Әлеуметтік және ғылыми проблемаларды шешу білім алушылары үшін өте жауапты және күрделі әрекеті. Білім алушы оқу ордасында мамандығына байланысты алған білімін өмірін қорғау мен денсаулығын сақтау үшін қолдану-білім алу сапасының ең жоғары көрсеткіші. Баланың қоршаған ортасында әлеуметтенуі, өмірлік маңызы бар әрекеттерге пайдасын тигізіп, маңыздылығын танытуы аса қажет.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімі жоғарыда аталған арнайы пән мазмұнын аталған бөлімде анықталған тақырыпта меңгеру арқылы Суды қорғаудың маңыздылығын түсіне отырып, оның ластануының себебін анықтап, мәселені жою жолдарын ұсынуы және тәжірибе жүзінде айналысуы білімді меңгеру деңгейінің ең жоғары дәрежесі деп санаймын.