Сабақтың барысы
I Ұйымдастыру кезеңі
Оқулық, қалам, дәптер ал.
Сабақта керек ол құрал.
Досыңдай сенің күн күліп,
Жаныңда тұрсын күнделік.
а) конверттегі тапсырмаларды орындай отырып, оқушыларды топқа
бөлу.
ә) Абайдың жыл мезгілдеріне жазған өлеңдерін жатқа оқу.
ІІІ Үй тапсырмасын сұрау
Ә. Жангелдин.«Амангелді Иманов туралы естелік».
а) мәтінді бірнеше бөлікке бөліп, мүсіндеп
(батырды),оны мазмұндап береді(пластелинмен жұмыс).
ә) диафильм құрастырып, сурет бойынша мазмұндап береді.
Сурет дәптерінің қағазын 4-ке бүктейді, ол 4 кадр(титр),
соған сурет салады.
Б) Әңгімелеу.( Мазмұнын айтып беру)
IIІ Жаңа сабақ
1. Ой қозғау
Балалар, қазір кинофильмнен үзінді көрейік.
Осы фильммен таныссыңдар ғой.
-Бұл фильм қалай аталады?
-Жетімдер.
-Егер екі бала туралы емес,бір ғана бала туралы оқиға болса қалай аталар еді?
- Жетім.
Қане, көздеріңді жұмып, денелеріңді тік ұстап, қолдарыңды тізелеріңе қойып,
осы түйін сөз төңірегінде өз ойларыңды жүйелеп көріңдерші. Көздеріңді
58
ашыңдар. Осы «Жетім »деген сөзді индуктор етіп алып, соның төңірегінде ой
қозғап көрейік.
а)
Ешкімі жоқ.
Оны бәрі аяйды.
Әке-шешесі
Қорғанышы
жоқ
« Жетім»
жоқ
Ол қиындық
Оған ешкім көмек
көреді бермейді
Кейбіреулер оны ренжітеді.
- Осы сөзді естігенде жүрегіңе қандай сезім ұялайды?
-Аяушылық, көңілсіздік, қорқыныш сезінеміз.
Ой шақыру жұмысы жүргізіледі. (М.Әуезов-портрет.)
ә)
Бұл кім?
Жазушы
Халыққа танымал адам
Драмматург
Абайтанушы ғалым
М.О.Әуезов
Әлемге танымал адам
Кеменгер
Ақыл мен пасат иесі
Ұлт мақтанышы
- Балалар, осы ой толғаныстан кейін біздің бүгінгі сабақтың тақырыбы
қандай деп ойлайсыңдар?
- М.Әуезовтың «Жетім әңгімесі»
Онда мен сендерге осы әңгімеден үзінді берейін, оқып танысыңдар.
2. Мәтінмен жұмыс.
а) Оқушылар алдарындағы қағазға басылған әңгіменің 1-3
бөлімдерімен танысады.
Оқушылар әңгімені өздігінен оқып шығады.
Оқу барысында түртіп алу әдісімен сөздік жұмысына
дайындала отырады.
ә) Мына екі түске назар аударыңдар
Достарыңызбен бөлісу: |