Оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру



Pdf көрінісі
бет8/48
Дата07.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#19285
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48
Ақпарат құрылымы мен  оны оқып- танысу тәсілін игеруі

1. Мәтінмен  жұмыс  істеу  мақсатын  анықтап,  мақсатқа  жету  жолын

жоспарлап, өзбетінше мәтінмен танысып, мазмұнын түсініп, мәтінді мағыналық

бөлімдерге  бөледі,  мәтінді  автордың жазу  мақсатына  сай  негізгі  ойды

анықтайды,  мәтін  мазмұны  бойынша  сұрақтар қоя  алады,  логикалық және

мағыналық байланыстарды  көре  алады,  мәтінді қорытындылап,  жалпылай

алады.

2. Мәтін  барысында  анықталған  оқиға  желісіне  байланысты  мағынанық



ойларды анықтап, оларды бір бөлімге біріктіре алады.

3. Мұғалім  басшылығымен  анықталған  ақпараттың маңыздылығына  баға

бере алады.

4. Мәтін  тақырыбының мақсаты,  тақырып  бойынша  сұрақтардың, оқу

нәтижесімен,  басқа  зерттеу  көздерінен  түскен  ақпаратпен  ара - қатынасын

сыныптастырымен бірге ақпаратты синтездей алады.



Мәтінмен  жұмыс  нәтижесіне  байланысты қорытынды  ойды  жазба

түрінде жаза алу тәсілдерін игеруі

1. Өздігінен жазбаша түрде мәтіннің қарапайым не күрделі жоспарын құра

алуы.

2. Сыныптастарымен 



бірге

оқыған 


мәтін 

мазмұнына 

байланысты

графикалық кескін немесе сурет, сызба түрінде сипаттай білуі.

3. Мұғалім басшылығымен мәтінді игеру алгоритімін құра алуы.

4. Негізгі  мәтін  мазмұнымен    графикалық кескін  немесе  сурет,  сызбаның

ара - қатынасын анықтай алады.

5. Мұғалім  басшылығымен  бір  тақырыппен  жазылған әртүрлі  мәтіндерді

салыстыра алады.мәтін мазмұнына орай сұрақтарды құрай алуы.

Таныс мәтінді еске түсіре отырып,  талдай алу білігі

1. Ауызша    мәтін  бойынша  сұрақтар  жүйесін,  негізгі  ойды қысқаша

сипаттап, баяндай алуы.



11

2. Мәтін  мазмұнын,  оқылған  ақпаратты  жоспар,  сызба  бойынша  кең

көлемде баяндай алуы.

3. Сыныптастарымен  бірге  мәтін  мазмұнының кейіпкерлері  бейнесінде,

мұғалім  немесе  сыншы  көзқарасымен  шығармашылық тұрғыда  мазмұнын

баяндай алуы.

4. Тақырыптары ұқсас  мәтін  мазмұндары  бойынша  оқытылған  мәтін

кейіпкерлер  бейнесін  салыстыра  отырып, өздігінен  мысалдар  келтіре  алуы,

жалпы тақырып құрылымына қолдана алуы.

Оқу әрекеті  нәтижесі  мен  оқу үдерісін  бақылау,  баға  беру  тәсілдерін

игеруі

1. Атқарылған әрекетті үлгіге сай өздігінен бақылай алады.

2. Өздігінен шамасы келмейтін іс- әрекетті анықтап, көрсете алады.

3. Іс- әрекеттегі қателіктерді таба алады.

4. Сыныптастарымен бірге бақылауды қажет ететін әрекет түрлерін жұмыс

жоспарына ұсына алады.

5. Сыныптастарымен  бірге  шағын  мәтіндерді  түсінгенін  тексеру үшін

қажет тапсырмалар мен сұрақтарды құра алады.

6. Сыныптастарымен  бірге  мақсат,  міндет,  жоспарға  сай  оқу әрекетінің

сәйкестігін анықтай алады.

7. Тапсырмалар  нәтежиесіне  жету үшін  алдын  ала    бақылау  тәсілдерін

қолдана алады.

8. Бақылау нәтижелеріне орай оқу – әрекетіне деген өз қатынасын өзгерту.

9. Мұғалім, 

сыныптастарымен 

бірге


өзін

қызықтыратын 

зерттеу

тақырыптарын құру.

10. Өздігінен оқу тапсырмаларын орындау мақсатына жету үшін жағдайы

мен өлшемін бағалай алады.

11. Әртүрлі тапсырмаларды бағалау түрін анықтауға қатысады.

12. Өз ойы мен әрекетін сырттай бақылай алады.

13. Еске сақтай алуын бағалай алады.

М.А.  Холодная  зертеуінде  жалпы  білім  беру  процесін  реформалауда  екі

базалық  ұғымды  анықтауға  болатындығын,  олар  «түйінді құзіреттіліктер»  мен

«функционалдық сауаттылық»  ұғымдары  екені  атап өтті.  Аталған ұғымдар

оқытудың нәтижесі  және  білім  мазмұны  бағдары  ретінде қарастырылады.  Ол

нәтижелер оқу әрекетінде, ақпараттық қолдануда, шығармашылық іс -әрекетте,

спорттық жетістікте,  еңбек

әрекеттері  нәтижелерінде  көрініс  табатынын

қарастырды.

«Түйінді құзіреттілік» ұғымына терминдік  тұрғыда үңілсек    ағылшын

тілінен  еніп, competencе «құзыреттілік»,  «құзырлылық» деген  екі  мағына

береді.  Ал құзыреттілік ұғымы қабілеттілік,  біліктілік  деген  мағына  берсе,  ал

құзырлылық ұғымы іс- әрекет барысындағы құзіреттілік мағынасын береді. Ал

заңдық термин ретінде «құқықты» деген мағына береді. Түсіндірмелік сөздікте

«құзыреттілік»,  «құзырлылық»  ұғымдары  жетістікке,  немесе  жетістікке

жетемін, сәйкес келемін, сай келемін деген мағына береді.




12

Сонымен қоса М.А.  Холоднаяның пайымдауынша  «функционалдық

сауаттылық» пен  «түйінді құзіреттілік» ұғымдары  табысты өмір  сүріп,  білім

алуды  жалғастыру үшін  оқушы  игеруі  тиіс  сапалық  қасиеттер  ретінде

қарастырылады.  Себебі  адам өмірлік,  кәсіби қызметтегі,  жанұялық  өмірдегі,

әлеуметтік  саладағы    түрлі    жетістіктерге  жету үшін  оқушы  бойында  келесі

түйінді құзіреттіліктер қалыптасуы  тиіс  деп  есептейді:  «автономдық  әрекет»

(өзбетінше әрекет  ету  мен  жеке  белсенділік),  «құрал қолдану»  (  физикалық,

әлеуметтік,  тіл,  техникалық т.б.),  «Әртүрлі  деңгейдегі әлеуметтік  топтарда

әрекет ету» (толеранттық таныту, адамдармен біріккен әрекетке дайын болу).

Сонымен қоса  М.А.  Холодная  «функционалдық сауаттылық»  ұғымының

оқу  нәтижесі  ретінде қолданылуымен қоса    келесі  айырмашылықтарын  атап

өтті.  Олар:  1)  тұрмыстық мәселелерді  шешу  бағытында;  2)  жеке  тұлғаның

әлеуметтік жағдайдағы өзін ұстауының сипаттамасы; 3) дәстүрлі, стериотиптік

міндеттерді  шешудің байланысы;    4)  оқу  және  жазу  дағдысы  деңгейінің

элементарлық базалық деңгейі; 6) сауаттысыздық мәселесін  аз уақыт бірлігінде

шешу  мағынасында қолдануы.

С.Г.  Вершилинский  мен  М.Д.  Матюшкина  «функционалдық сауаттылық»

ұғымын  мектеп  түлектерінің сауаттылық көрсеткіштері  ретінде қарастырады:

Жалпы  сауаттылық  (шығарма,  реферат  жазу;  калькуляторсыз  санау,  анкета,

бланк  толтыра  алуы),  ақпараттық сауаттылық  (желіден қажетті  мәліметті  таба

алуы, электрондық поштамен хат алысу, мәтін теру мен шығару),

Жоғарыдағы  ойларды  түйіндей  келе  бастауыш  білім  беру  сатысы

қарапайым  функционалдық

сауаттылықты

қалыптастыруға  бағытталған.

Бастауыш саты кіші мектеп жасындағы оқушының функционалдық сауаттылық

пен


әлеуметтік

құзіреттіліктің  қарапайым  дағдылары  мен

қабілеттерін

қалыптастырудың негізін салады. Осыған орай қарапайым сауаттылық оқу мен

санаудың ауызша  және  жазбаша  тілін, әлеуметтік әрекеттерді  (адамдармен

қарым-қатынасқа  түсу  дағдысы,  біріккен әрекетті  жүзеге  асыру, қоғамның

талаптарына сай өзін - өзі ұстау) дағдылары қалыптасады.

Қоғам  бастауыш  сынып  мұғалімі  алдына  кіші  мектеп  оқушысы  тұлғасын

дамытуды қамтамасыз  ету  шартын қояды.  Ондай  міндеттерді  шешудің  құралы

болып  оқу әрекеті  жатады.  Оқушының функционалдық сауаттылық пен

әлеуметтік

құзіреттіліктің 

қарапайым 

дағдылары 

мен

қабілеттерін



қалыптастыруда  бастауыш  білім  беру  сатысының мақсат  пен  міндеттерінің

басымдығын  анықтау  шарты - осы  жастық кезеңнің психологиялық даму

заңдылығын  есепке  алынуы, қойылған  мақсаттың  қол  жетімді  болуын

қамтамасыз 

етеді.

Осыған 


орай 

бастауыш 

сынып 

оқушыларының



функционалдық

сауаттылығын

қалыптастыруда 

олардың


жастық

ерекшеліктеріне мән берілуі керек.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет