық осылай қатты күйзеліске ұшырайды, титықтайды, быт – шыт болып тозады.
Орхон жырларындағы Тоныкөк те небір жорықтардың куәгері, ізінше сол алғыстар жайында әсерлі дүниелер тудырған эпикалық өнердің иесі. Тоныкөк – ақылды көшбасшы. «Ақыл иесі, сөз иесі болдым» дейді бір сөзінде Тоныкөк. Соған қарағанда оның әрі ақылды, әрі сөзге шешен болғандығы аңғарылады.
Тоныкөк ұрда – жық асығыстың келте адамы емес, алдағыны күні бұрын болжап білетін сергек ойшыл. Небір қиын – қыстау күндерде қай мәселенің тұсында асықпай – аптықпай: «Осылай етсем ше?» деп өзіне сауал қойып барып, шешімін содан соң іздейді.
Әлсіреп, жойылып бара жатқан түрк халқын қайта біріктіріп, қайтадан ел ете алатын басшыны сайлаудан бұрын Тоныкөк: «Арық бұқаның, семіз бұқаның барын білер ме екен?» деп толғанады. Бұл оның ақсүйектер мен бұқараны өштестірмей, ушықтармай ұстай алар ма екен, жақсы мен жаманды ажырата алар ма екен дегені еді. Тоныкөктің данышпандық қасиетін түркі халқының жаулары да мойындайды. Түрк халқының «Қағаны – алып, ақылгөйі – кемеңгер.Осы екеуі тірі болса бізге жеңу жоқ» - деп налиды. Мұндағы түрк халқының ақылгөйі деп отырғанымыз – Тоныкөк.
Көпті көрген, өмірден түйгені мол Тоныкөктің ақыл – айласы «Жұқаны бүктеу оңай, ендеше, ол үшеуі бірігіп күшеймей тұрғанда шабуылға түрк жауынгерлерінің өзі шығып, оларды шетінен біртіндеп талқандау керек» деп, түрк халқына жеңіс әпереді.
Күлтегін мен Тоныкөкке арналған жырларда өнегелі - өсиетті жолдар бар. Мұндай өсиет сөздердің, мақал – мәтелдердің бірер жылда ғана туа салмайтындығын, талай ғасырлардан аттап барып бұлжымас қағидаға айналатындығын ескерсек, қазақтың: «Табы бірдің тәңірі бір», «Сүңгінің жарасы бітер, тіл жарасы бітпес», «отыз тістен шыққан сөз отыз ру елге тарайды» тәрізді мақал - мәтелдерді түркі дәуірінен келе жатқан көне мұралар деп есептейміз.
«Ат қадірін жоқ білмес, ас қадірін тоқ білмес», «Алыстан арбалағанша, жақыннан дорбала» тәрізді қазақ халқының мақалдары Орхон жырларында «Аштықта тоқтықты білмейсің, бір тойсаң аштықты білмейсің», «жырақ тұрғанға – жаман сыйлық, жақын тұрғанға – жақсы сыйлық» делінген.
Орхон жазуларындағы «Іші ассыз, сырты тонсыз» - дейтініміз дами келе бүгінде «аш –жалаңаш», «Түнде ұйықтамадым, күндіз отырмадым» тіркесі «Түнде ұйқы, күндіз тыным жоқ», «түн ұйқысын төрт бөліп» делініп өзгеріске түскен.
Орхон ескерткіштері халық тарихының көптеген құнды деректері де, халықтың сол кездегі ұғым – нанымының, салт – дәстүрінің көріністері де, ежелгі белгілері де аралас. Орхон жазбаларынан түркі халықтарының жасаған ой – дәрежесін анық байқауға болады. Тасқа басылып, еш өзгеріссіз жеткен Орхон жазуларының осындай деректік мәні өте – мөте күшті – ақ.
Әбу Насыр Әл – Фараби – энциклопедист – ғалым, философ, математик, музыка теоретигі, әдеби зерттеуші ақын. Дүниежүзілік ғылым мен мәдениеттің Аристотельден кейінгі екінші ғұламасы саналған.
Әл - Фарабидің «Мемлекеттік қайраткерлердің нақыл сөздері» атты еңбегінде адам бойындағы жақсы мен жаман қасиеттердің бәрі жаратылысынан емес, жүре келе, өзін қоршаған қоғам өміріне сәйкес өзгеріп отыратынын айта келіп, төмендегідей тұжырым жасайды: «Адамның әуелден тоқымашы немесе хатшы болып тумайтыны сияқты, қайырымдылықтың, этикалық және интеллектуалдық бәріне жаратылысынан толық бейім адамның болуы шындыққа сыймайды, ол мүмкін емес».
Әл – Фараби: «Ақыл – парасат күші – адамның ойлауына, пайымдауына, ғылым мен өнерді ұғынуына және жақсы қылық пен жаман қылықты айыруына көмектесетін күш» деп көрсетеді [7,194].
Әл – Фараби өзінің «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» атты философиялық трактатында «Қайрат», «Ақыл» және «Жүрек» сияқты ұғымдарға түсінік бере келіп: «Жүрек – басты мүше, мұны тәннің ешқандай басқа мүшесі билемейді.Бұдан кейін ми келеді. Бұл да басты мүше, бірақ мұның үстемдігі бірінші емес»,- дейді[7,289].
Әл – Фараби өлеңдерінің негізгі тақырыбы - өмірдің мән – мағынасы жайлы толғау, оқу мен білімді мақтау, адамгершілікке шақыру. Ол мына бір өлеңінде бұл ғұмырдың мәңгі еместігін айта келіп, жастық жүректің жалынын осы өмірдің игілікті істерін атқаруға жұмсау керектігін аңғартады:
Бауырым, қанша сүйгенмен,
Өтеді өмір күйбеңмен.
Шындыққа бас тік алаулап,
Пенделіктен бол аулақ.

Жататын дәмің жаңғырып,


Бұл ғұмыр емес мәңгілік.
Бейопа мына заманда
Бақұл боп кетер адамда.
Жұрт кілең күнін көп қызық
Жіберер зая өткізіп [6,34].
Тәрбие мен білім, педагогика мен психология, этика мен әдістеменің теориялық және практикалық мәселелерін қарастыру Фарабидің ғылыми – философиялық мұрасының құрамдас, оның дүниетанымының ажырамас бөлігі болып табылады. Әлемнің негізгі тұтқасы – адам.Егер оның ақыл – ой парасаты ойдағыдай дамып жетілсе, ол дұрыс өсіп - өркендей алады. Қажетті дағдылар мен жақсы мінез – құлық пен ақыл –ой парасаты- бұл рухани дерт. Жақсы мінез-құлық пен ақыл-ой парасаты – адамның басты қадір – қасиеттері қалыпты іс - әрекет үстінде ғана қалыптасады. Қандай болсын әдіс., тәсіл (мақтау, бетіне басып ұялту, көзін жеткізу, көндіру) тәрбиешіден асқан имандылық, ізетті талап етеді, осылай еткенде ғана ол шәкірттерден шыншылдықты, сыпайылықты, әділдікті талап ете алады, сондықтан мұндай қасиеттерге ұстаздың өзі де ие болуы тиіс. Ізгі, әділетті қаланың басшысы мен ұстаз екеуі бірдей дәрежеде тәлімгер. Ұстаз балаларды, ал қала басшысы шаһардың бүкіл тұрғындарын тірбиелейді. Нағыз тәрбиеші, жалпы жұртқа танымал жетекші өзінің бойына он екі тума табиғи қасиетті, жүре дарыған қасиетті меңгерген дана адам. Оқыту – тіл ұстарту, білім беру арқылы, үйрету жолымен, ал тәрбиелеу – сарамандық жұмыс пен тәжірибе арқылы жүзеге асырылады. Білім адамды қуаныш пен бақытқа кенелтеді. Дүниені танып – біле отырып, адам оның әсемдігі мен бітім – болмысына қанығады. Ғылым – білімді әр алуан қолөнер кәсіптерінің дағдыларын игеруге, үлгілі адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына қажырлы еңбек, оқыту, тәрбие берумен қатар өзін - өзі тәрбиелеу, күшті ерік – жігер арқылы жетуге болады.
Қорқыт ата хикаясы – Сырдария бойын мекен еткен оғыз – қыпшақ тайпалары арасында туып, сан ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа тараған, рухани қазына ретінде бүгінгі күнге дейін өзінің әдеби, тарихи, этнографиялық мәнін жоймаған, аса құнды шығарма.
Қорқыт дастанында ақыл – ойдың алыбы «Қорқыт ата айтты» деген қанатты сөздер, мақал – мәтелдерге айналып кеткен фразеологиялық сөз тіркестері, өсиет – нақыл сөздер көп. Бұлардың бәрі дерлік сан ғасырлар бойы қазақ қауымы арасында ауызша тарап, ұрпақтан – ұрпаққа ауысып, бүгінгі күнге дейін рухани қазына ретінде сақталып қалады.
«Қорқыт ата кітабында» автордың ой – пікірін философиялық тұрғыдан тұжырымдайтын ғақлия сөздер, өсиет – нақылдар, қанатты сөз тіркестері жиі ұшырайды. Қорқыт ата есімімен байланысты мұндай үлгі - өнеге сөздер ел аузында да көптеп сақталған. Қорқыт атаның өсиет – нақыл сөздері қазіргі кезде ел аузында жүрген сөздер: Тәкаппарлықты Тәңірі сүймес. Көңілі пасық ерде дәулет болмас. Жат баланы қанша сақтасаң да – ұл болмас, ол ішіп-жеп, киер де кетер, бірақ көрдім демес. Күл төбе болмас, күйеу бала – ұл болмас. Қара есек басына жүген кигізсең де тұлпар болмас. Ежелгі дұшпан дос балмас. Ұл атадан көрмейінше, сапар шекпес. Дәулетті ұлың болса ошағыңның қоры болар.
Дегенмен өзінің философиялық тәрбиелік мән –мағынасын ешқашанда жоймайтын, қайта уақыт өткен сайын құлпырып, ажарлана түсетін өсиет – нақыл сөздердің бізге берер тәлім – тәрбиесі мол.
Көне дәуірлерден қалған әдеби асыл мұралар халыққа ғибратты сөздер айтып, ислам діні талаптарына сәйкес өркениетке үндейді. Осыған орай, Ж.Баласағұн, А.Иүгнеки, А.Иассауи секілді көркем сөз шеберлерінің көтерген тақырыптары мен идеялары – халықты оқу – білімге, имандылық, әдептілікке үндей, адамгершілік, моральдық ұғымдар мен жақсы мінез – құлық жайында өсиет – ойлар айту. Мысалы, әрбір ақын жұртты оқып, білім алуға, өтірік айтпауға, «басқа пәле тілден» дегендей, ойланып сөйлеуге, жасы үлкен кісіні қадірлеуге, кісі ақысын жемей, адал өмір сүруге шақырады.
Орта ғасыр ақындарының оқу мен білім туралы дидактикалық ойлары, негізінен, адам өміріндегі білімнің орнын ерекше атап көрсетуге бағытталады. Өмірдегі ыңғайсыз, келеңсіз жағдайлардың надандықтан, білімсіздіктен туатынын ескерте келіп: «Ақыл – түпсіз құзға құлап бара жатқан адамды аман сақтап қалатын қыл арқан, терең саналы білім», - дейді. Тіпті, «қараңғы түнді жарық қылатын шамшырақ – ақыл, ал, білім – нұрын шашатын таусылмас сәуле» деген ұтымды пікір ұсынады.
Ғұлама – ақын Жүсіп Баласағұн бұл өмірдегі барлық нәрседен де білімді жоғары қояды, адам бойындағы жақсы- жаман қасиеттерді тығыз байланыстырып қарайды. Қоғамда да орын алған теріс құбылыстарының өзін аш адамдардың білімсіздігінен, надандығынан деп біледі. Ақынның білімді қаншалықты жоғары бағалайтынын дастанның атынан –ақ аңғару қиын емес. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанында оқу – білім, ғылым мәселелеріне арналған арнайы тараулар бар. Сонымен бірге, ақын мемлекет, қоғам, ел басқарған әкімдер, мораль, этика мәселелеріне арналған тарауларын да білімнің күш – құдіретін ардақтап, ғылымдарды көкке көтере мадақтайды:
Ақыл – шырақ, қара түнді ашатын,
Білім – жарық, нұрын саған шашатын.
Ақыл болса, асыл болар – болса ер,
Білім болса,бектік қылар – қылса ер.
Ақыл кімде болса – болар асыл ол,
Білім кімде болса – бек һәм басың ол.
Ақыл, білім бейне кісен кісіге,
Кісенді ашып бармас қылмас ісіне. [44,76-77]
Ж.Баласағұн оқыған парасатты, көзі ашық адамдар, ғалымдар, ел басқару ісінде, ел – жұрттың талап-тілектерін жүзеге асыруда патшаларға түрлі дәрежедегі әкімдерге, бектерге, ұдайы ақыл –кеңес беріп, көмектесіп отыруы тиіс деп түсінеді.Ақын ел билеушілердің, білімді адамдардың ақыл – кеңесін тыңдап, соған сәйкес елге билік жүргізуге шақырады. Бұған ақын Күнтуды патша мен дәруіш Одғұрмыш арасындағы қарым-қатынасты дәлел етіп көрсетеді. Мұнда ақын өмірде екі түрлі адам болатынын айтады: «Бірі – үйренуші, бірі-үйретуші».Дастанда мынандай ой – пікір бар: патша ел-жұртын қылыштың күшімен, қатал тәртіппен басқарып отырады, ал ғалымдар қалың бұқараны ақыл – парасатымен басқаруы керек. Ж. Баласағұн «ақыл мен білім кісіден кісіге жұғысады, әйтсе де даналық сөздің түсінетін адамға айтылғаны дұрыс» деген пікір айтады. Сондай – ақ ақын өзінің «Құтты білік» дастанын сөз түсінбес парықсыздарға емес, сөз қадірін білетін ақылды жандарға арнап жазғанын оқырманға қайта – қайта ескертіп отырады.
Ж.Баласағұн білімді кісендеп қоюға болмайтынын, ол, бейне бір жұпар гүлдің иісі сияқты, өзінен -өзі тез тарап кететінін айта келіп, әйтсе де білімді адам айтқан сөздің әрқашанда сөз ұғатын адамға жеткені дұрыс деп біледі.
Ж.Баласағұнның осы ой – пікірі Абайдың «Білімдіден шыққан сөз» деген өлеңімен үндес болып келеді.
Дастанда білімді үйрену үшін жасымайтын күш – қайрат, көрсеқызарлыққа салынбайтын мінез – құлық, таза ниет төзімділік қажет деген көзқараста.
Ерге керек төзімділік күш – қайрат,
Тұру керек күн мен айдай нұр жайнап.
Ақыл керек, білім таңдап аларға,
Білім керек, іске жақсы қараға.
Жарамды мен жарамсызды көрерге,
Керегіне – керексізден бөлерге. [44,78]

Біліксізден тілін жиған жөн болар,


Білімдінің сөзін жиған жөн болар.
Білімдінің нұрлы сөзі сарқылмас,
Бастауы кең бұлақ көзі тартылмас, - деп Ж.Баласағұн жинаған білімімен шөлдеп отырған халықтың сусынын қандырып, қажеттеріне жарауға шақырады.
«Құтты білік» дастаны көтерген ең басты мәселе тәлім – тәрбие ісі деуге болады. Дастанда жастарды тәрбиелеуді сөз ететін арнайы тараулар бар. Алайда тәлім – тәрбие мәселесі дастанда бастан – аяқ мәселелерге қатысты түрде қайталанып отырады. Адам бойындағы жақсы мінез-құлық әдептілік, кішіпейілділік ең алдымен адамның тәлім – тәрбиесіне байланысты деп түйеді. Сол себепті жас нәресте өмірге келісімен-ақ оны дұрыс тәрбиелей бастау-әке-шешенің қасиетті борышы екенін ақын жырға қосқан:
Ақ маңдайлы ұл – қыз туса алдыңды,
Үйіңде өсір, бөтен жерде қалдырма.
Ұл –қызыңа әдеп үйрет, білім бер,
Қос жалғанды бірдей көріп, күлімдер.
Бақ ұлыңды, бекерге бос жүрмесін,
Бейбастық боп кетер бекер жүргесін. [44,421-422]
Жүсіп Баласағұн «Құтты білік»дастанында адам туғаннан ақылды, білімді болып тумайтынын, естіп, көріп барып қана ақыл – парасатты артатынын оқырманға зор шеберлікпен жеткізеді.
Ешкім іштен данышпан болып тумайды,
Сөйлеуді, ақылды біртіндеп үйренеді.
Адам үйрене келе білімді болады,
Әрбір істі білімді адам тындырады.
Жүсіп Баласағұн әдептілікке, кішіпейілділікке, мейірімділікке, имандылыққа шақырады. Сондай – ақ ол кісіні адамгершілік арнасынан шығарып, жұртқа әдепсіз, дөрекі, надан етіп көрсететін кейбір мінез – құлықтарға көркем сөзбен сипаттама береді. Мұндай жағымсыз мінездер: мал – мүлікке тоймайтын ашкөздік, сараңдық, ашушандық деп көрсетеді. Әке – шешеден тәрбие көрген, әдепті жандар қашанда нәпсісін тия білетін, жомарт, бауырмал, сабырлы, инабатты болып келетінін айтады. Ж.Баласағұн әдептіліктің сан түрін жырлай келіп, солардың ішіндегі ең бастысы- тіл әдептілігі деген қортынды жасайды.
Тіл қадірлі етер ерге бақ қонар,
Қор қылар тіл, кететұғын бас болар.
Тіл – арыстан есік баққан ашулы,
Сақ болмасаң жұтар, ерім, басыңды.
Тілімнен көп жапа шектім есебім,
Бас кесілмес үшін тілді кесемін!
Ж.Баласағұнның тілдің қадір – қасиеті жайындағы тұжырымдары, сондай – ақ тілдің пайдасы мен зияны жайындағы ой – пікірлері әрқашанда абайлап сөйлеу керектігі туралы ескертпелері қазіргі заман талабына сай емес пе? Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанында көтерген этикалық – философиялық мәселелерінің бірі- қанағат, ынсап мәселесі болып табылады. Ақын «қанағат» ұғымын философиялық категория ретінде қарастырып, ел басқарған әкімдердің бәрін қанағатшыл ынсапты болуға шақырады. Сондай –ақ ол дүниеқүмарлықты, ашкөздікті, парқорлықты өлтіре сынайды:
Аш көзденбе ұятты ойла адал бол,
Ашық айтып әділ іске жарар бол.
Мешкей тынып сұғанақ көз қояр ма?
Ашкөзділер жаһанды жеп, тояр ма?!
Жаңадан құрылған мемлекеттік іргетасын нығайтып, күш – қуатын арттырудың өзі, ең алдымен, ақыл –парасатқа, оқу-білімге байланысты екенін негізінде тәрбиелеген ақын Ахмет Иүгінеки өз дастанының негізгі бөлімін «Білімнің пайдасы мен надандықтың зияны туралы» деп аталатын жырдан бастайды.
Сондай – ақ А.Иүгінеки өз дастанында білімді адамның қоғамға берері мол екенін айта келіп:
Білікті білім жинап кәсіп етер,
Білімнің дәмін татып, өсіп өтер.
Білдірер білім елге білім сырын
Біліксіз білімді аттап, басып өтер.
Білікті біліп айтар сөзін ұтар,
Ол емес бос сөзіңді бедел тұтар.
Білімсіз не айтса да, білмей айтар-
Өз тілі өзінің кеп басын жұтар. [4,72-73]
А.Иүгінеки бүкіл әлемнің сырын ашатын кілт, көкірек көзі ашық, оқыған, білімді адамдардың қолында деген түйін жасайды. Бір қызығы – ақын ғылым мен ашы – ызасын бір – біріне қарсы қойып суреттейді. Сол арқылы ол білім іздеген адам өз бақытын өнер – білімнен табады, ал ашу- ызаға тізгін берген кісі қашанда надандықтың қар түнегіне қамалады деген пікір айтады.
А.Иүгінеки «абайлап сөйлеу, тілге сақ болу - әдептіліктің басты шарты» деп біледі. Ол өз оқырманын қысқа да нұсқа сөйлеуге, артық сөз айтпауға, сыр сақтай білуге үндейді:
Әдептіге «үндемес» ат тағылар.
Тіліңді тый – сонда тісің сынбайды.
Жөнсіз шыққан тілден тісің қағылар,
Сөз есепсіз – тіліңді тый, тарт, ұста.
А.Иүгінекидің тіл жайындағы осындай жыр жолдарын оқи отырып, қазақтың «Басқа пәле – тілден», «Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі», «Тіл тас жарады, тас жармаса – бас жарады» деген сияқты мақалдарын еріксіз еске түсіресіз.
А.Иүгінеки өз дастанында адамдарды бір – біріне мейірімді болуға, өзара көмектесіп отыруға уағыздай келіп, жомарттық пен сараңдықты салыстыра жырлайды. Ақын жомарттық қасиетті адам мінезіндегі ең жарқын, ізгілікті құбылыс ретінде көкке көтере мадақтайды. Ал сараңдық ақын адам бойындағы ең жиіркенішті қасиет деп біледі. Жомарттық пен сараңдықты бір – біріне қарама –қарсы қосып суреттеу арқылы ақын «алланың нұры жауған» адамның бейнесін жасайды.
Өмірде жақсы мінез – «жомарт» деген,
Жаман ат «сараң», тәуір сөз ермеген.
Берген қол бәрінен де құтты болар,
Сол жаман – ала біліп, түк бермеген.
А.Иүгінекидің айтуы бойынша, жомарттық тұрған жерде алынбайтын асу жоқ, жылынбайтын жүрек жоқ. Ақын жомарт жандарды жан – жүрегімен тебірене жырлайды. Дастанның авторы үшін жомарт болу - әдеттегі мінез – құлық нормасы ғана емес, жомарттық жалғыз адамның ғана емес, бүкіл қоғамның имандылығын, адамгершілігін, мейірімділігін айқын көрсететін айна деп біледі. Сол себепті ақын адамдардың мінез – құлқын жақсарту арқылы оларды жомарт, әрі білімді ету жолымен бүкіл қоғамды да жақсартуға болады деп түсінеді.
«Ақиқат сыйы» дастанында «Алла кішіпейіл жанның абыройын асыратынын, тәкаппардың құтын қашыратынын», «дүниеқор жан ақырында марқұм болып қалатынын», «жақсы адам әрқашанда сабырлы болу керектігін» зор шеберлікпен жеткізген. [4,58-61]
А.Иүгінеки оқырманын сол заманның әдет – ғұрпын сақтап, түрлі заңдарын орындап отыруға, қара қылды қақ жаратындай әділетті болуға, әлсіздерге күш көрсетпеуге, кемтерларға қолғабыс тигізуге, ынсапты болуға шақырады. «Ақиқат сыйы» дастанында, сондай-ақ тәккапар, паң, өркөкірек жандарды жер – жебіріне жеткізе сынайды. Автор оқырманын қарапайым, момын болуға үндейді. Шығармада ақын тәкккапарлықты қарапайымдылыққа қарсы қойып суреттейді. Менмендік. өркөкіректік жақсы адамның табиғатына, мінез – құлқына мүлдем жат, адамды адамгершіліктен жұрдай қылатын қасиет деп есептейді. Менмендік, өркөкіректік жақсы адамның табиғатына, мінез – құлқына жат, адамды адамгершіліктен жұрдай қылатын қасите деп есептейді. Ал қарапайымдылық кез келген жанға жарасатын, оның бедел –мәртебесін асыра түсетін киелі қасиет ретінде бейнеленеді. «Қатты ашуын баса білген жанға адамдардың қатесін кешіре білген кісіге Алланың нұры жауады», - дейді ақын[4,61]
Адамға құт әкелетін мінездің бірі – сабырлылық, көнбістік деген пікір айтады:
Адамдық –бір биік үй мұнарасы,
Алқызыл алау өскен гүл арасы.
Бай мінез – сол гүл өскен жасыл алқап,
Сол үйдің не болмаса іргетасы.
Қожа Ахмет иассауидің «Диуани хикметін» адамды имандылыққа, ізгілікке жетелейтін құдіретті күш, айқын бағдарлама деуге болады. Ахмет Иассауи әрбір адамның қадір –қасиетін, өмірде алатын орнын, оның ішкі жан – дүние тазалығымен өлшейді. Адамның өз бойындағы ізгі адамгершілік қасиетінен жұрдай болуы сол кісінің имандылығына байланысты болып келеді.
Адам бойындағы имандылықтың ең басты көрінісі мейірімді, кешірімді, өзгелерге жанашырлықпен қарай болып табылады:
Қайда жүрсең көңіл жұмсақ, сыпай болғай,
Көре қалсаң мүсәпірлі сырлас болғай,
Машхар күні тәңірге жақын болғай,
Менменсінген халайықтан қаштым, міне.
«Ақыл кітабы» адамның ішкі жан дүниесінің түрлі теріс ой – пиғылдардан, жаман ниеттерден таза болуын талап етіп, Алла алдында пәк, кіршіксіз болуға шақырады:
Сыртын өңдеп, ішін түзеп ғалым болсаң,
Машхар күні қолыңды ұстар таңды барсаң[64,69],
Қожа Ахмет Иассау сопылық ілім туралы беріле айтып, оны шын мәніндегі білім деп таныды. Сопылықтың ұсақ – түйегін білмегендерді «надан», «жалған сүюші», «жалған сопы» деп есептеген.
«Менің асыл хикметімді жаны ауырмасқа айтпағын
Баға жетпес інжуімді құны білмеске сатпағын» деп жырлаған Иассауи сопылық философиялық жүйе ретінде адамдардың дүние танымының қалыптасуына үлкен ықпал жасайды.
М.Қашқаридің «Диуани лұғат ат – түрік» атты кітабында да оқу – білім туралы нақыл сөздері жиі кездеседі. Ол білім жолында жалғыз қасқа атыңды да құрбан етуден аянып қалма дейді. Сонымен бірге білім алуда қандай ауырлыққа тап болса да төз, сонда ғана таусылмас рухани байлыққа кенелесін деген ғибратты ой тастайды. Сол арқылы алған білімнің ізгілікке жұмсалатынына да тоқталады. Ол жоғарыда аталған еңбегінде білім туралы мынадай өлең жолдарын келтіреді.
Парасатпен жалықпастан үйренсең зор білімді,
Көрсетесің дандайсымай сынақта асыл сырыңды.
Білімдінің қасына бар күнде, балам, ерінбей,
Төмен тұрып үйрен толық тәкаппар болып көрінбей.
М.Қашқари өз шығармасында «жарлы- ғарып келсе, ықыласпен күтіп ал, тойғызып риза етіп шығарып сал» деп адам өмірінде жомарттықтың алатын орны үлкен екенін аңдатады. Дүниеқор болып, не өзі жемей, не өзгелерге бермей сараң болудан сақтандырады. «Егер кімнің көкірегі қараңғы болса, онда оны күштеп бай да, тоқта ете алмайсың» - дейді. Ақын рақымсыздық, әділетсіздік, мейірімсіздіктің түп тасы білімсіздік пен надандықтан шығатыны ескертеді.
«Диуанда» халықтың сол кезге дейінгі және сол дәуірдегі айтылған сөздері барынша мол қамтыоған және солардың дені – қазір қолданылып жүрген сөздер. «Тау таумен қауышпас, адаммен адам әрқашан қауышар», «Түйенің үлкені көпірден таяқ жейді», «айтылған сөз – атылған оқ», «Көрікті кісіге сөз ерер», «Басқаға ор қазба, оған өзің түсерсің», т.с.с. Сөздіктегі ғылым – білім, әдеп, тәлім – тәрбие, моральдық- психологиялық сипаттағы ой –пікірлер Әл Фараби, Ж.Баласағұн идеяларымен астастырылып жатады. Онда адамның кейбір жекелеген жаман қасиеттері: үниеқорлық. Қорқақтық, мансапқорлық, опасыздық, ездік) айыпталып, ерлік, ізгілік, әділдік, ақ ниеттілік секілді кісінің әр түрлі жақсы қасиеттері дәріптеледі, автор жастарды батыр, ержүрек, отансүйгіш болып өсуге шақырады. (К.Жарықбаев «Қазақ психологиясының тарихы»А.,1996 .40-бет). «Диуани» сөздері адамгершіліктің ережелерін түзеді. Адамның басқадан айырмашылығы оның бойындағы ең ізгі қасиеттерінде: ақылында, білімінде, әділдігінде, ізгілігінде деп түйеді. Дүниеқоңыздылыққа салынып, ішпей – жемей, бермей-кимей жиған мал – мүліктің еш қайырымы жоқ дей келіп, білімді, парасатты адам ізгі, қайырымды болады болады, ал қайырымдылық елде көп болса, ел жұрт тату – тәтті өмір сүреді. Жоқ – жітікке жәрдем береді деп уағыздайды. Мысалы:
Зиян болар, адамзат, артық бұйым,
Білімді адам не қылсын дүние жиып.
Дүние мүлік ерлердің пейілін алады,
Дүниеқор адам естерінен танып қалады.
Ақылды адам тәккаппар болмас,
Ақылсызды мақтасаң, есінен жаңылар.
Білімдіден ақыл ал, асыл сөзді ұғып ал, бойыңа сіңір.
«Диуандағы» көркем сөз үлгілері алуан түрлі. Бір алуан өлең –жырлар түркі елінің ең көне ортақ мұрасы – орхон-Енисей жазуындағы Күлтегін ескерткіштерімен де жалғасып жатыр. Мұнда көне түркі ұлыстарының ерлік жорықтарында көптеген жеңістерге ие болғандықтарын мақтанышпен жырлайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет