Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру (әдістемелік – көмекші құрал) Алғы сөз



бет27/28
Дата04.11.2023
өлшемі379,5 Kb.
#121891
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Байланысты:
гылыми лицензия

ҚОРЫТЫНДЫ
Тәрбиенің түпкі мақсаты – шәкірттің рухани өсуіне жол ашу, ал рухани өсу дегеніміз – кісілік қасиетін дамыту, дүниетанымын кеңейту, саналы өмірге араласу сезімдерін қалыптастыру, себебі ел санатымен танылады, ұрпағымен жалғасады. Міне, осы тұрғыда «қазақ даналығы – тәрбие көзі»деуге болады.
Біз еліміздің білім жүйесін құруді қазақтың қасиетті қара шаңырағын көтерумен, алты қанатты ақ ордамызды тіккенменн парапар деп түсінсек болар еді.
Ең алдымен, оның іргесін, керегесін биік те орнықты етіп құра білуіміз керек және дәстүрдегідей қасиетті туған жердің кіндігіне қадалып тігілуі тұрмаққа керек. Ақорданың алты қанатын халқымыздың

  • тілінен

  • тарихынан

  • ділінен

  • рухани бастауларынан

  • салт – дәстүрінен

  • мәдениетінен құрастырған абзал. Ақорда шаңырағының биік және шайқалмайтын болуы, оның осы алты қанатының еңсесінің түзу, құрамының дұрыс болып құрылуына байланысты болмақ.

Данышпан бабаларымыз әл Фараби баланы дұрыс тәрбилеу үшін мынадай үш шартты күні бұрын дәйектеп алу қажет екенін айтады:

Ж.Баласағұн «Адамға екі-ақ нәрсе тірек тегі, бірі – тіл, -бірі – ділі жүректегі» деген екен.
Біздің ойымызша, ең бастысы баланың табиғи болмысының, мөлдір бұлақтарының көзін ашып, жүрегіне от, талабына нұрберуге ұлттық тілін, дүниетанымын, мәдени сана – сезімін, сәулелі зердесін, рухани таза ой - өрісін еліне, жеріне, адамдарға деген сүйіспеншілік сезімдерін, эстетикалық талғамдарын жоғарыда аталған алты бастау аясында орнықтыруға бағытталуы тиіс. Сонда ғана баланың тұлғалық қасиеттері мен қабілеттері дұрыс және орнықты қалыптасып, оның әрі қарай өздігінен және еркін дамуына жарқын жол ашатын болады.
«Ұрпағы білімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды» дегендей жас ұрпаққа саналы, мән –мағыналы, өнегелі тәрбие мен білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет