Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай танымдық Қабілеттерін арттыру



бет14/22
Дата06.01.2022
өлшемі7,17 Mb.
#12687
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22
Қорытындылау.

Балалар бүгін біз сабақта немен таңыстық?

Бүгінгі сабақта не білдік?

Не үйрендік?

Балалар, бүгінгі сабақта сендерге не ұнады?

Мадақтау, бағалау.



 Сабақтың тақырыбы: 3 санын қосу кестесі
Сабақтың мақсаты:
1. Өткен сабақтарда игерген оқушылардың білімін, икемін, машығын пысықтау, 3 санын қосу кестесін түсіндіру.
2.Ойын арқылы ойлау, танымдық қасиеттерін дамыту.
3. Адамгершілікке, достыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас, ойын сабақ
Сабақтың типі: жаңа білімді қалыптастыру
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа әзірлік (топқа бөлу)
ІІ. Өткенді қайталау
1) Алдыңғы сабақта не өттік?
Енді «миға шабуыл» стратегиясы арқылы ойымызды жинақтайық.
Мұнда біз «кім жылдам?» ойынын ойнаймыз. Сандардың арасына «+», «-» таңбасын қойып, өрнектерді теңестіру.
І - топ II - топ
3 2=5 5 2=7
4 1=3 4 2=2
2 2=0 2 1=1
2. Сандар құрамымен жұмыс «Үйшікке адамдарды орналастыр» ойыны

2) Сурет бойынша есеп құрастыру

ІІ. Жаңа сабақ

1) 3 санын қосу кестесін құру

«Домино» ойыны арқылы 3 санын қосу кестесі

2) Оқулықпен жұмыс.

1 - Тапсырма «домино» тастарынан өрнек құру, мәнін табу. Қосу мен азайту қандай амалдар?

3). Сергіту жаттығулары

Орнымыздан тұрайық,

Алақанды соғайық

Бір отырып, бір тұрып,

Орнымызды табайық.

ІV. Түсініктерін тексеру.

Кестені толтыру.

2) Өздік жұмыс. №4

9 - 2  8+2 8-5 3-2

8 – 2 5+3 9-3 8-8

10 – 2 6-2 4+2 10-6

3) логикалық тапсырмалар: Кім шапшаң?

1. Екі баланың аяғы нешеу?

2. Үш сиырдың мүйізі нешеу?

3. Төрт қойдың басы нешеу?
IV. Бекіту: ББҮ әдісі.


  • Бүгін біздер қандай санды қосып, азайттық?

  • Қандай тапсырмалар орындадық?

  • Саған қандай тапсырма ұнады?

V. Мадақтау: Енді сабақ барысында жинаған сыйлықтарымызды санаймыз. Кім көп сыйлық жинады екен? Сол бойынша оқушылардың білімдері бағаланады.
Тақырыбы: 1 - 20 дейінгі сандар

Мақсаты: 1. 1 - ден 20 - ға дейінгі сандар туралы алған білімдерін жинақтау, қорытындылау,

Білімділік: 1 - ден 20 - ға дейінгі сандарды тура және кері санауды пысықтау. Есту барысында сандарды ажырата білуге жаттықтыру.

Дамытушылық: Балалардың ой - өрісін дамыту, ойын арқылы ойлау қабілеттерін арттыру

Тәрбиелік: Балаларды үлкенді сыйлауға, тілін алуға, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу

Құрал-жабдықтар: компьютер, интерактивті тақта

Әдіс - тәсілдері: сұрақ - жауап, көрнекілік, логикалық есептер, санамақтар

Оқу іс – әрекетінің барысы

І. Ұйымдастыру: 1. Балалар хормен:

Үлкенге де сіз,

Кішіге де сіз,

Барша адамды құрметтеп

Бас иеміз біз.

2. Балалардың назарын сабаққа аудару.

Балалар, біз бүгін ертегілер әлеміне саяхатқа шығамыз. Саяхатқа пойызбен шығамыз.

Балалар, біз қандай сандармен таныстық?

- Вагон сандары ретімен тіркелген бе?

- Онда ретімен тіркеп алайық.

- Енді вагондарды ретімен санайықшы.

- Енді кері санайық.

- Вагондар саны нешеу екен?

- Енді тақтадағы вагондарымызды ретімен қойып шығайық.

ІІ. Жана сабақ.

Қызығушылықты ояту

1, 2, 3

Сынып іші тып - тыныш

Жалқаулықты тастаймыз

Сабақты біз бастаймыз!

Дәптермен жұмыс.

1 тапсырма. Қалдырған сандарды жаз. Әрбір екінші жапырақты сары түспен боя.

2 тапсырма. Әр ыдысқа бір қарындаштан қос. Әр ыдыста неше қарындаштан болады?

Мына екі ыдыстағы қарындаштарды бөліп салайық және екі ыдыстағы қарындаштарды тағы қалай өзгертіп салуға болады? Мысалы: 3+2=5

4+1=5

2+3=5


3 Сергіту сәті.

4 Балалар сергіп алдық қой, енді ауызша есептер шығарайық. Мен жасырым, сендер жауабын айтасыңдар.

- Екі балапан тұр,

Екі балапан отыр.

Шатаспай тез ойлансаң,

Барлығы қанша балапан?

(төрт)

- Пісіп тұрған төрт алмұрт,



Қызығатын көрген жұрт.

Екі алмұртты бұтақтан,

Алып жеді Мұратқан.

Қанша қалды алмұрттан?

(екі)

- Бес алманың үшеуін,



Досың сұрап алды.

Айтшы, сонда нешеуі,

Өз қолыңда қалды?

(2)


- Тал бойында тізіліп

Бес жапырақ тұр еді.

Жел соқты да үзіліп,

Ұшып кетті үшеуі.

Ілініп тұр әлі

Жапырақтың нешеуі?

(3)

- Табақта төрт өрік,



Қолымда бір өрік.

Қосқанда барлығы

Болады неше өрік?

(5)


- Алма ағашта бес алма,

Қандай тәтті жесе алма.

Бесеуін де жеп қойсам,

Қалады сонда неше алма?

(0)

Алғашында күнара,



Қонушы еді бір ара.

Бүгін төрт туысын

Ертіп кепті бұл ара.

Келіп қонды неше ара?

(5)

5 «Ұяшықтарды таңдайық» д/қ ойыны



ІІІ. Қорытындылау

«Көршісін тап» ойыны.

Енді балалар, мына сандарды ретімен кім орналастырады?

Бұл сандарды тура, кері кім санайды?

Сандардың көршілерін тауып көрейік.

ІV. Мадақтау





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет