61
Б Қосымша
3-сынып
«Математика» пәні
Сабақтың тақырыбы: 1000 көлеміндегі сандар нумерациясын қайталау
Ауызша қосу және азайту тәсілдері
Сабақтың мақсаты: 1000 көлеміндегі сандар нумерациясын қайталау,
сандарды оқу, жазу, салыстыру дағдыларын дамыту; ауызша қосу мен азайту
дардыларын бекіту; құрама есептерді шешу тәсілдерін қайталау; логикалық
ойлауды дамыту.
І Ұйымдастыру кезеңі
Сабақтың психологиялық дайындық кезеңі: балалар партаға бастарын
қойып, көздерін жұмып, мұғалімнің
сөзін
қайталайды:
Мен мектепте
сабақтамын. Мен қазір сабақ оқуды бастаймын. Менің зейінім артып келеді.
Есте сақтау қабілетім мықты. Менің миым анық ойлайды. Жұмыс істеуге
дайынмын.
Достарыңызбен бөлісу: