Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру


Бастауыш сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығы



Pdf көрінісі
бет35/48
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19285
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48
Байланысты:
1410319942356 (1)

Бастауыш сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығы

Оқушыларға 

берілетін

құқықтық


білім 

беру 


жүйелі, 

мақсатты


оқушылардың  құқықтық мәдениетін  тұлғаның дамуының деңгейін  көтеруге

бағытталған болуы  керек.

Оқушылардың  құқықтық

сауаттылығы  келесі

әрекеттер  арқылы

қалыптасады:



құқықтық білімді  меңгеруі, әлеуметтік құқықтың мәнін

түсініп, әлеуметтік құндылық ретінде қабылдауы,  тұлғаның  құқықтық

тәртібінде көрініс табады.

Құқықтық тәрбиенің мақсаты тұлғаның  құқықтық санасы  мен  мәдениеті

ғана  емес,  сондай-ақ барлық  құқықтық  қызметінің негізгі  бағыттарын  түсіну,

құқықтық сауттылықты қалыптастыру үдерісінің сапалы  жүзеге  асуына  негіз

болады.  Осыған  орай, Қазақстан  Республикасының Ата  Заңының  1 бабында:

«Қазақстан  Республикасы өзін  демократиялық, зайырлы, құқықтық және

әлеуметтік  мемлекет  ретінде  орнықтырады;  оның ең  қымбат қазынасы – адам

және  адамның  өмірі, құқықтары  мен  бостандықтары»  деп  көрсетілгендей

мемлекеттің  үлгілі  азаматына  тән  тұлғаны

қалыптастырып,  жетілдіру

құқықтық тәрбиенің көкейкесті мақсаты.

Қазіргі  заман  талабына  сай құқықтық тәрбие үдерісі  келесі  мақсаттарды

көздейді:

- оқушының  құқықтық білімін  жақсарту  (құқықтық  ұғыну, өз құқықтары

мен бостандықтарын, міндеттерін білу, заң күшіне сену т.б.);

- тәрбиеленушінің  құқықтық санасы  мен  мәдениетін қалыптастырып,

дамыту  (заң нормаларына қарсы әрекеттер  жасамау, құқықтық білімін

жетілдіру,  басқа  азаматтар  мен  адамдардың  құқықтары  мен  бостандықтарын

сыйлау, заңды міндеттерін орындау).

Оқушыларға қазіргі қоғамның  қарым–қатынас  заңдылықтарын  терең

ажырататын құқықтық сана, құқықтық мәдениет қажет.  Тәлім – тәрбиелік

мәселелердің барша  табиғатына үңілсек,  тіршіліктегі  сан  алуан қолданбалы

мәні зор әлеуметтік нормаларды – тарихи құқықтық жүйенің қайнар көзі немесе

құқық ғылымының негізі деуге болады.

Осы  мәселеге байланысты бастауыш  сынып  оқушыларына ғасырлар бойы

сұрыптала  жинақталып,  жүйеге  түскен ұлттық дәстүр,  салт-сана, әдет-ғұрып,

ұрпақтан – ұрпаққа  біртіндеп  жалғасатын  адамгершілік  туралы  т.б. әлеуметтік

нормалар мен принциптер туралы сыныптан тыс жұмыстар өткізу ұсынылады.

Жалпы әлемдегі  даналардың, кемеңгерлердің, шешендердің тіпті өзіңнің ата-

анаңның да  айтқан ұлағатты  сөздерінің бәрі құқықтық  әлеуметтік  мәнге  ие

екенін басты бағдарда ұстау қажет.

Құқықтық тәрбие  сан қырлы  күрделі үдеріс,  бұл  жалпы  және  арнаулы

шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды. Бастауыш мектеп оқушысын қоғамдық



49

пайдалы тәртіпке, құқықтық санаға негізделген әлеуметтік белсенділікке жетуі

тәрбие процесінің басты мақсаты болуы тиіс. Адамдықтың белгісі — адамның

жаны  мен  тәнінің сапалық, сандық жағынан  елеулі өзгерістерге  түсуі.

Бастауыш  оқушысының  қоғамдық белсенділігі  артады,  сана-сезімі өседі,

психикасы  шыңдалып,  нығая  түседі.  Ол қоғамнан өз  орнын  табуға  тырысады,

өзін қоршаған  ортаға  сын  көзбен қарай  бастайды.  Бұл  жастағыларда өзін-өзі

бағалауға  ынталану,  рухани өмірге қызығу, қоғам  мен  жеке  бас  турасындағы

ойлар  адамгершілік  идеялар  кемеліне  келе  бастайды.  Осы  кезде  мұның  өзі

адамның күшті,  епті,  ширақ, оңтайлы  болып өсуіне  және  оның түрлі әдіс-

тәсілдерді,  арнаулы

құқықтық


ережелерді  бұзбай,  кедергілерді  жеңіп

үйренуімен де тығыз байланысты.

Жастарға құқықтық тәрбие  беру, қоғамдық  қарым-қатынастағы  заңдық

және әлеуметтік мәселелердің саяси мәнін жан-жақты, әрі терең түсінуіне негіз

жасайды.  Бұл  тәрбиеленушінің көзін  жеткізуге  сендіруді  көздейтін  мақсатты

қызмет.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет