Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет37/48
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19285
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48
Байланысты:
1410319942356 (1)

Қорытынды

1. Бастауыш мектеп оқушысы тұлғасының пәндік білім, білік, дағдыларын

әлеуметтік-қоғамдық ортада  кез  келген  жағдаятқа  сәйкес  еркін қолдана  алу

мүмкіндіктерінің  қалыптасқан  жүйесі оның функционалдық сауаттылығының

қалыптасқандығын танытады.

2. Бастауыш  мектепте  оқылатын  оқу  пәндері  арқылы  функционалдық

сауаттылықты  дамыту үдерісінде  ойлау  дағдыларын қалыптастыру  пәндік

білім, ептілік және дағдыларға сүйене отырып жүзеге асады.

3. Бастауыш  мектепте  оқылатын  оқу пәндері мен оқу

іс- әрекеттерін

меңгеруде білім,  ептілік,  дағдының  құзыреттілікке айналуы  оқушының

функционалдық сауаттылығының    қалыптасу үдерісінің жүріп  жатқанын

танытады.

4. Бастауыш  мектеп  оқушыларына

оқыту  мен  тәрбиелеу  нәтижесі

оқушылардың алған  білімдерін өмірде,  тұрмыс- тіршілікіте қолдана  алуына

бағытталуы - білімнің білікке,  біліктің  қолдана  білуге ұласуының бірден-бір

кепілі болып табылады.

5. Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру қазіргі  таңда  оқыту

жүйесіне қойылып  отырған әлеуметтік  сұраныс  талаптарымен  сай  келу үшін

бастауыш  сыныптардан  бастап  оқушының

оқу,  жазу  сауаттылығын,

жаратылыстану ғылымындағы  сауаттылығын,  математикалық сауаттылығын,

компьютерлік 

сауаттылығын, 

денсаулық

мәселесіндегі 

сауаттылықты,

құқықтық сауаттылығын қалыптастыруға  бағытталған  арнайы  жұмыс  арқылы

оң нәтижелерге қол жеткізуге болады.



Мектеп  оқушыларының функционалдық сауаттылығын  дамыту үшін

білім беру жүйесінде басшылыққа алынатын нысандар анықталды:

білім  беру  мазмұны  (ұлттық стандарттар,  оқу  бағдарламалары);



оқыту нысандары мен әдістері;

• білім  алушылардың оқудағы  жетістіктерін  диагностикалау  мен  бағалау

жүйесі;

• мектептен тыс, қосымша білім беру бағдарламалары;

• мектепті  басқару  моделі  (қоғамдық-мемлекеттік  нысан,  мектептердің

оқу  жоспарын реттеудегі дербестігінің жоғары деңгейі);

• барлық мүдделі тараптармен әріптестікке негізделген достық қалыптағы

білім беру ортасының болуы;

• ата-аналардың балаларды  оқыту  мен  тәрбиелеу  процесіндегі  белсенді

рөлі.


6.  Функционалдық сауаттылықты  жүзеге  асырудың тетіктері  анықталды:

(оқытуәдіснамасы  мен  мазмұнын  түбегейлі  жаңарту;  оқыту  нысандары  мен

әдістері;  оқу  нәтижелерінің бағалау  жүйесін өзгерту; қосымша  біліммен  және

мектептен  тыс  сабақтармен қамтуды  жатқызады;  мектепті  басқару  моделі

(қоғамдық-мемлекеттік  нысан,  мектептердің

оқу  жоспарын  реттеудегі

дербестігінің жоғары  деңгейі);  барлық мүдделі  тараптармен әріптестікке

негізделген  достық  қалыптағы  білім  беру  ортасы;  ата-аналардың балаларды

оқыту мен тәрбиелеуге белсенді қатысуы;).



53

7. Оқушының

функционалдық

сауаттылығын

қалыптастыру   біртұтас

әдістемелік жүйенің жасалуын талап етеді. Ол білім берудің мақсатынан бастап

оқытудың түпкі нәтижесіне дейінгі аралықтағы компоненттердің бірлігі арқылы

жүзеге  асады.  Сондықтан  мақсатқа қол  жеткізудің басты құралы  саналатын

білім  мазмұны  оқушының функционалдық сауаттылығына  негізделіп,  сынып

сайын күрделендіріліп отыру керек

8.  Бастауыш

мектеп  оқушыларының

функционалдық сауаттылығын

қалыптастыруда қатысымдық, рөлдік  ойын,  дара  тұлғаға  бағдарланған  оқыту

және  сұрақ-жауап әдістері  арқылы  жүзеге  асатын  жағдаяттық тапсырмалар,

рөлдік  ойындар, сұқбаттық тапсырмалар, құзыреттіліктерді қалыптастыратын

тапсырмалар арқылы  кешенді жүргізудің тиімділігі жоғары болады.



54



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет